Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ішкі істер музейіне барсаңыз...

1131
Ішкі істер музейіне барсаңыз... - e-history.kz

ҚР Ішкі істер министрлігінің музейі астанамызда 2000 жылдан бері бар, бір кезде Алматыда жинақталған материалдар мен экспонаттардың мол қорына толы. Музейге келген адамдарға ішкі істер тарихына қатысты қызықты мағлұмат беріп, жәдігерлер жайында сыр шерту үшін алдымен сол адамның өзі музейді жақсы көруі керек. Ал ҚР ІІМ музейінің меңгерушісі, әскери қызметші, отставкадағы майор Сатмағанбетова Алмагүл Нұрхамитқызы сондай, музей жұмысын жақсы көретін, өз ісіне берілген адам.
 

Музей меңгерушісі  Алмагүл Нұрхамитқызының айтуынша,  Ішкі істер министрлігі музейінде екі мыңға жуық жәдігер, маңызды экспонаттар, фотодеректер бар. Оларды кеңес одағы кезіндегі милиция қызметкерлері мен тәуелсіз Қазақстан полициясының ерліктері мен батылдығын дәлелдейтін материалдар деуге болады. Кезінде кеңес милиционерлері қолына ұстаған қару-жарақтар, ҰОС қатысқан ардагерлердің орден-медальдары да бар.  Сондай-ақ, қылмыскерлердің қолынан алынған қолдан жасалған қарулар бұрышы да жасақталған.

«Жұмысым өзіме ұнайды. Сапта тұрған қызметкерлердің бойына ерлік патриоттық сезім қалыптастыру, сонымен қатар, сырттан келетін азаматтық тұлғаларға, студенттік жастарға, оқушыларға тәртіп сақшылардың жауапты және қиын қызметіне құрметпен қарауға ықпал етуге тырысамын.Тек жеке құрам ғана емес, жалпы қатардағы азаматтар үшін де арнайы кесте жасап, экскурсия жүргізудегі басты мақсатым – келген адамдар полиция қызметінің қаншалықты қиын әрі қауіпті мамандық екенін сезініп, полиция құрамында соған лайық, халықтың қауіпсіздігі жолында жанын қиятын полицейлер жұмыс істейтіндігін біліп, кеудесінде заң мен құқық қорғау саласындағыларға деген зор құрметі оянса деймін»  дейді музей меңгерушісі ағынан жарылып. 

Жалпы ішкі істер саласында қызмет істейтін әйел заты аз емес. Олардың кейбіреуін бала шақтағы арманы жетелеп келсе, кейбіреуін тағдыр айдап келеді. Жалпы бұл саладағы әйел адамдар жұмысқа тиянақты, жауапкершілігі жоғары, аса мұқияттығымен ерекшеленеді. 2013 жылы майор шенінде демалысқа шығып, бір жылдан кейін ішкі істер органына ғылыми қызметкер ретінде қайта шақырылады. Ішкі істер органының тарихына құрметпен қарайтын Алмагүл Нұрхамитқызы кезінде «Полиция кз.» журналындағы «Музей хабары» айдарына музей қорынан алып, архив материалдары негізінде мақалалар дайындап отырған. Ішкі істер органдарындағы маңызды оқиғалар, сирек жәдігерлер туралы айтылатын сол мақалалардың оқырмандары да аз болмаған. «Әйел-аналар мерекесі қарсаңында барлық аналарды мерекемен құттықтай отырып, әсіресе, органдарда қызмет істейтін погонды қыз-келіншектерге әруақытта соған лайық болса екен деймін» дейді біздің кейіпкеріміз.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?