Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Майда қоңыр»

2067
«Майда қоңыр» - e-history.kz

Әйгілі ақын, әнші, сазгер Ақан сері Қорамсаұлы – «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Мақпал», «Балқадиша» сынды көптеген әндерімен көңілді балқытып, құдіретті өнермен сұлулықты жырлап, қазақ қыздарының образдық галереясын жасаған ірі тұлға. Ол шынайы махаббатты сазбен суреттеп, туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін өнермен өрнектеген өнерпаз. Қазақ даласын әсем әнмен тербеткен Ақан серінің туғанына биыл 180 жыл. Бұл – қазақ мәдениеті кеңістігіндегі айтулы оқиғалардың бірі.

Жақында Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясының Халық әні бөлімі Ақан серінің 180 жылдығына арналған «Дала дәстүрі» топтамасынан «Майда қоңыр» концертін ұсынды. 

Кеш аясында Ақан серінің «Ақтотының аужары», «Алтыбасар», «Сырымбет», «Маңмаңгер», «Құлагер», «Қараторғай», «Балқадиша», «Шырмауық», «Әудем жер» сынды т.б. әуезді әндері орындалды. 

Концертке Қазақстанның Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Қосанова, Гүлмира Сарина, Мәдениет қайраткері Секен Сыздық, Мәдениет саласының үздіктері Нұрай Танабаев, Телман Нүркенов, Арафат Ысқақов, Берік Омаров, Данияр Мұқан, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары Жақсыкелді Маясаров, Сәулежан Тағзия, Әйгерім Нартүйе, Өзгеріс Шерікбай, Жандос Иманбай, Зинат Қасымова, Алуа Қалымбекова, Елбол Қуанбек, Нұржан Мейірхан және «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі мен «Камералық хор» қатысты.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?