Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Таңбалар тілі» журналы жарық көрді

1344
«Таңбалар тілі» журналы жарық көрді - e-history.kz

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істер және құжаттаманы басқару комитетінің қолдауымен Геральдикалық зерттеулер орталығының «Таңбалар тілі» журналы жарыққа шықты, деп хабарлайды e-history.kz

Журналдың алғашқы санында  Е.Шаймерденұлы, Қ.Сартқожа, Т.Жұртбай, Қ.Ахметжан, А.Абсаликов, А.Хамитова, Қ.Бисенов, т.б. отандық ғалымдар мен шетелдік бірқатар салалық бағыттағы зерттеушілердің көне түркі рәміздері, Алтын Орда рәміздері, қазақ туралы, әскери нышандар, тарихи таңбалар туралы еңбектері жарық көрді.  

– Орталықтың мамандарының дайындауымен салалық бағыттағы ғылыми журналымыз жарық көріп отыр. Алдағы уақытта тутану, таңбатану, мөртану сияқты рәмізтану ғылымның салалық бағыттары туралы ғылыми мақалалар жарық көріп отыратын болады, - дейді орталық директоры А.Байжұмаұлы журнал туралы.

Ғалыми зерттеу бөлімінің дайындауымен жарық көрген ғылым-танымдық журал алдағы уақытта 3 айда бір жарық көретін болады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?