Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ел тарихын оқытуға жаңаша көзқарас

1402
Ел тарихын оқытуға жаңаша көзқарас - e-history.kz

М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде 2014 жылдан бастап «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәнін жаңаша әдіспен оқытады. Яғни, теориялық оқытумен қатар оқу материалын көрсету де көзделген. Студенттер еліміздің киелі жерлеріне тарихи-туристік саяхатқа қатысып, Қазақстан тарихының белгілі бір кезеңдерін сезіне алады.

Осы пәннің аясында қыркүйек айында студенттер «Ұлытау – Қазақ хандығының бесігі» атты экспедицияға шыққан болатын. Сапар барысында, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы жастарды жылы қарсы алып, білім алушыларға өңір тарихын баяндап берді. Кейін Жезқазғанның Хан Ордасы, Көкмайса, Жезді, Алаша хан, Жошы хан сияқты тарихи алаңдарға аялдап, өткеннің деректерімен танысты.

Студенттер алған білімдерін бекіту үшін оқу орнына келген соң тарихи ақиқатқа негізделген көрініс қояды. Жастар неге Ұлытау өңіріндегі көше, қала, музейлер Сәтбаев атымен жиі аталады деген сұрақ қызықтырып, соны көрсетуді дұрыс деп таныды. Кейін  Қ.Сәтбаев тұлғасын зерттеуімен айналысты. М.Сәрсеке, М.Төрегелдин, Қ.Жұмаділов еңбектерін оқып, ғалымның өз еңбектерімен танысты. Қ.Сәтбаев музейлерімен де байланысқа шықты.

Қаныш Имантайұлының кейіпін шынайы сомдау үшін өз даусын электронды аудиодан естіп,  қимыл-әрекеттерін видеодан көріп, көне сурет, карталары, еңбектерімен электронды және қағаз нұсқасында танысты.

Нәтижесінде Жезді музей директоры Зейпин Казанбаева кварцты сутас дегенде сценарийдің сұлбасын алып, студенттер М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Изатхан Медешевамен тарихи қойылымды құрды. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?