Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Нұр-Сұлтанда «Хан Кенеге тағзым» шарасы өтті

2113
Нұр-Сұлтанда «Хан Кенеге тағзым» шарасы өтті - e-history.kz

Халықаралық Түркі академиясы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп, Кенесары Қасымұлының 220 жылдық мерейтойына орай «Хан Кенеге тағзым» атты іс-шара ұйымдастырды.

Алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, алаштанушы Берік Әбділаниұлы, Мемлекеттік тарих институтының директоры Еркін Әбіл, мемлекет және қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы, қоғам және мемлкет қайраткері Абай Тасболатов, филология ғылымдарының докторы Серік Негимов, сонымен қатар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті депутаттары, ғылыми-зерттеу орталықтарының басшылары, танымал ғалымдар, ЖОО ұстаздары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

TEMA0089.jpg

TEMA0048.jpg

Тағылымды іс-шараға қатысушылар алдымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қараөткел» зиратына барып, осында жерленген Кенесары хан сарбаздарының рухына тағзым етті.

TEMA0119.jpg

Бұдан кейін алқалы жиын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында жалғасты. Келелі басқосу аясында Түркі академиясы әзірлеген «Кенесары хан» атты кітаптың тұсаукесер рәсімін жасалды.

TEMA0161.jpg

Дархан Қыдырәлі шараны Шыңғыс ханның ұрпағы, қазақтың соңғы ханы Кененің 220 жылдығына орай ұйымдастырғандығын айтты. Осы атаулы жиынның өтуіне қолдау көрсеткен Еуразия ұлттық университеті мен оның басшылығына ризашылық білдіріп, «Кенесары хан» атты кітаптың лентасы қиылды.

TEMA0160.jpg

Кітапты шығару идеясы бізге Тараз жерінде жүргенде келген. Сонау 1841 жылы барша Алаш бас қосып ұлық-ұлыстың ұлы ортасы Ұлытауда құрылтай өткізіп, хан Кенені ақ киізге көтеріп хан сайлағаны белгілі. Кеше Мемлекет басшысы таяуда Ұлытауда құрылтай өтеді деп айтып жатыр. Бұның өзі де жақсы сабақтастық. Кеше референдумда тарихи таңдау жоғары деңгейде өтті. Жаңа Қазақстанға қадам бастық. Біз де Халықаралық Түркі академиясы болып жаңа Қазақстанның алғашқы іс-шарасы ретінде хан Кенемен бастап отырмыз. Бұл шараны қолдап келіп отырған тұлғаларға алғыс білдіремін, - деді Дархан Қыдырәлі.

TEMA0177.jpg

Алғашқы сөз кезегі Ұлытауда қызмет атқарған, Ұлытауды ұлықтап жүрген азамат, Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлына берілді.

Әр ханның, әр басшының тарихта өз орны бар. Кенесары хан қазақ үшін күресті, азаттықтың символына айналды.  Бүгінде әріптестерімізбен Кенесарыға байланысты ақпараттарды топтастырып, бұрын шыққан құжаттар жиынтығын жаңартып жатырмыз. Бұйырса күзге қарай шығарамыз. Рухани жаңғыру жақсы бағдарлама еді. Бұл бағдарламаны жалғастыру керек.  Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында еліміздің әр аймағындағы қасиетті жерлерді зерттегенбіз. Кенесарының батырлары қай жерде жерленгенін анықтадық. Оның барлығын қасиетті жер деп білдік. Өйткені азаттық үшін күрес баршамыз үшін құнды. Бүгінгі күні Ақмола облысында Бесбатыр деген жер бар. Батырлардың кім екенін ешкім білмейді, бірақ Кенесарының бес батыры дейді. Сол секілді әр өңірлерде аттары анықталмаған қанша жан, қанша киелі мекен бар. Мұның барлығын анықтауымыз қажет, - дейді Берік Әбдіғалиұлы.

TEMA0153.jpg

Жинаққа Кенесары хан мен оның қасындағы Наурызбай, Саржан, Есенгелді батырлардың қаһармандығы мен ерлігі жырланған аңыз-әңгімелер, тарихи жыр-дастандардың таңдаулы үлгілері іріктелеп топтастырылған. Аталған шығармаларда сайыпқыран Кенесарының тұңғиық ақыл-парасаты, ханға лайық бекзат болмысы, қазақ жерін сыртқы дұшпандардан қорғау жолындағы соғыстары, соңына ерген жаужүрек батырларынының күрескерлік бейнесі шынайы әрі көркем бейнеленген.

TEMA0158.jpg

Айта кету керек ел арасында Кенесары ханның өмір жолын, жорықтары мен шайқастарын суреттейтін көптеген жырлар мен аңыздар сақталған. Олардың алғашқы нұсқалары ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап хатқа түсіп, жариялана бастады. Халық жырының алғашқы нұсқасын көрнекті түрколог В.В. Радлов өзінің «Образцы народной литературы тюркских племе, живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи» деген іргелі еңбегінде «Кенесары өлеңі», «Кенесары жырының бірнесше ауызы» деген атпен 1870 жылы жариялаған. «Хан Кене» жыры С. Жантөрин мен Т. Сейдалин хатқа түсіріп, кейін орыс тіліне аударып «Записки Т. Сейдалин хатқа түсіріп, кейін орыс тіліне аударып «Записки Оренбургского отдела Императорского Русского географического общества» журналында1875 жылы жарияланған. Онан кейін Ж.Шайхисламұлының жырлаған «Кенесары-Наурызбай» жыры 1912 жылы «Қазан» баспасынан жеке кітап болып жарық көрді. Ал Нысанбай жыраудың Ж.Басығарин жазып алған нұсқасын Х. Досмұхаммедұлы Ташкентте 1923 жылы, кейін Н. Төреқұлов 1924 жылы Мәскеуде жеке кітап қылып жариялаған.

TEMA0186.jpg

Көпшілік назарына ұсынылған «Кенесары хан» кітабын М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкерлері Нұржұма Елесбай және Насихат Набиолла қолжазбадан оқып мәтінтанулық жұмыстар атқарып, құрастырып шығарды.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?