Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Екінші дүниежүзілік соғыс қалай болды?

3228
Екінші дүниежүзілік соғыс қалай болды? - e-history.kz

Уақыт шіркінді ұстап тұруға кімнің құдіреті жете қойсын. Биыл екінші дүниежүзілік соғыс тарихына да жетпіс бес жылдың жүзі болыпты. Шындап келгенде бір, я екінші дүниежүзілік соғыс әлемдік үстемдік үшін күрескен ұлы державалардың өзара тайталасы десек те болады.  Енді осы сөзімізді одан әрмен үстей түссек.  Ақиқатын айтайық, екінші дүниежүзілік соғыс КСРО мен Германияның өзара бірлескен экономикалық және саяси жобасы болатын. Ең әуелі Польша мемлекетін екіге бөліп алумен басталған бұл жоспар енді өзге де алпауыт топтардың араласуымен қос елдің  бір-біріне жауығып кетуіне ұласты.

Уақыт шіркінді ұстап тұруға кімнің құдіреті жете қойсын. Биыл екінші дүниежүзілік соғыс тарихына да жетпіс бес жылдың жүзі болыпты. Шындап келгенде бір, я екінші дүниежүзілік соғыс әлемдік үстемдік үшін күрескен ұлы державалардың өзара тайталасы десек те болады.  Енді осы сөзімізді одан әрмен үстей түссек.  Ақиқатын айтайық, екінші дүниежүзілік соғыс КСРО мен Германияның өзара бірлескен экономикалық және саяси жобасы болатын. Ең әуелі Польша мемлекетін екіге бөліп алумен басталған бұл жоспар енді өзге де алпауыт топтардың араласуымен қос елдің  бір-біріне жауығып кетуіне ұласты.

Осы жерде «Екінші дүниежүзілік соғыс қалай басталады? Оны кім қаржыландырады?» деген заңды сауалдың да тумай қоймасы анық. Бір таңданарлық дүние 1933 жылы Нидерланды елінде қалыңдығы небары пышақтың қырындай ғана бір кітап жарыққа шықты. «Синдей Уарбург» деп аталатын бұл еңбекте алдағы майданның түгелдей дерлік жоспары айтылған болатын. Кітаптың авторы әлі күнге дейін белгісіз болса да бұл туындыны кей зерттеушілер Уарберг отбасына тиесілі дейді. Алайда Уарберг отбасы бұл пікірді еш мойынына алмай түгелдей жоққа шығарды. Аты шулы осы еңбек  турасында «New York Times» газетінің өзі 1933 жылғы 24 қарашадағы санында арнайы ақпар берген екен. Енді кітапта не туралы жазылды, соған азғантай ғана тоқтала кетсек. Кітап парағында Ұлыбритания банкілерінің Гитлерді тікелей қаржыландырып отырғаны, сондай-ақ  «Dawes Plan» және «Юнг»  секілді үлкен жобалардың артында «Уолл Стрит» секілді ірі алпауыт қаржы топтары тұрғандығы туралы баяндайды.  Уолл-Стрит дегеннен шығады ғой, мұның артында сол кезде бүкіл Еуропаны билеп төстеп отырған банкирлер мен Рошильд династиясы тұрғандығы бәрімізге мәлім. Жалпы соғыс атаулыдан өзара соғысқан  екі  елдің экономикасы да үлкен жапа шегеді. Ал керісінше мұны ұйымдастырып, айтақтап  отырған алпауыттар орасан зор  пайдаға кенеледі. Мұны бейне бір екі боксерді жекпе-жекке шығарып пайда табатын промоутермен салыстыруға болады. Беттері көгеріп қан-жоса болатын ұйымдастырушы  тарап емес, шынтуайтында  ана екеуі ғой.

1943 жылы шұғыл жағдайда  сөйлескен Рузвельт пен Черчиль «Германия, сөз жоқ жеңілуге тиіс» деген мәмілеге келеді. Айтқандай-ақ осының бәрі жоғарыда жазылған кітапта түгелдей дерлік көрсетілген болатын. Осыған қарап-ақ бұл соғыстың немен басталып немен аяқталуының бәрі алдын ала жоспарланып қойғанын бірден бағамдауымызға болады.

Сонымен бұл соғыстан Рошильд династиясы секілді қаржылық топтар үлкен қазынаға кенелсе, керісінше КСРО мен фашистік Германия секілді соғысқан елдер алапат азаптың астында қалды. Биыл тәуелсіздік алғанымызға 29 жылдың жүзі болды ғой. Тәуелсіз көзқарастың өзі еркіндік  ұғымының бір баламасы іспетті. Жалпы, мемлекет тәуелсіздігінің көрінісі ең әуелі сол мемлекетті құраушы адам ақыл-ойының еркіндігінен аңдалып тұруы тиіс қой. Себебі, тәуелсіздіктің  ең негізгі нысаны  адам болып саналады.

Егер осы елдің тұрғындарының тәуелсіз өз көзқарасы болмаса, онда тәуелсіздіктің де онша мазмұны болмайды. Бұл әсіресе тарихи санаға көп тиесілі мәселенің бірі ғой.

photo_62346.jpg

Мұны айрықша айтып отырғанымыз, екінші дүниежүзілік соғыс тарихына  басқалай өлшем тезінде қарайтын уақыт мерізімі жетті. Ғалымдардың зерттеуінше, 43 миллионнан астам адамынан айырылған Сталиннің бұл «жетістігін» бүгінде  жеңіске балау шынымен-ақ  ойланатын дүние. Мұны бір деп қоялық. Екінші, соғыстың  экономикалық шығынын айтпағанда рухани зардабына да еш қисап жетпейді. Айталық, соғыстың ең қасіреті сол, мұнда   ірілердің басы ғана жойылып тек ұсақтары  сұрыпталып қалып  отырады.  Енді сол әлеуметтік әлсіз топты кім құрайды десеңіз, қарттар мен аурулар, қылмыскерлер мен алаяқтар  легі құрайды. 

Соғыс демографиялық соққы туралы сөз шығындамағанда  ұлттың рухани сапасын да жойдасыз құлдыратып жібереді.

Бұл кезде заң атаулы еш қызмет етпеген соң қиянат пен қылмыс атаулының да қоғадай қаулап кететіні белгілі. Енді ерінен  айырылған әлсіз жесірді   әркімнің келіп басынатыны мәлім. Өмірден тәбәрікке тек сөз ғана қалып отырады ғой.

Қазақтың «Еркексіз үйде есік болмас, әйелсіз үйде бесік болмас», я болмаса «Шандыр да болса шайнайық, шал да болса ойнайық» мақалынының астарына терең үңілер болсақ,  кешегі сұм соғыстың сұрапыл өз  шындығы жатыр.  

Эрудит ғалым Таласбек Әсемқұлов өзінің бір мақаласында бұған қатысты бүй деген болатын: «Соғыс әлеуметтік катаклизм ретінде әлеуметтік организмге кері әсерін тигізеді. Оның құрамындағы ең жақсы, тандаулы элементтерді шайып алып кетеді. ...Алайда бұл пәлекеттің басы ғана. Бенджамин Франклиннің айтқаны бар: «Соғыстың вексельдері (кепіл қағаздары) бойынша, төлем соғыстың өз кезінде емес, төлемнің ең үлкені соғыстан кейін болмақ» деп. Соғыстан кейінгі жалпы шығынмен салыстырғанда соғыстың өз кезіндегі сапалық шығын теңіздің жанындағы тамшыдай-ақ. Бұл шығын тұқымқуалаушылық заңына, адамдық тектілікке қатысты. Тұқымдық дән қандай болса, болашақ өнім де сондай болмақ. Өлген ардагерлер дүниеге ұрпақ келтірмейтіні белгілі. Соғыс жаман мен нашарды тірі қалдырып, осы арқылы тексіздердің жетіліп, көркеюіне жол ашады. Тұқым қуалау заңына сәйкес, тұтастай ұрпақ нашар, тексіз болып шығады. Соғыстың «кері сұрыптауы» салдарынан, бейбіт кезде бірінші қатарда болуға тиіс жақсылар өлген себепті нашарлар, тексіздер алға шығады. Халықтың тамырында енді солардың қаны ағады» дейді. Хош...

Қазір эпидемиолог мамандар дөңгелек дүниені әбігерге салып отырған  коронавирус індетін  бұрынғы соғыстан бір мысқал да кем емес дейді. Осы уақыт аралығында коронавирус  атауымен  бірге биоқару туралы  сөздің де қоса айтыла бастағаны мәлім.

Биотерроризм – тек әртүрлi iндет пен дертті өршiтетiн бактериялар мен вирустар ғана емес, ол гендiк деңгейдегi проблема екендігі мәлім.  

«Биоқарудың басқа қарулардан ең басты айырмашылығы – ол адамның түйсiк органдарымен еш сезiлмейдi, көзге көрiнбейдi, қолға ұсталмайды, құлаққа естiлмейдi, онда иiс те, өң де, пiшiн де, салмақ та болмайды» дейдi ғалымдар. Қалай десек те кей мамандардың ауызымен «Үшінші дүниежүзілік» соғыс есебіне айтылып қалатын бұл індеттен жер үсті құлантаза құтылып, тез сауығып кетсе екен дейміз.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?