Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мемлекеттік Рәміздер – ұлт мақтанышы

3055
Мемлекеттік Рәміздер – ұлт мақтанышы - e-history.kz

Мәдениет және спорт министрілігінің Геральдикалық зерттеулер орталығы 29 сәуірі күні ҚР Қорғаныс министрлігінің Ұлттық Ұланымен бірлесіп, Рәміздердің 30-жылдығы, Ұлттық Ұланның 30-жылдығы қарсаңында ҚР Елтаңбасының авторы, профессор, сәулетші Жандарбек Мәлібековпен сарбаздармен  кездесу өткізді. 

Кездесу барысында Елтаңба авторы, профессор, «Барыс» орденінің иегері, сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы: 20 жылдан бері біздің рәміздерді насихаттау биік деңгейде емес екенін айтып келе жатырмын. Рәміздер күнін 4 маусымда өткіземіз де, қалған уақытта ұмытып кетеміз. Бірақ биыл шаралар жылдың аяғына дейін өтетін болған соң жастарға түсінікті болатындай насихатты күшейтсек жақсы болар еді. Аға биыл 80 жылдығыңыз деп жатыр, сыйлағандарыңызға рахмет әрине. Өзге елде жүрсем де, өз елімнің Елтаңбасын жасап шықтым. Әңгіме менде емес, әңгіме біздің мемлекеттік рәміздерде, туымызда, елтаңбамызда, әнұранымызда, – деді.

WhatsApp Image 2022-05-03 at 17.33.18.jpeg

Іс-шараға  ҚР ІІМ-нің орынбасары, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майорБотақанов Еркін Советбекұлы, «Геральдикалық зерттеулер орталығы» директоры Асылбек Байжұмаұлы, Назарбаев Университеті, қазақ тілі және түркітану департаментінің ассистент профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ағабекова Жазира Ағабекқызы және ҚР Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлы қатысты.

WhatsApp Image 2022-05-03 at 17.33.18 (1).jpeg
Спикерлер сарбаздарға әлемдік геральдиканың ерекшеліктері мен тарихи таңбалардың ұлттық санаға байланысы, мемлекеттік рәміздерді қолдану барысы мен әлемдік  рәміздерге қатысты деректерден қызықты баяндамалар жасады. 

WhatsApp Image 2022-05-03 at 17.33.19.jpeg
Іс-шара соңында Еркін Советбекұлы алғысын білдіріп, Жандарбек Мәлібекұлына шапан жауып, «Ұлттық ұланға -30» жыл мерекелік медалімен орталық директоры А.Байжұмаұлын, профессор Ж.Ағабекқызын  марапаттады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?