Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алматыда Мәжіт Бегалиннің 100 жылдық мерейтойы аталып өтті

1586
Алматыда Мәжіт Бегалиннің 100 жылдық мерейтойы аталып өтті - e-history.kz

Алматы қаласындағы Мәжіт Бегалин атындағы №120 мектеп-гимназияда «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен белгілі кинорежиссердің 100 жылдық мерейтойына орай мерекелі концерт өтті. Аталған шараға Мәжіт Бегалиннің туыстары – Гүлнәр, Айжан және Айдар Бегалиндер, КСРО халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері, киностудияның көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов, деректі кино режиссері Болат Нүсімбеков, сондай-ақ «Қазақфильмнің» вице-президенттері Айдархан Әділбаев және Айдар Баталов қатысты.

Мәдени іс-шара алдында қонақтар Мәжіт Бегалиннің құжаттары, жеке заттары, наградалары, суреттері мен кейбір фильмдерінің постерлері сақталған мектептің музейін аралап, басқа да экспонаттармен танысты. Киностудияның вице-президенті Айдар Баталов режиссердің есімін ұлықтап жүрген ұстаздарға алғысын білдіріп, мектеп директоры Айсұлу Ботаеваға Шәкен Аймановтың фильмдері кірген DVD жинағын тарту етті.

 05.jpg

Қазақ кино өнерінің саңлағы Асанәлі Әшімовті мектеп оқушылары ұзақ қол соғып ерекше қошеметпен қарсы алды. Өз сөзінде танымал актер осыдан 10 жыл бұрын музейдің ашылуына қатысқанын еске алып, осындағы жәдігерлер режиссердің інісі Қасым Бегалиннің арқасында жиналғанын айтты. Сондай-ақ Асанәлі Әшімов Мәжіт Бегалин туралы естеліктерімен бөлісіп, мәдениетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ұлы қайраткерлердің есімдерін ұмытпай, ұлықауға шақырды.

 015.jpg

- Мәжіт Бегалиннің 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған осы шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Ол менен 15 жас үлкен болса да, бір-бірімізбен оңай тіл табыстық. Мәжекең маған көп затты үйретті. Өте мейірімді және білімді жан еді, тек қана шындықты айтуға талпынатын. Арамыздан ерте кетсе де, қазақ киносының тарихында үлкен із қалдырды,-деді Асанәлі Әшімов.

 09.jpg

Мектеп оқушылары бүгінгі мерейтойлы кеште ән айтып, би билеп, өз өнерлерін паш етті. Кездесу соңында ұйымдастырушылар келген қонақтарға алғысын білдіріп, оларға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтарды табыстады.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?