Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН - ТӘУЕЛСІЗДІК» атты қайырымдылық кеші өтті

2696
«ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН - ТӘУЕЛСІЗДІК» атты қайырымдылық кеші өтті - e-history.kz

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен Мәдениет сарайында «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» атты қайырымдылық концерті өтті,-деп хабарлайды «Қазақстан тарихы» порталы.

Қайырымдылық іс-шарасын ашып берген Отырар ауданы әкімінің бірінші орынбасары Жаппарқұлов Пердехан Абайұлы: «Бүгін біз жерінің асты ырғын байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын зор салтанатпен атап отырмыз. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды» дей келе, Отырар ауданының 30 жылда жеткен жетістіктеріне тоқталып, айтулы мерекемен жұртшылықты құттықтады. Одан соң құттықтау сөз Отырар музей қорығының директорының м.а Махашов Жангелді Меңлібайұлына беріліп, ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт екенін жеткізіп, музей тарапынан Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында көптеген ауқымды іс-шаралар өткенін атап айтып, ауданымыздағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсету мақсатында қаржылай сертификаттар беріліп, музейдің ұйымдастырған іс-шараларына елеулі үлес қосып келген бірқатар азаматтарға алғыс хаттар табыстады.

WhatsApp Image 2021-12-10 at 16.27.56.jpeg

Қайырымдылық концертте көтеріңкі көңіл күй сыйлаған Отырар Ауданының Мәдениет Бөлімінің өнерпаздарына музей ұжымы атынан арнайы гүл шоқтары ұсынылып, көрермендердің ыстық ықыластарына бөленді.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?