Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Дәурен Абаев: жиырмасыншы ғасырдың сынағы қазақ үшін өте ауыр болды

2167
Дәурен Абаев: жиырмасыншы ғасырдың сынағы қазақ үшін өте ауыр болды - e-history.kz

ҚР Президенті әкімшілігінің басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда өткен ғасырдың алғашқы жартысы қазақ үшін өте ауыр болғандығына тоқталды, деп хабарлайды Qazaqstan tarihy порталы.

«Бабаларымыз бөрілі байрақ астында біріккен тұста Байкалдан Балқанға дейінгі алып аумақты еркін жайлады. Арғы тегіміз сақ, ғұн тайпалары Еуразия төсінде қуатты мемлекет құрып, тұтас адамзат дамуына елеулі әсер етті. Халқымыз орта ғасырлық аса қуатты империя - Ұлық ұлыстың өзегін құрады. Кейіннен осы жасампаздық дәстүрін жалғастырып, Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. Ат тұяғын тоздырып, атан белін үздіріп жүріп, ұрпағына бүгінгі ұлан байтақ жерімізді мұра етті. Ал татулықтың туы қисайғанда азаттық уыстан шығып кетті. Әсіресе, жиырмасыншы ғасырдың сынағы қазақ үшін өте ауыр болды», - деді Дәурен Абаев «Көшбасшылық. Тұрақтылық Прогресс» атты конференцияда.

Оның айтуынша, қазақ халқы ХХ ғасырдың алғашқы жартысында аса зардапты сынақтан аман өткен.

«Бар-жоғы жарты ғасырдың ішінде бірнеше алапат қасіретті, саяси қуғын-сүргінді, дүниежүзілік соғыстарды бастан кешіру, жұртымызды есеңгіретіп тастағаны жасырын емес. Осындай зобалаңдар кезінде тіліміз бен салт-дәстүрімізге сүйеніп, ұлт ретінде сақталдық. Төл құндылықтарымызға табан тіреп, қайта еңсе тіктедік, егемендікке қол жеткіздік. Дегенмен, бостандықтың сынағы бодандықтан көп болмаса, аз емес. Тәуелсіздікті енді алған тұста Алтайдан Каспийге дейінгі алып аумағымыз болғанымен, шекарамыз шегенделмеген еді. Жеріміздің асты-үсті байлыққа толы болғанымен, оны өзіміз игеріп жатқан жоқ едік. Мүмкіндіктеріміз мол болғанымен, қоғамдағы шешілмеген түйінді түйткілдер одан да көп болған. Сондықтан азаттықтың таңы атқанда ел тізгінін Нұрсұлтан Назарбаев сияқты көреген саясаткердік ұстауы қазақтың бағы деуге болады», -деді Президен әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?