Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қуғын-сүргін құрбандары мен Қазақстанға арнайы қоныстанушылар туралы мәліметтерді жинақтау

1814
Қуғын-сүргін құрбандары мен Қазақстанға арнайы қоныстанушылар туралы мәліметтерді жинақтау - e-history.kz

Күні кеше Жамбыл облысы әкімдігі және Жобалық кеңсенің ұйымдастыруымен ZOOM платформасында Қазақстанға күштеп көшірілген халықтар мен арнайы қоныс аударылғандардың, аяқталмаған қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша тәжірибе алмасу мақсатында республикалық семинар өтті. Аталмыш семинарға Мемлекеттік комиссияның жұмыс тобы мен елдің барлық аймақтарындағы қуғын-сүргінге ұшырағандар санаты бойынша өңірлік комиссиялардың жұмыс топтары да қатысты. Семинарды саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның қызметін қолдау жөніндегі жобалық кеңсенің басшысы Қасымов Сабыр Ахметжанұлының өзі жүргізіп, баяндамашыларға сөз берді.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау, елге арнайы қоныс аударушылар туралы келелі жиынның өтуіне мұрындық болып отырған Жамбыл облысы да баяндама жасап, арнайы құрылған комиссияның атқарған бірқатар жұмыстарын сөз етті.

- Саяси қуғын-сүргін – 20 ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген ед тарихының ең азалы кезеңі. Мемлекет басшысы 2020 жылғы 24 қарашадағы №456 Жарлығына сәйкес республикалық және өңірлік Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық атау жөніндегі комиссиялары құрылды. Өңірлік комиссияның жұмысын ілгерілету және сүйемелдеу бойынша облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ штаттағы 3 қызметкерге қосымша міндеттер жүктелді. Қосымша штатқа тартылатын мамандардың айлық жалақысы, іссапар шығындары аталған қаражат есебінен жүргізілетін болады. Өңірлік комиссияға тартылған қызметкерлерге қосымша сыйлықақы қарастырылып жатыр. Сонымен қатар жұмысшы тобының жұмысын ілгерілету мақсатында «Достық» үйінен офис қарастырылады,-деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау жөніндегі аймақтық комиссияның Төрағасы Дәулет Кәрібек.


IMG_20211007_122103.jpg


Спикердің сөзінше, Жамбыл облысында осы мақсатта арнаулы 5 кіші жұмысшы топ құрылған. Оның бірінші тобы – Қазақстанға күштеп көшірілген халықтар мен арнайы қоныстанушылардың ақталмаған қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі жұмыс тобы және 1939-1945 ж.ж фашистік Германия, Финляндия және басқа да Еуропа елдерінде қамауға алынған қазақстандық әскери тұтқындарды, сондай-ақ «Түркістан легионында» уақытша болған қазақстьандық әскери тұтқындарды ақтау бойынша зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы. Екінші топ – Кулактар, байлар, жартылай феодалдар(орта шаруалар) және шаруалардың ақталмаған қуғын-сүргін құрбандарын зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы. Үшінші топ – Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін жеке күрескен адамдардың, сондай-ақ осы идеялар үшін адамдардың саяси баяндамаларына қатысушылардың(адамдар тобының), қоғамдық және саяси ұйымдардың, сондай-ақ қызметтік, ғылыми, мәдени және басқа салалардағы идеялары үшін мемлекеттік қудалауға және қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың толық құқықтық және саяси ақтауға арналған пікірлер мен ұсыныстар дайынду жөніндегі комиссия тобы. Төртінші топ – Дәстүрлі дін өкілдері, яғни, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау үшін зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы. Бесінші топ – Большевиктік-сталиндік режимнің шаруаларға қарсы күшейтілген ұжымдастыру, сатып алу және басқа да саяси науқандарының құрбандарын және «Алаш» қозғалысы мен партиясына қатысушылар және Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресушілерді зерттеу, қорытынды және ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобы.

Одан өзге жұмысшы топтармен атқарылған жұмыстар жөнінде де кеңінен айтылды. Мәселен, құрылған жұмысшы топтар тұрақты түрде «Облыстық сот», «Облыстық прокуратура», «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі басқармасындағы» зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жамбыл облысының пролкуратурасындағы №405 қорындағы құжаттарында Жамбыл облысы прокурорының Бас прокуратураға 1989 жылы 3000 азаматты ақтау жөніндегі ұсыныс сақталған. Қазіргі таңда 1800 жеке азаматтардың аты-жөні, туған жылы, білімі, атқарған қызметі мен соттау баптары, мерзімі арнайы кестеге енгізілген. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай ақтау жөніндегі аймақтық комиссия Төрағасының айтуынша, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін БАҚ-қа, Тараз қаласы мен аудандық архивтердің әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарламалар беріліп, тарихшы-өлкетанушылармен бірлесіп, ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде жедел желілері арқылы(87055322570, 512734) ата-бабаларының ақталған я ақталмағаны туралы мәліметтерді анықтау мақсатында тұрғындардан 12 өтініш келіп түскен. Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалды зерделеу мақсатында жүргізілетін әлеуметтік мониторинг сауалнамасының қатарына саяси қуғын-сүргін тақырыбы бойынша сұраққосылып, Тараз қаласы мен аудандардан 7 азаматтың тізімі жасақталған көрінеді.

Осы секілді маңызды дүниелер айтылған семинарға жұмыс тобының жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кан Георгий Васильевич; Түркістан облысы өңірлік жұмыс тобының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Найманбаев Бекмұрат Рахымбердыұлы; Шымкент қаласы жұмыс тобының жетекшісі, Мирас университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Динашева Ләззат Сәрсенбекқызы; Алматы облысы өңірлік жұмыс тобының жетекшісі, «Арыс» қорының ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының магистрі Нұржан Сәдірбекұлы; Атырау облысы өңірлік жұмыс тобының жетекшісі, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы Институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қыдыралина Жанна Үркінбайқызы және одан да өзге тарихшылар мен өлкетанушылар қатысты.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?