Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ерте темір дәуіріне жататын обалар анықталды

3002
Ерте темір дәуіріне жататын обалар анықталды - e-history.kz

Сурет: https://egemen.kz/article/288864-erte-temir-dauirine-dgatatyn-obalar-anyqtaldy

"Қазақстан тарихы" порталы "Берел" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Ерте темір дәуіріне жататын обалар анықталғанын хабарлайды.

Қатонқарағай ауданы, Аққайнар ауылының жанында орналасқан Шу қорымын зерттеу барысында әр түрлі жер үсті құрылысы бар елуден аса жерлеу ғұрыптық ескерткіштері шоғырланғаны анықталды. Обалар ерте темір дәуірінің ерте кезеңіне жатады,-дейді мамандар. Мұндай болжам жасауға обадағы жерлеу ғұрпы негіз болған. Обаның қабір шұңқырында екі кісінің мәйіті қойылған, біріншісі – қару-жарақ асынған ірі денелі ер адам. Қарулардың ішінде қола қанжары және қоладан жасалған чекан бар. 


FB_IMG_1631536711434.jpg


Сонымен қатар жебелерді салатын қылшанды (қорамсақ) белдікке ілетін қола ілмегі бар. Жебелерінің ұштары сүйектен жасалған. Ал, қалғандары қола. Бұл жерде  қарулардың шынайы еместігін айта кету керек, себебі қарулар кішігірім көлемде жасалған. Екінші мәйіт ер адамның кейін жерленген. Оның көлемі кішілеу, жамбас тұсына тері, үсті тоқылған қалтаға салынған қола айна қойылған. Мәйіттермен бірге қыш ыдыстары және қойдың құймышағы қойылған. Қыш ыдыстардың ернеуінде өрнектері бар.


FB_IMG_1631536704932.jpg


Аққайнар ауылында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарының жетекшісі белгілі археолог – Зейнолла Самашев.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?