Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай келген шара барысында Qyr balasy қорының «Алаш кітапханасы» сериясымен жарыққа шыққан кітаптары оқырман назарына таныстырылды.
Интерактивті кабинеттің ашылу рәсіміне белгілі алаштанушы ғалымдар – профессор Тұрсын Жұртбай, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы, алаш мұғалімі, әдебиетші Сейітбаттал Мұстафаұлының ұрпағы Ермек Әбілғазин және «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсембинов, «Qyr balasy» қоры Әлихан Бөкейхан атындағы Алаш ғылыми зерттеу институтының директоры Ұшқын Сәйдірхаманұлы, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің магистранттары мен докторанттары, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Жиын барысында қонақтарға Алаштану интерактивті кабинетінен бөлек, Абай музейі, Абай және Шәкерім кабинеттері таныстырылды.
Жаңадан ашылған интерактивті кабинетте Алаштың ардақты азаматтарының портреті, қайраткерлік кезеңдерін көрсететін құжаттық деректер, «Алаш оқулықтары», «Алаш мұғалімдері», «Алаш мектептері» аты стендтік бұрыштамалар орналасқан.
Шара барысынан фоторепортаж төмендегі сілтемеде.