Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Президент Сарайшық орталығы құрылысына қатысты мәселені дереу шешуді тапсырды

1999
Президент Сарайшық орталығы құрылысына қатысты мәселені дереу шешуді тапсырды - e-history.kz

Сарайшықтың маңыздылығы мен танымалдығын арттыру үшін заманауи туризм инфрақұрылымы қажет. Бұл туралы бүгін Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Qazaqstan tarihy порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Атырау өңірінде қастерлі әрі тарихи орындар көп. Соның бірі – ежелгі Сарайшық қаласы бой көтерген жер. Алтын Орда дәуірінде маңызды рөл атқарған шаһардың Қазақстан аумағында орналасуы тегін емес. Бұл төл тарихымыздың тамыры терең екенін көрсетеді. Біздің бабаларымыз қала салып, жаңа мәдениетке жол ашқан. Әйгілі Сарайшық – соның айқын дәлелі. Мұнда Алтын Орда дәуірінің хандары және қазақтың ұлы ханы Қасым хан жерленгені белгілі. Жалпы, ұлан-байтақ жеріміздегі көне шаһарларды, мемлекеттігіміздің тарихында айрықша орны бар Алтын Орданы жан-жақты зерттеп, ғылыми ақпараттық жұмыстарды жүйелі жүргізу керек. Сол арқылы елдік шежіремізді кеңінен таныта аламыз. Осыны жас ұрпақтың санасына сіңіруіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті Сарайшықтың маңыздылығы мен танымалдығын арттыру үшін заманауи туризм инфрақұрылымы қажет екендігін баса айтты.

«Әкімдік Үкіметтен визит-орталық құрылысына қаражат сұраған екен. Бірақ, келісімін әлі алмаған. Үкіметке осы мәселені дереу шешуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?