Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулық әзірлеу жұмысы басталды – министр

2204
Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулық әзірлеу жұмысы басталды – министр - e-history.kz
Ерекше қажеттілігі бар балаларға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тетігін қолға алынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Қазақстан тарихы порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Балабақшаларды дамыту бойынша кешенді жоспар әзірленді. Онда ваучерлік жүйені енгізу, балабақшалармен қамту, жаңа мемлекеттік стандарт қабылдау және балабақшаларда қолайлы жағдай жасау шаралары қарастырылады. Мемлекет басшысы тапсырған сумен жабдықтау, ыстық сумен қамтамасыз ету,кәріз мәселелері бойынша жағдай слайдта көрсетілген. Әсіресе, Түркістан, Қостанай, Шығыс, Солтүстік, Батыс Қазақстан, Ақмола және Ақмола облыстарында бұл проблема өзекті. Мәселе бекітілген мерзімде шешілуі керек», - деді министр.

Оның айтуынша, инклюзивті білімді дамытуға сәйкес, ерекше балаларға арналған ұйымдардың ашылу нормативі 50 мың балаға бір психологиялық-медициналық, педагогикалық кеңес есебінен өзгерту жоспарланады.

Сондықтан қосымша 46 ПМК және 25 түзету кабинеттерін құру қажет. Бұл ерекше балалар үшін ауадай қажет шара. Бүгінде ПМК-ға ең үлкен қажеттілік Түркістан, Алматы, Қарағанды, Атырау облыстарында және Нұр-Сұлтан қалаларында. Ерекше қажеттілігі бар балаларға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тетігін қолға аламыз. Орта білімде оқу жүктемесін азайту мәселесі қаралады. Үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылады», - деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар ол Президент тапсырмасына сәйкес, математика, тілдер және информатика пәндеріне ерекше назар аударылатындығын айтты.

«Және де Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулықтарды әзірлеу және енгізу үшін тиісті жұмыстарды бастадық», -деді ол.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?