Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанды отарлау ХХ ғасырдағы орыс зерттеушілерінің көзімен

2277
Қазақстанды отарлау ХХ ғасырдағы орыс зерттеушілерінің көзімен - e-history.kz

Егер 1861 жылғы реформаларға дейін қоныс аудару өздігінен жүрсе және әкімшілік биліктің мақұлдауын қажет етпесе, крепостнойлық құқық жойылғаннан кейін қоныс аудару процесі жаңа күшпен өрши бастады. Ресей империясындағы қоныс аудару саясаты кезеңінің зерттеушілері оны биліктің орталық аудандардағы шаруалардың толқуларын әлсіретуге, шаруаларды шалғай аудандардағы құнарлы жерлермен қамтамасыз етуге және Орта Азия жерлерін отарлау қарқындылығын арттыруға деген ұмтылысымен түсіндіреді.

Қазіргі тарихшылар да осы пікірді қолдайды. Бұл ретте қоныс аудару мәселесін сол кезеңнің замандастары да зерттеген. Олар қазақ даласына қоныс аудару ісін қою, атап айтқанда қоныс аударушыларды жерге орналастыру және жергілікті байырғы халық үшін өңірлік қоныс аудару басқармасына жүктелген нормаларды тұжырымдау қазақтарды өздерінің мүдделеріне елеулі нұқсан келтірген мәселелерде дауыс беру құқығынан айырды, тіпті өз пікірі де жоқ сөзсіз объектіге айналдырды деп санады. Qazaqstan Tarihy порталы ХХ ғасырдың басындағы Ресей зерттеушілерінің көзімен Қазақстанды отарлау қалай өткендігі туралы баяндайды

ХХ ғасырдың басында қазақ даласының аумағы орыстың қол астында болды. Орта жүз қазақтары Ертістің сол жағындағы даланы мекендеді және өзен аңғары бойынша орыс халқына көрші болды. 1822 жылға дейін қазақтар Ресей империясына толық тәуелді болмады, бірақ "Сібір қырғыздары туралы жарғы" шыққаннан кейін көп ұзамай дала аумағында ресейлік әкімшілік жүйені қарқынды енгізу басталды. Осы құжатпен қатар ресейлік граф М.М. Сперанский орыстың қазақты билеуін түпкілікті нығайтқан "Бұратана халықты басқару туралы" Жарғыны құрастырды. Осы Жарғы бойынша қазақ хандарының билігі жойылып, далада округтер ашылды, олардың басында сайланған аға сұлтандар және орыс шенеуніктері арасынан бұйрық мүшесі болды.

Бірінші кезде қазақ ауылдарымен көршілес болған орыс үкіметі қазақ көшпенділерінің Ертістің оң жағалауына өту ниетіне қарсы болды. Алайда, Ертіс алқабында орналасқан тараптар көп ұзамай сауда қатынастарын жүргізе бастады және бір-бірімен жақындасқан сайын қазақтар орыс жағында көшіп жүруіне рұқсат беру туралы өтінішпен орыс үкіметіне жүгінді. Зерттеушілердің айтуы бойынша, патшайым Екатерина II 1788 жылғы 5 шілдедегі жарлықпен генерал-лейтенант Царевке жазған хатында бұл мәселені келесідей шешкен: 

«Видѣвъ изъ рапортовъ, присланныхъ отъ Васъ къ нашему Генералъ-Прокурору Князю Вяземскому, что нѣкоторые изъ султановъ и старшинъ Киргизъ-Кайсацкой Средней Орды при всегдашнемъ имъ наблюденіи добраго поведенія, исполненія безотговорочно приказаній линейныхъ начальниковъ и ненарушимомъ сохраненiи вѣрности и усердія къ намъ, изъявляютъ желаніе къ переселенію изъ дальныхъ степей во внутреннюю Россійскую сторону и пріемля за благо представленія Ваши по сему случаю, предписываемъ Вамъ прошеніямъ объявляемыхъ киргизскихъ старшинъ удовлетворять» 

Алайда, зерттеуші В. Рычковтың айтуынша, осындай мысалдар аз емес. Ол император Александр I-нің жарлығымен 1801 жылы Сұлтан Мәметке және оның халқына Ертістің оң жағалауына өтуге рұқсат етілгенін, онда Семияр мен Крованский форпосттары арасында қазына есебінен мешіт пен сұлтанға арналған үй салынғанын жазады. Кейіннен Ертістің оң жағындағы қазақтар саны едәуір артып, олар Семейден Омбыға дейінгі аумақты алып жатты. Орыс зерттеушілері қазақтар осылайша, "дала қойнауында қалған және Ресей үкіметіне бодан болмаған қырғыздардан айрықша-мыс" "подан" деген ерекше руды құрды деп санайды. ХХ ғасырдың басында Семей облысының қазақтары Алтай жерлерінде, Томск губерниясының шаруа және қазыналық жерлерінде, казактардың киіз үй телімдерінде, офицерлік және қосалқы әскери учаскелерде барлығы 103 264 адам тұрды. Сонымен қатар, сол кезеңдегі зерттеушілердің айтуынша, Алтай тау округінің жерлеріне жазғы жайлауға 6 мыңға жуық адам көшкен.

1854 жылғы 19 мамырда Семей облысы құрылды. Оны құру кезінде орыс әкімшілігі "Ертіс өзенінің оң жағалауында тұратын қырғыздарға көшіп-қонуға арналған жер белгілеуді және оларды Томск губерниясының көрші шаруаларынан және казактардан шектеуге шаралар қабылдауға бұйырды". Жаңадан құрылған облыстың Томск губерниясымен шекарасы ұзақ уақыт бойы даулы болды және Томск қазыналық палатасы шаруаларға қазақтар орналасқан жерлерге қоныстануға рұқсат берді: 

«Якобы свободное обозначеніе границъ киргизскихъ владѣній со стороны казаковъ было возложено на казачьи межевыя партіи безъ всякаго участія киргизъ, при чемъ безцеремонность этихъ партій доходила до того, что пользу казаковъ были отмежеваны даже высочайше пожалованныя земли въ царствованіе императора Александра I въ 1801 г.» 

Одан әрі, 1884 жылы Дала генерал-губернаторы Г.Колпаковский қазақ қыстауларын казактар мен офицерлік бөліністерге жібермеу туралы бұйрық шығарады. Алайда бұл өкім орындалмады. 1906 жылы барон Таубе ресей басшысына жолдаған есебінде: «сібір казак әскерлері жерінің құрамына он шақырым жолақты қосу сол жолақта тұрып жатқан және онсыз күн көре алмайтын қырғыздарды шарасыз күйге, кіріптарлқ күйге душар еткізеді, сондықтан да бұл мәселені соңына дейін шешу үшін осы қырғыздардың облыс және кабинет жерерінде орналасуына байланысты әскер жерлерінде орналасқан қырғыздардың жерге орналасуын шешу қажет» деген. Бұған Николай II: «Орналастыру керек» деп жауап берген.

Осылайша, императордың жауабы негізінде, құрамында қазақтар тарапынан бірде-бір өкіл болмаған арнайы комиссия құрылды. Оның үстіне зерттеушілер тіпті қазақтардың осындай комиссия барын білгеніне күмән келтіреді. Комиссия өз кезегінде «немен айналысса да, казактардың жерлерінде тұрып жатқан қырғыздардың жайластырылуымен айналыспады». Қазақ халқының мұқтаждықтарын анықтау казак генерал-лейтенанты, Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Батыс-Сібір бөлімін құрушылардың бірі Георгий Катанаевқа жүктелді. Ол мүдделі тараптың өкілі болғанын және қазақ халқының өмірі оны онша қызықтырмағаны туралы айтудың қажеті де жоқ шығар.

Осы арада Ресей үкіметі қазақ даласында қоныс аудару ісін ауқымды ұйымдастыруды қолға алды. Қазақтардың пайдалануындағы артық жерлердің санын анықтау және жергілікті байырғы халық үшін жер нормаларын әзірлеу үшін казак статистигі Федор Щербина ұйымдастырған "дала экспедициясы" құрылды.

В. Рычков статистиктер тобы істің қағаз жағын жақсы ойластырғанын жазды. Оның айтуынша, экспедиция қазақ даласының, қазақ шаруашылығының өте күрделі диаграммасын құрды және қазақ даласының кеңістігін жақсы есептеді, алайда "статистиктер бір жағдайды ұмытып кетті: әрбір осындай ұяшықта қанша тұщы су болуы мүмкін, өйткені, өздеріңіз білетіндей, тірі ағза бір тамшы су жоқ ұяшықта өмір сүре алмайды". Басқаша айтқанда, экспедиция бұл далаларда тұщы судың қанша мөлшері бар екеніне, бұрын орыс халқы үшін оның қанша мөлшері алынғанына және қазақтардың пайдалануында тұщы судың қанша мөлшері қалғанына назар аудармады. Барлық бос су көздерін жергілікті халықтың пайдалануынан тартып алыуды осының нәтижесі болды.

Қазақ даласы құрғақ климатымен ерекшеленеді. Оның солтүстік бөлігі суға байырақ болды, бірақ Сібір темір жолының батыс бөлігінің ауданын экономикалық зерттеу материалдарынан көрініп тұрғандай, сол жерлердің өзінде де су аз болғандықтан, бұл жағдай тереңдігі 15-тен 49 аршынға дейін (10,6-дан 36 метрге дейін) 150-ден 300 рубльге дейін тұратын құдықтар қазуға мәжбүр етті. Бірақ бұл құдықтардағы судың өзі көбінесе ащы-тұзды су болған.

Щербина экспедициясы әрбір қазақ киіз үйіне (жеке шаруашылыққа) тиесілі жер санын есептей алды, бірақ ол ең басты нәрсені істемеді: қазақ даласында егіншілікке жарамды, егін өсуіне жеткілікті жауын-шашын көп немесе аз болатын жердің мөлшерін есептемеді. Сонымен қатар, замандастар экспедиция қысқы уақытта қазақ малының жайылым жағдайларына да назар аудару керек деп есептеді, өйткені сол кезде даланың көп бөлігі қалың қардың астында қалатындықтан немесе боран салдарынан мал қыс айларында ол жерде қоректене алмайтын, қысқы "тебінде" үшін жарамсыз болып қалатын.

Қыста қазақ малын жаю үшін желден қорғалған орындар қажет болды. Бұл казактар мен шаруа қоғамдарының тебінге жарамды кеңістігі бар барлық жерлерін қазақтар қыста мал жаю үшін жалға алғандығымен түсіндіріледі.

В.Рычков өзінің "Қырғыз жер иелігінің тағдыры" атты мақаласында қазақ даласында аздаған мөлшердегі қара топырақ пен тұщы су бар шағын учаскелерді бөлу қоныс аударушыларды ұзаққа қамтамасыз ете алмайтынын атап өткен. Ол мұны қазақ топырағы жақын арада құнарсызданатынын, ал жиі болатын құрғақшылық егіншіліктің дамуына кедергі келтіретіндігімен түсіндірді:

«Қоныс аударушы ашығады, бірақ ол бір жағынан өзінің тапшылығын үкіметтік субсидиямен, ал екінші жағынан, шабындық учаскелерді, егістіктерді, жайылымдарды және ұрланған малы үшін айналадағы қырғыздарды пайдаланумен жабуға тырысады, өйткені өмір тәжірибесі оны қырғыздардан әсіресе құрғақшылық жылдарында, үш есе өндіріп алуға үйретеді. Осындай оазис қырғыз иелігінен алынғаннан кейін, айналадағы барлық жер (яғни, сортаң және сусыз дала) қырғыз шаруашылығы үшін барлық маңызын жоғалтады»

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?