«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

#Түрік әлемі: халқымыздың аңшылық және саятшылық дәстүрі

436
#Түрік әлемі: халқымыздың аңшылық және саятшылық дәстүрі
Қазақ табиғатынан көшпелі халық. Негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Сонымен қатар, егіншілік, балықшылық, аңшылық, орман шаруашылығы секілді кәсіптерді де қоса меңгерген. Әсіресе, табиғатпен етене жақын өскен қазақ халқы үшін аңшылықтың орны ерекше болған. Ит жүгіртіп, құс салып саятшылық жасаған.

Қазақ табиғатынан көшпелі халық. Негізінен мал шаруашылығымен айналысқан. Сонымен қатар, егіншілік, балықшылық, аңшылық, орман шаруашылығы секілді кәсіптерді де қоса меңгерген. Әсіресе, табиғатпен етене жақын өскен қазақ халқы үшін аңшылықтың орны ерекше болған. Ит жүгіртіп, құс салып саятшылық жасаған.

Тарихи зерттеулер адамзат тарихында аңшылықтың ең алғашқы тіршілік кәсібі болғанын көрсетіп отыр. Белгілі зерттеуші Зейнолла Сәніктің еңбектерінде Алтай мен Тарбағатайдын, Іле мен Еренқабырғаның жартас суреттерінен ит ерткен аңшының, аңға ит қосқан адамның суреттерін көптеп кездесетіні айтылады. «Сол сияқты тау текесіне ит қосып тұрған, арқар-құлжаны садақпен атып тұрған, біз көрмеген кейбір ғажайып хайуандарды бір топ иттің камалап тұрған, тіпті бір топ ит ертіп арбамен (түйе жеккен) аң аулап бара жатқан көріністері бар суреттерді Қазақстан жерінен де молынан кезіктіруге болады екен. Ол елдің ғалымдары бұл суреттерді біздің заманымыздан бұрынғы үшінші мыңжылдықтар мен екінші мыңжылдықтарда салынған деп тұжырым жасаған.

Демек, біздің ата-бабаларымыздың алғашқы аңшылық жолы, күнкөріс тіршілігі осылай басталған. Ғалымдар қазақ даласындағы тасқа ойылған жартас суреттеріне, ондағы тарихтың көне сұлбасына қарап, «Жеті қазынаның» бірі атанған итті қолға үйретіп, оны аң аулауға, үй күзетуге пайдалануы да сол кезден басталған деп қарайды.

b9c6a93c2c1729489acf13fee15bf214.jpg

Адам баласы хайуанмен қарайлас өмір сүріп жүрген алғашқы дәуірде ірі ет қоректі хайуандардың өзінен кішірек, шамасы еркін жететіндерін ұстап жеп, күнелткені сияқты өмір кешкені мәлім. Кейін келе ормандардың қозданып, өртенуінен және жай отының жер бетіндегі тіршілікті от апатына ұшыратуынан барып, адамдар отты өзіне пайдалануды, яғни отқа піскен еттің шикі еттен әлдеқайда дәмді екендігін ұққан. Адам баласының отты пайдалануды, яғни өртке кеткен орманның қозынан шоқ алып, от жағуды, оның шоғын сақтау жолын табуы адамзат тарихындағы ірі ілгерілеушілік болып есептеледі. От мәдениетінің дүниеге келуі бұдан 100-150 мың жыл ілгергі ірі тапқырлық болды», - деп жазады зерттеуші.

Сөзіне дәлел ретінде «Біздің дәуірімізден 10 мың жыл бұрын табиғатта ерекше орын алған апатты кездегі аз іркілістен кейін қазақ даласын мекендеген протосақ тайпаларының негізгі кәсібі аңшылық болды. Ал Сырдария мен Амударияның және көл жағаларын мекендегендері балықшылықпен күн көрді. Жерге көптеп түскен метеориттер (аспан денелері) протосақ адамдарына Тәңірге табыну сенімін қалыптастырды. Отқа табыну мен отпен аластау осы сенімнің көріністері...

Қазақ даласының протосак тайпалары ата кәсібі аңшылықпен шұғылдана жүріп тастан, сүйектен қару-жарақ жасады... Кейін бұл қарулар оншалықты нәтижелі болмаған соң тағы да ілгерілеп, шымыр ағаштардан найза, садақ және тас ату арқылы хайуандарды жамсататын кару - сақпанды ойлап тапты. Тастан, сүйектен тері өндейтін қаруларды, ыдыс-аяқтарды жасауды үйренді...», - деген дерек келтіреді.

Зерттеушінің айтуынша көшпелі тайпалар жастайынан қойға мініп, құс, тышқан атып, садақ тартуды үйренеді, ержете келе түлкі, қоян аулап нәпақа табатын болған. Жігіт-желеңі шетінен садақ асынып сайлауыт сарбаз болған. Салт бойынша олар жайшылықта мал бағып, аң аулап күнелтеді. Жаугершілік бола қалса, барлық адам соғысқа аттанып, жортуылға шығады.

ab084211ed9981bb929132993259deca.jpg

«Бұл олардың сүйегіне біткен табиғаты. Аңшылық халқымыздың ең алғашқы тіршілік түйіні болғаны үшін сонан бастап қазірге дейін халық көкірегінде ұланасыр жыр-дастан, мақал-мәтел, хикая, аңыз-әңгіме, ән-күй және басқа көптеген фольклорлық дүниелерді, аңшылыққа, саятшылыққа қатысты қару-жарақ, жабдықтарды дүниеге әкелген. Жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы, қақпаншы, аушы, ізші, шалмашылар жөнінде де көп хикаялар бар. Халық арасынан аюмен айқасқан, жолбарыспен жұлқысқан батырлардың, әйгілі саятшылар мен құсбегілердің тамаша өнерлері атадан балаға мирас болып, бұл дәуірге дейін жетіп отырғаны жұртқа мәлім.

Аңды не ерінбеген алады, не көрінбеген алады;

Жаман мергеннің аңы жаралы кетеді;

Аң - атқандікі;

Қақпаншы күнде дәмелі,

Әсіресе түнде дәмелі;

Тауындағы түлкіні табындағы тазы алады;

Сүйреп қосқан тазы түлкі алмайды;

Жайшылықта жігіттің бәрі мерген, қар жауғанда озады кәрі мерген;

Бүркіт қыран емес, құсбегі қыран;

Телегейге тел жаңғырық, асау құсқа жел жаңғырық;

Құстың алғанынан салғаны қызық, - деген мақалдар осының дәлелі.

Міне, біз мысалға келтіріп отырған осы бірнеше мақалмәтелдің өзінде аңшылық, саятшылық жөнінде ұлан-асыр сауат, өнер тетігі, саятшылық білімі, құсбегілік техникасы жатыр. Бұдан сырт «Тінейдің сарысы», «Аңшының зары», «Бөкен жарғақ», «Бұлғын-сусар», «Жорға аю» сияқты тамаша хикаялы жыр-дастан, күйлер мен құс пірі атанған жалайыр Шора мен қазақтың Бура руынан шыққан әйгілі Тіней бабамыздың әңгімелері - өз алдына бір төбе дүниелер», - дейді зерттеушінің өзі.

Зерттеушінің айтуынша, ата-бабаларымыз бірсыдырғы сүрдекпен жүрген емес. Заман ілгерілеп, өмір көші алдыға жылжыған сайын олар да ілгерілеп, тіршілік жолында тың тапқырлықтарға қол жеткізіп отырған. Аңшылықтың одан ары дамуы жабайы жануарларды қолға үйретуді, жабайы жемістер мен жабайы дақылдарды қолмен егіп өндіретін егіншілікті дүниеге әкелді. Сонымен бірге андардың беталысын, тіршілік заңдарын игеруді, ауа-райын, табиғат заңдарын игеретін алғашқы жұлдызнаманы – аспан денелерін зерттейтін халық астрономиясын, мүшел санауды, халықтың алғашқы күнтізбесін жасап, халык көңілінде жұлдызнаманың көптеген мифологиялық ұғымдарын туғызған.

«Қазақтарда сақ тайпалары заманынан бері келе жаткан аспан денелерін бақылап, жұлдыз жорамалын жасау білімі болған. Осы білімінің негізінде біздің заманымыздың алғашқы ғасырларынан қазірге дейін қолданылып келе жатқан мүшелдеп (бір мүшел 12 жыл) уақыт өлшемдеу, жыл санау қалыптасқан. Мүшел жыл санау жүйесі бізден біртебірте Азияның басқа елдеріне тараған. Жұлдыздарға қарап ауа-райының өзгеруін, аңдардың жайылу бағыттарын болжап отыруды далалықтар ежелден меңгерген. Сол бір мол тәжірибе бойынша жұлдыздарға, жауырынға қарап, құмалақ шашып...» («Қазақ даласының ежелгі тарихы», 117бет), түз аңшыларының жорығына болжал жасап, олжаларын межелеп отырған. Аспандағы жұлдыз аттарының Жеті қарақшы, Үш арқар, Үш мерген, Үркер, Арыстан, Тауешкі, т.б. болып келуі де тегін емес», - деп атап өткен ол тағдыры табиғат құбылыстарына қатысты болып далалық өмірдің тарпаң мінезінен көп теперіш көрген халқымыздың Үркер туралы айтатын мынадай бір қызықты аңызын келтіре кеткен:

Үркер көкке шығып жоғары өрлеген сайын күн суытып, ол төмендеген сайын жылына береді. Халықтың «Үркерлi айдың бәрі қыс» дейтіні осыдан. Жануарлар үшін Үркердің «жерге түскені» жағымды. Үркер «жерге түскен» кезде мамыр және маусым айларында ол жерде жатып көк шөпті «айдап шығарып жатады-мыс». Аңыз бойынша, бір қыста жерді мұз басып, жұт жүріп, көп мал қырылады. Қалған мал қыстан қалтырап әрең шығады да, ептеп жазға ілінеді. Аман қалған әр түлік мал есін жиған соң ақылдасып, «пәле Үркердің жерде жатпай, аспанға шығып кетуінен болды» деп біліп, Үркер жатқан жерді іздеуге кіріседі. Сонымен жылқы, сиыр, түйе, қой... бәрі сергелдеңге түсіп, іздеп келе жатса, шөптің арасынан жылтыраған бір нәрсе көрінеді. Сүйтсе ол Үркер екен. Алдыда келе жатқан жылқы Үркерді баспақ болып ыңғайлана бергенде сиыр макұлык оны мүйізімен қағып жіберіп, өзі табанымен баса қояды. Халык аңызында Үркер алғашында 12 жұлдыз екен, сонымен сиыр сол 12 жұлдызды басып тұрғанда алтауы жылжып, сиырдың тұяғының арасынан қашып шығып, аспанға ұшып кеткен екен.

Міне, содан бастап 12 жұлдыз екіге бөлініп, алты ай қыс, алты ай жаз пайда болыпты. Егер Үркерді сиыр баспай, жылкы баскан болса, 12 жұлдыздың бәрі сол жұмыр тұяқтың астында калып, Үркер түгелдей жерді мекендеп, жыл бойы жаз болып тұрмақ екен...

«Қазактың «Жеті қазына» деп атайтын жеті қазынасының «сән қазына» тобына кіретіні – ер жігіт, сұлу әйел, ақылбілім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтык, жүйрік тазы екені жұртқа мәлім. Осы «Жеті қазынаның» төртеуі аңшылыққа қатысты болып отыр. Олай болса, осы дүниелердің бәрі дерлік ата-бабаларымыз аңшылықты ата кәсіп етіп тұрған сонау дәуірдегі бағзы заманның мифтік хикаяларымен қатысты деп қараймыз», - деп қорытынды жасаған.

image.jpg

Яғни уақыт өте келе қоғамның дамуына байланысты малшаруашылық, егіншілік, бау-бақша, қолөнеркәсіп сияқты кәсіптер қалыптасып жалпы халықтың аңсары осылай ауады да, аңшылықтың көлемі тарыла бастаған. «Оны кәсіп кылатындар барған сайын азая берді. Бұрынғы тазымен, сакланмен, садақпен, жүйрік атпен аң аулаудың қатарына кыран құспен аң аулайтын жаңа мазмұн қосылды. Ендігі жерде аңшылык күнкөрістің тұтас түйіні болудан қалды. Күнкөрістің негізгі түйіні - мал шаруашылығы мен егіншілік және басқа кәсіпке ауды. Аңшылық көбінесе серуен сапардың, салбурын кұрудың, дала қызығын тамашалаудың мазмұнына аи бастады. Солардың бірі - өз кезінде қазақ даласының (қыпшақ даласының билігін ұстаған Жошы ханның әкесі Шыңғыс ханға сайын даланың қалың аңын кайырмактап әкеліп, жоңғар жотасындағы қазылған орға түсірген хикімет аңызының ізі «Ор казған» атты алып жотада әлі жатыр. Анау Тарбағатай мен Іленің арасына түскен «Ежелгі саятшылық ізі» атты айдын шалкар «Құпия сызық» жайлы аңыз да - бұл күнде естігеннің құлақ құрышын қандырарлықтай қызықты дүние.

Күндер өте келе аңшылық көбінде ет үшін емес, тері үшін терісі бағалы жануарлардың терісі үшін, бұғы, бөкен сияқты мүйізі бағалы жануарлардың мүйізі үшін ауланатын дәрежеге дейін жетіп, олар тауар ретінде сауда жәрмеңкелеріне түсіп, халықаралық бағалы тауарлар қатарына өтті. Мұның аяғы осы заманға дейін жалғасып келіп, ақыры бағалы жануарларды терісі, мүйізі үшін құртуға карап жол тартып бара жатқаны жұртқа мәлім», - деп жазады З.Сәнік өз еңбектерінде.