Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Абай мұрасы – халық даналығы

7083
Абай мұрасы – халық даналығы - e-history.kz
Ұлы Абай – қазақ руханияты мен мәдениетінің символы. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы әлі күнге дейін әр қазақтың жүрегінен орын тауып келеді.

Қандай да бір халықтың гүлденуі, мәдениет, әдебиеті, өнерінің дамуы – бір сөзбен айтқанда сананың салтанат құруы, ішкі рухани әлем үйлесімінің жалпы адами игіліктерге қолжеткізуге деген ұмтылысы халық өмірімен, өзінің қайталанбас дарынымен қоғамды жақсы жағына қарай өзгерткен оның көрнекті адамдарының тарихи жетістіктерімен тығыз байланысты. Өз кезеңінің ұлы тұлғасы болған, сөзі мен жасампаздығы әр қазақ үшін даналықтың үлгісіне айналған, ол әрине, философ, көрнекті ақын Абай. Өзінің табиғи дарыны мен ақылының арқасында ол қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалап қана қойған жоқ, соның көмегімен бүкіл қазақ қоғамының тәрбиешісіне, жақсылыққа жол көрсеткен ұлы қайраткерге, ар-намыс пен әділдік үшін күрескен халықтың нағыз қамқоршысына айналды. Бұл хақында ХХ ғасырдың басындағы көрнекті қазақ ағартушысы Ахмет Байтұрсынов: «Қазақтар Абайдың шығармашылығын толықтай біліп, түсінуі керек»,-деп жазған.

Ұлы Абай – қазақ руханияты мен мәдениетінің символы . Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы әлі күнге дейін әр қазақтың жүрегінен орын тауып келеді. Абай шығармашылығымен танысу сананы оятып, кең әрі терең ойлауға мәжбүрлейді, жаңа көңіл-күй мен сезім сыйлайды, ақжарқын армандарға жетелейді, өз-өзіңді тану арқылы тазару мен рухани баюға итермелейді. Абай өз халқы үшін ғана емес, сонымен қоса әлемнің барлық халқы үшін баға жетпес үлес қосты. Осыны білген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кезінде Абай Құнанбаевтың мерейтойын ЮНЕСКО-ның тарихи даталар күнтізбесіне қосуын сұрап, ЮНЕСКО-ға хат жолдайды. Осылайша, ЮНЕСКО 1995 жылды Абай жылы деп жариялайды. Елбасының парасатты ерік-жігерінің арқасында шетелдік оқырманның ұлы ақынның мұрасына деген қызығушылығын тудырып, Абайдың 150 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейдегі оқиғаға айналды.

«Абай әлемі – бізді жеті түнде адастырмайтын – темірқазық. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйт­кені жанды же­гідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әл­де­қашан айтып кет­кен»,- дейді Елбасы Абай туралы.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ғұлама мұрасының қазіргі ұрпақ үшін маңызын айта келіп, былай дейді: «Біз ұлттық сананы жаңғыртамыз және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастырамыз десек, Абайдың шығармаларын мұқият оқуымыз керек. ... Өз заманының ғана емес, қазіргі қоғамның да бейнесін танытқан Абай – елдік мұраттың айнымас темірқазығы».

Абай – қазақ халқының ұлттық мақтанышы, оның ар-ожданы. Қазақтың ұлттық «МЕНін» әлемдік деңгейге көтерген жан. Қазақ даласында өз заманының кемеңгері болған тұлғалар сөзсіз жеткілікті, алайда, Абайдай халық даналығының нары болған тұлғаны оның көрмегені хақ. Жас кезінен ол өзінің зеректігімен және байқағыштығымен көзге түсті, көп оқып, әкесіне руаралық дау-дамайды шешуге көмектесті, мәселенің түп мәніне бойлауды үйренді. Абай ойының басқа ақындардан биіктігі – ол мәселенің сыртқы жағын ғана ашып қоймай, ішкі, тереңдегі мәнін де аша білді. Дала ойшылдарының даналығын бойына сіңіріп, көшпелі қоғамның барлық артықшылықтарын қолдана отырып өз өлеңдерінде ақыл мен білімді мадақтайды, билік пен оңай олжаға жаны қас. Ал оның «Қара сөздері» әлем мен адам жанын түсінудегі баға жетпес құндылыққа айналды. Данагөй адам ретінде ол алдымен алдыңғы қатарлы далалық ой өкілдерінің бар даналығын бойына сіңірді, қазақ халқының аңыз-әңгімелерін, әдет-ғұрыптарын жақсы білді. Ал оның орыстың және батыстың классикалық әдебиеті шығармаларымен танысуы оның жадында білімнің артықшылығын түсінуін нығайта түсті. Ол қазақ халқының жарқын болашағын білімді жастардан көрді. Ол жастарды надандықтан, арсыздықтан және бетпақтықтан аулақ жүруге, нәпсінің құлы болмауға шақырды. «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»,- деп еске салады ұлы ойшыл. Ақын тек өз еңбегің мен ақылыңа сен, асыра мақтап, ішіне құлық сақтап тұратындардан сақ бол деп ескертеді. Абайдың айтуынша, тек білім мен тәрбие ғана биік шыңдарды алып, табысқа апарар жолды қысқартады. Бұл үшін қазақ балаларына арнап көп мектеп салу керек, оларды мектепке беріп, олардың бір бөлігін бір түрлі мамандық алуға бағыттаса, екіншісін басқа түрлі мамандық алуға бағыттау керек. Тек білім ғана талантты жастарға өркениетті болашаққа жол аша алады.

Абай даналығы – халық даналығы. Оның ішкі әлемінің көрінісі ретіндегі ойшылдың мұрасы – халық даналығы мен санасының таусылмас қайнар көзі.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?