Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Елордада Қазақ хандығының 550 жылдығы тойы басталды

1760
Елордада Қазақ хандығының 550 жылдығы тойы басталды  - e-history.kz
Бүгін Елорда төріндегі Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Шараға Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Президенті Алмазбек Атамбаев, Түркия Парламентінің төрағасы Исмет Йылмаз қатысты. Сондай-ақ Халықаралық қауымдастық мүшелері, ҚР Парламенті депутаттары, интеллигенция өкілдері мен мемлекеттік орган қызметкерлері, спорт саңлақтары мен өнер майталмандары, отандық және шетелдік БАҚ өкілдері салтанатты жиынның куәсі болды. 

c2eece97f329344a3350d0a4b4636569.jpg

Алдымен Елбасы сөз алып: «Құрметті қауым! Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиын ашық деп жариялаймын», – деді. Осыдан кейін ҚР Мемлекеттік Әнұраны шырқалды. Елбасы түркі басшыларын салтанатты жиынға келгендігі тілге тиек ете отыра, Астанада түркі әлемінің үлкен саммиті жұмысын бастайтынын жеткізді. Барша қазақстандықты Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойымен құттықтады. 

9b668b92e0b02fee11e9e2248f9ffd05.jpg

Салтанатты жиын барысында Совет Одағы тұсындағы ащы шыңдық та айтылды. Сол замандағы мектеп оқушылары ССРО тарихын оқыды, сондықтан ата-баба тарихынан алшақтай түскенін Елбасы баса назар аудара айтты. «Өздеріңіз білесіздер, Совет Одағы тұсында Қазақстан мемлекетінде мектеп оқушылары ССРО тарихы атты ортақ оқулықтан білім алды. Пышақтың жуандығындай ғана кітапшадан тәлім алдық. Сондықтан жас ұрпағымыз ата тарихынана біршама алшақтап қалды. Оның үстіне қазақ хандығы шаңырағын көтеріп, мерейін асырған ұлы заңдарымыз бен даңқты батырларымыздың біртіндеп ел жадынан өшіріле бастады. Тіпті елімізде ханның, батырдың ескерткіштері тұрмақ, олардың аттарында білім, мәдениет нысандары болмады», – деді Мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ Елбасы: «Жұбан Молдағалиев айтқандай, «мың өліп, мың тірілген халықпыз». Талай қиыншылықтың бастан өткерсек те, ата тарихымыздың еншісі қалды. Бұл дала сақ, үйсін, ғұн тайпалары бері де Ұлы Түрік қағанаты өмір сүрді. Осы ұлы далада қазақ хандығын өмірге келді», – деді.  

4038e3152bc1a37da2595a3e01a4d0fb.jpg

Президент қазақ тарихында ұялатын ештеңе жоғын да қайталап айтып өтті. «Мен бұрынырақ бір жазғанымда айтқан едім: «Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ» деп. Бүгін сол сөзімнің жалғасы ретінде айтар едім, бізге бабалар тұлпарының тұяғымен жазылған ата тарихмыздың әр парағы ерекше қымбат. Қазақ халқының бүгінгі және болашақ буыны оны әрдайым мақтан ететін болады», – деді Н. Назарбаев. 

4b85a53a4ea02f368fa858d3e3133a47.jpg

Сөз соңында Ұлт Көшбасшысы: «Бірлігіміздің арқасында алда болашағымыз жарқын болары анық. Бәріміздің киелі атамекеніміз – Қазақтың Ұлы Даласы», – дей отыра, ұлы мақсатқа жету жолында бабаларымыздың есімі мәңгі болсын, ұлы тарих ұлықталсын дегенді де айтып өтті. 

«Әрқашан еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Сіздер мен біздер құрған тәуелсіз Қазақстанымыз мәңгілік ел болсын. Ұлы мақсаттарға жету жолындағы бізге батыр бабаларымыз аруағы жар болсын!» – деді Елбасы. 

a96847d7509a84887d959a88049b94aa.jpg

Тәуелсіздік Сарайындағы салтанатты жиын аяқталды. Енді «Қазақ елі» ескерткішінің алдында еліміздің барлық аймақтарынан келген меймандардың атсалысуымен құрылған этноауыл қалашығында жалғасады. 

 Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?