Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада ерекше көрме ашылды

1722
Астанада ерекше көрме ашылды - e-history.kz
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Әлемдік мәдениет және заманауи кескіндеме» жобасы аясында Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі Вячеслав Михайловтың мерейтойлық ретроспективалық көрмесі ашылды

Экспозицияға 70 жасқа толып отырған қылқалам шеберінің әр жылдары және әртүрлі техникамен жасаған 90-ға жуық кескіндемелік және графикалық туындылары қойылды. 

97644120a1558c9e7a8c2fd97e422616.jpg

«Ұйымдастырылып отырған көрме ресейлік суретшілер мен Ұлттық музей арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесі. Көрме иесін Ресей суретшілерінің көшбасшыларының бірі деп айтуға болады. Ол кісінің туындылары 200-ге тарта көрмелерге қойылған. Суретшінің графикалық жұмыстарының арасында Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және Ресей президенті Владимир Путиннің суреттерін көре аласыздар. Мұның барлығы суретшінің жүрегінен туған дүниелер», – деді көрменің ашылуында Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай. 

Ал Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Ұлттық музей мемлекетаралық мәдениеттің көкжиегін кеңейтудің дәнекері болып отырғанын атап көрсетіп: «Бұл көрменің маңызы зор, ерекшелігі мол. Сондықтан оның берері де көп болатынына сенімдімін», – деді. Сыншылардың пікірінше, қазіргі таңда Вячеслав Михайлов шығармашылықтың шырқау шыңына шыққан петерборлық аға буын суретшілерінің танымал әрі жарқын өкілдерінің бірі болып табылады.

f4294b1b8ca1bc62111946cb8e4648fd.jpg

Вячеслав Михайлов – Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі, Ресей Суретшілер одағының мүшесі, Италия суретшілерінің ұлттық «ITALART» ассоциациясының мүшесі. Көрме экспозицияларына енген жұмыстар бір жағынан академизмнің күшті жақтарын көрсетсе, екінші жағынан оргалит, левкас және құм негізіндегі жазудың бірегей техникасынкөрсетеді. В. Михайлов өткен дәуірлердегі классикалық шығармалардың сарындарын өздігінше түсінеді және ой елегінен басқаша өткізеді. Суретші Қайта өркендеу мен Барокко дәуірлеріндегі жауһарларға ерекше басымдық берген. 

38d2b6fae42388bca8d9b7a440356487.jpg

Көрмеге «Жасырын кешкі ас», «Караваджио бойынша Фоманың сенбеуі», «Қабыл мен Әбіл», «Қасиетті Георгий» сынды танымал сюжеттердің реминисценциялары (еске түсіру арқылы елестету) қойылды. Сонымен қатар экспозициядан суретшінің «Флоренция сарындары» атты топтамасын тамашалауға болады. Онда ол осы қалаға деген сүйіспеншілігін білдіреді. Бұл жерде Леонардо да Винчи, Микеланджело, Петрарка және тағы басқа ұлы суретшілер мен ақындар өмір сүріп, туындыларын жасаған. 

Бұл туралы Вячеслав Михайлов: «Осы топтамадағы менің барлық суреттерімде сұлулықтың символы ретінде жұмсақ қызыл түс кездеседі», – дейді. 

a81c8729f3998d4014be94eff4ded789.jpg

В. Михайлов графикалық жұмыстарында суреттің рухани және интеллектік мазмұнын сақтай отырып туындыларына әдеби-символикалық атаулар беру арқылы өзінің хас шебер екенін дәлелдейді. Вячеслав Михайлов үшін графика – оның күнделігі, шығармашық зертханасы және өз әлемінің антологиясы. Оның сөзінше, ол сурет тілінде сөйлейді және дүниені түрлі түстерден құралған сурет деп қабылдайды.

В. Михайловтың көрмеге қойылған туындыларының арасында Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың, Ресей президенті В. Путиннің, режиссёр Валерий Приемыховтың, жазушы Андрей Платоновтың, суретші Анатолий Белкиннің және тағы басқа танымал тұлғалардың кескіндері бар. Суретші таңдаған тұлғаларының келбеттерін адамдардың тікелей өздерінен емес, түйсіксіз әсерлер мен рационалистік тұжырымдарға сүйене отырып «болмыстан өту арқылы» жасаған. 

В. Михайлов 200-ден астам көрмеге қатысқан. Олардың 61-ін автордың Ресейде және шетелдерде өткізген жеке көрмелері құраған. Суретшінің жұмыстары Мемлекеттік Третьяков Галереясы, Мемлекеттік Орыс музейі сынды жетекші музейлерден сонымен қатар Украина, АҚШ, Қытай, Финляндия, Эстония музейлері мен көптеген жеке жинақтардан орын тапқан. 

Көрме 1 қазанға дейін жалғасады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?