Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Алтай – алтын бесік» халықаралық экспедициясы

2010
«Алтай – алтын бесік» халықаралық экспедициясы - e-history.kz
Бүгін Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданындағы Қарақаба жазығында «Алтай – алтын бесік» халықаралық экспедициясы өз жұмысын бастады

Тарихы бай, шежіреге толы Қарақаба жазығындағы алқалы жиын туралы туралы Халықаралық Түркі Академиясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Бүгінгі күні Халықаралық Түркі академиясының беделі артып келеді. Түркі әлеміне ортақ әр түрлі деңгейдегі шараларды жүйелі әрі тиянақты өткізіп келеді. Соның бір көрінісі ретінде биылғы алғаш рет өткізіліп отырған халықаралық экспедицияны айтуға болады. 

Үш күнге жоспарланған бұл алқалы жиынға Әзербайжан, Қырғызстан, Татарстан, Түркия, Монғолия, Қазақстанның белгілі түркітанушы ғалымдары, археологиялық институттардың басшылары мен бір топ шетелдік және жергілікті БАҚ өкілдері қатысып жатыр. Айта кету керек, Түркі дүниесі археологтарының басын қосқан айтулы шараға түркиялық «TIKA» ұйымы қолдау көрсетіп отыр. 

Халықаралық экспедиция барысында биылғы зерттеу нәтижелері қорытындыланып, Түркі дүниесінің археологиясына қатысты маңызды мәселелер талқыланады. Сонымен қатар шетелдік ғылыми ұйымдармен ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. 

8f1336ccb39c3561e00834fd792a0e87.jpg

Мұндай аса маңызды құжаттардың ішінде ортақ түркі құндылықтарын бірлесіп зерттеу туралы мемориандум бар. Байырғы көне халықтардың бүгінгі ұрпақтары қатысып отырған халықаралық жиын барысында ашық аспан астында көрме ұйымдастырылып, қатысушылар назарына биылғы археологиялық қазба жұмыстарынан табылған олжалар ұсынылмақ. 

Былтыр Академия алғашқы археологиялық қазба жұмыстарын осы Алтай тауларынан бастаған еді. Өйткені Алтай таулары түгел түркінің алтын бесігіне баланады. Бұл туралы көне түркінің «Ергенекөн» жырында айтылады. Алтай туралы ел аузында сақталған жырлар да көп, қазба деректер де, нақты тарихи жазба материалдар да жетерлік. Тек  соны аршып,, пайдалысын халыққа ұсыну, ғылыми айналымға түсіру – қазақ археологиясының, сонымен қатар түркі елдері ғылымының ортақ міндеті.

170e10300d2db8155e9ba8cf7b5856b3.jpg

Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі, мыңжылдықтардан басталатын, әлемге тараған барша түркі халықтарының ортақ тағдыры қиюласатын мекен. Алтайды зерттеу – абыройлы еңбек, ізгілікті қадам. Белгілі тарихшы-археолог Зейнолла Самашевтың басшылығымен жүргізілген былтырғы қазба жұмыстары кезінде VI-VIII ғасырлар шамасында жерленген жауынгер жыраудың жатқан жері табылған болатын. Сарбазбен бірге жерленген қобыз қайта қалпына келтіріліп, Академия жанындағы Түркі музейінің құнды жәдігерлер қатарын толықтырды.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?