Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Нурсултан Назарбаев: человек у власти» кітабының тұсаукескері

1251
«Нурсултан Назарбаев: человек у власти» кітабының тұсаукескері - e-history.kz
Астанада «Нурсултан Назарбаев: человек у власти» кітабының тұсаукесері өтті. Туындының авторлары – еліміздің жетекші тарихшы-ғалымдары Бүркітбай Аяған мен Әлима Ауанасова

Кітап қоғамның игілігіне айналды деп айтып кетті «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ-нің директоры Бейсембай Жұмабеков өз сөзінде. Жаңа басылым Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовке де әсер етті:

– Бүгінгі таныстырылымға бірнеше күн бұрын Президентіміздің бүкіл өмір жолын бейнелейтін кітаппен таныстым. 

Айта кету керек, Нұрсұлтан Назарбаев жастайынан бері билік тізгінін ұстады. Днепродзержинск қаласында топ старостасы, Металлургия комбинатында партия комитетінің хатшысы болып, қалалық партиялық ұйымды басқарды. Жұмыс барысында мемлекеттің алдында қойылған міндеттерді шешуге бар күшін жұмсады. 

Кітап оқығанда мұны сезесіз. Мысалы, 86 жылғы желтоқсан оқиғаларын бейнелегенде осыны аңғарасыз. Бұл уақытта Орталық Комитеттің жаңа басшылығы билікке келді. Жастар Кремльдің осы шешіміне қарсы шығып, митинг өткізді. ОК басқармасының тарапынан Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында митингке қатысқан жастардың алдында сөз сөйлеу міндеті тұрды. Бірақ, бұған қарамастан, ол жас буынға қосылып, жиынға жетекшілік етті. Осындай шешімге келу үшін жігер мен отты жүрек керек. 

c8b2142e87ed0a67e2f724354005c895.JPG

– Кітапта көп деректі материалдар жинақталған. Президентіміздің өмір жолы айқын бейнеленген. Оның әлем мойындаған саясатшы болғаны тікелей, әсірлемей жазылған, – деді тұсаукесер рәсімінің барысында «Егемен Қазақстан» республикалық газеті»  АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов.

eb4a6e08c9dfd6ee78fb591bfaa3edaf.jpg

Сонымен бірге, Сауытбек Абдрахманұлы кітапта көрсетілген деректерден үзінді келтірді: 2013 жылдың шілде айында 60 елдің сарапшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың қазіргі кездегі ең танымал саясатшылардың қатарынан көрсетті. Елбасымыз – елінің игілігіне еселі пайда тигізген әлемнің 5 көсемінің бірі. 

«Егемен Қазақстан» газеті президентінің сөзіне қарағанда, бұл – Президентімізге берілген өте маңызды баға. 

– Әрине, бізге дейін де Президентіміз туралы замандас және шетелдік қаламгерлердің туындылары көп. Бұл кітаптың құндылығы – оны кәсіби тарихшылар құрастырды. Елбасымыздың балалық шағынан бастап барлық материалдар жинадық. 

Туындыда Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлға ретінде қалыптасуы, Украинада оқуы, Теміртаудағы жұмысы туралы айтылған. Ең бастысы – Кеңес жүйесінің ыдырау кезеңіне басты назар аудардық, — деп Бүркітбай Аяған шығармашылығының жемісі туралы өз ойларымен бөлісті. 

Айта кету керек, кітапта ұлт көшбасшысының жұмыс жолының қалыптасу кезеңдері алғаш рет көрсетілген. 

Әсия Болатқызы КҮЗЕМБАЕВА

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?