Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жамбыл Артықбаев: Қазақ хандығы – азаматтық қоғамның түп бейнесі

2323
Жамбыл Артықбаев: Қазақ хандығы – азаматтық қоғамның түп бейнесі - e-history.kz
Қазақ хандығының пайда болуының кейбір аспектілері, мемлекетіміздің қалыптасуындағы оның рөлі жайлы профессор, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаевпен әңгімелестік

– Жәнібек пен Керей хандар жауынгерлік рухы асқақтап тұрған еркін далада қалай Қазақ хандығын құрған? 

– Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы нәтижесінде Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын құрды. Бірінші кезекте империядан Ақ Орда бөлініп шықты. Кейін ол мемлекет тағы екіге бөлінген: Ноғай Ордасы және Әбілқайыр хандығы. Көшпелі өзбектердің ханы Әбілқайыр бұрынғы тұтас елді қайта біріктіріп, Ноғай Ордасындағы биліктің тізгінін ұстағысы келген. 1457 жылы Әбілқайыр хан ойраттардан ірі жеңіліс тапқан. Одан кейін Ноғай Ордасының сұлтандары Жәнібек пен Керей басқаруындағы 500 тайпа Әбілқайыр хандығынан бөлініп шығу туралы шешім қабылдаған. Осылай, олар Бетпақдала өлкесіне көшкен. Сұлтандар Моғолстан басшылығынан Шу өзенінің бойында орналасуды сұраған. Бұл заманда Моғолстанға ойраттар, қырғыздар шабуыл жасап жүрген. Сондықтан да Моғолстан өкіметі жаулардан қорғану үшін қазақтарды қатыстырған. Ал Есен-буға қазақ халқына Шу өзенінің бойын берген. Осылай, Қазақ хандығы құрылған. Ал 1465 жылы көршілес мемлекеттер оны мойындаған.

– Сіздің ойыңызша, неге жауынгерлік қазақтар бейбітшілікті көздеген? 

– 1468 жылдан бері қазақтар қазіргі Қазақстанның аумағын мекендеген. Әбілқайыр өлімінен кейін Керей мен Жәнібек хандары хандықтың бұрынғы аумағына қайтып келген. Жаңа жерлерді тартып алудың керегі болмады. Сонымен бірге, ұстанған көшпелі өмір салтының арқасында қазақтардың қолында барлық ресурстар болған. Айта кету кетек, Қазақ хандығы – азаматтық қоғамның түп бейнесі. Басқару жүйесінде тоталитаризм, авторитарлық дәстүрлер, біреудің еңбегін қанау секілді үрдістер байқалмаған. Сондықтан да бейбітсүйгіш халықпыз.

– Сіздің ойыңызша, Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуына не түрткі болған? 

– XVIII ғасырда Ұлы Жібек жолының ғұмыры аяқталып, енді ол Шығыс пен Батысты байланыстырмайды. Батыс Қытай және Индия елдерінің байлықтарын тартып алу мақсатымен теңіз жолын табады. Осының арқасында біздің өлкеміздегі қалалық мәдениет пен сауданың деңгейі төмендеген. Тарихшы Фазаллах Рузбаханидің дерегінше, XVI ғасырда Сығанақ жәрмеңкесінде бір күннің ішінде 500 түйе сойылған. Ал кешке дейін одан бір кесек ет те қалмаған. Сонымен бірге, Кіші жүздің Ресей империясына қосылуына дейін де кейбір қазақтар бұл мемлекеттегі сауда меншігіне ие болған. Алайда XVIII ғасырда империяның құрамына кірген қалмақтар және башқұрттар оларды тонап жүрген. Әбілқайыр бұл қарым-қатынастарды реттеуді сұраған. Осы кезде Ресей империясы бұл мемлекеттің елшігін қабылдаудың қажеттілігіне сендірген. Сонымен, Кіші жүздің Ресейге қосылуы бейбіт жолмен жүзеге асырылған. 

— Сұхбаттасқаныңызға рахмет! 

Диляра Сейдахметова

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?