Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астана сәулеті: бүгін, ертең

1914
Астана сәулеті: бүгін, ертең - e-history.kz
Астана күні мерекесі қарсаңында ҚР Ұлттық музейінде «Астана сәулеті: бүгін, ертең» тақырыбында дөңгелек үстел өтіп, еліміздің белгілі архитекторлары өз ойларын ортаға салды

Шараны Ұлттық Музейдің директоры Дархан Мыңбай ашып, жүргізіп отырды. 

0926f3d1600a8c05355d83b6f4c4093b.jpg

— Бүгінгі басқосуымызда Еуразия континентінде пайда болған жас Астананың әлемдік архитектурадан алатын орны, құрылыс кешендерінің өзіне тән ерекшеліктері және қаланың болашақтағы даму жоспарын талқылауға шақырамын, — деді музей директоры. 

60e9725aeacac392536db1ae42536a2c.jpg

Жиынға ҚР еңбек сіңірген арихитекторы, академик Серкі Рүстембеков, ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторы, архитектор Жандарбек Мәлібеков, «Тілеп» қайырымдылық қорының президенті, құрылысшы Сапар Ысқақов, Премьер-министрдің жеке фотосуретшісі, фотожурналист Шүкір Шахай, Ұлттық музейдің сәулетшісі, архитектура докторы, Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі, Мәскеу университетінің профессоры Владимир Лаптев, «Алғашқы Астаналықтар» жобасының авторы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Астана қаласының бірінші баспасөз хатшысы Сәдібек Түгел қатысып, өзара еркін пікір алмасты.

a85dd443a6e93fa53aa9a8ace3873496.jpg

 Алғашқы болып сөз алған ҚР мемлекеттік елтаңбасының авторы, архитектор Жандарбек Мәлібеков: 

— Астана еліміздің, отанымыздың келбеті болғандықтан, ғимараттар мен тұрғын үйлер тұрғызу барысында ұлттық ерекшеліктерімізді ескеруіміз қажет. Мәселен, заманауи көп қабатты үйлер халықты вакумге қамап, бір-бірімен аралас-құралас болуға шек қояды. Ал, қазақ әркез қонақжай, көпшіл, бауырмал халық. Біздің архитектура ұлттық құндылықтарымыздың елегінен өткізілуі тиіс. Мәселен, киіз үйдің философиясын сақтай отырып, өте керемет үйлер салуға да болады, — деді. 

9a91b18c3b30aa4507d3eb04eeca285d.jpg

Дөңгелек үстелге қатысушылар Жандарбек Мәлібекұлының пікірін қолдап, қосымша ойларымен бөлісті. Өз елімізде де архитекторлық өнерді дамытып, жаңа сәулетшілер тобын қалыптастырудың маңызы зор екендігі тілге тиек етілді. Сондай-ақ, Астана қаласының бас жоспары ғылыми-зерттеу институты, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы, «Астана — жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы өкілдерінің пікірлері тыңдалды. Бұған қоса, дөңгелек үстел барысында «EXPO-2017» болашақ энергиясы жобасы тансытырылып, көрме кешендері жайлы жан-жақты мәлімет беріліп, Астананың қазіргі мәртебесі мен деңгей, тарихы, саяси-экономикалық, мәдени, танымдық тұрғыдан алғанда зор жауапкершілік ие екендігі баяндалды.

8e59b141f75e7aff6c3b4a1806a66ad7.jpg

Осылайша, бүгінде Астана әлем қауымдастығының рухани, діни және экономикалық орталығына айналып отыр. Астана уақыт пен талғамның, сын мен төзімнің тезінде шыңдалған жас қаланың «Ортарлық Азияның жауһары» деген атқа ие болу жолында тың идеялар мен батыл қадамдар жасауын жалғастыратыны айқын.

fc9d71fc4789d587dffc923269b051c9.jpg


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?