Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Мәдени серуен: Көкшетау қаласының тарихы музейі

3746
Мәдени серуен: Көкшетау қаласының тарихы музейі - e-history.kz
Мұражай қаланың ескі бөлігі Қанай би көшесі, 32 үйде орналасқан. Нақтырақ айтсақ, осы қырдың баурайында, Қопа көлінің жағасында XIX ғасырдың I ширегінде Көкшетаудың құрылуы басталды

Ғимарат – республикалық маңызы бар тарих пен мәдениеттің елеулі ескерткіші. Бір қабатты, қаусырмалы терезелерден тұратын, қоңыр үй ғасырлар бойғы асқан тарих туралы сыр шертеді. Музейдің айналасына қараағаш, терек секілді түрлі ағаштар отырғызылған. 

31954ff05f7c7ffd73e7fff924514ef2.jpg

81cd17c1d1dc60a56bf0aec04ff3da4f.jpg

XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында бұл жерде Кеңес дәуірінің болашақ мемлекеттік қайраткері В.В. Куйбышевтың жанұясы тұрған. Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес әскерінің жараланған жауынгерлеріне арналған госпиталь орналасты. Кейін бұл үйде В.В. Кубышевтің мұражайы ашылды. Ал 2000 жылы ол қаланың тарихи мұражайы болып қайта құрылды. 

Мұражай қорында 15 мың экспонат сақталуда. Олар 1824 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі Көкшетаудың тарихын бейнелейді. 

7634af9226846676d170d11c4c551a34.jpg

ca07bc20900f3cf8f6093f9657d6277c.jpg

XIX ғасырдың бірінші ширегіндегі Көкшетау станциясының суреті экспозицияның алғашқы бөлімінен басты орын алады. Мұнда бұрынғы Көкшетау тарихы туралы мәліметтер, қазіргі қала туралы да деректер бар. 

a11c9dbb9e82495157794383f6ea0b65.jpg

cf3067a6d7d12fd8e0ec8c89d9cefc18.jpg

Музейдің бірінші залы Абылай хан, Кенесары, Қанай би секілді тарихи тұлғалар туралы сыр шертеді. Олардың өмірі мен қызметі XVIII ғасырдағы Көкшетау қаласымен тығыз байланысты болған. Залдың шағын көлемді экспозициясы белгілі қазақ тарихшысы Шоқан Уәлиханов жайлы құнды мағлұматтар береді. 

3d70614a4c2063eaefdd3b1bec593aba.jpg

Ал екінші залда В.В. Куйбышев атындағы мемориалды музей мұрағаттары қорының кейбір экспонаттары қойылды. 

573a7bb00f81df09152f668a77e85bf2.jpg

Сонымен қоса, залда Кеңес өкіметінің қалыптасу жылдарын бейнелейтін құжаттар мен фотоматериалдардың үлгілері, ХХ ғасырдың басындағы Көкшетау көріністерін бейнелейтін фотосуреттердің жиынтығы да бар. Науан Хазірет атындағы мешіттің суреттері де экспозицияның қатарында тұр. 

9106f7572ef6c3fb096089b39e1158e7.jpg

e3774f164859453337c57a97bb6fc5f4.jpg

4aab0518641902a4b2eb2659030da7c5.jpg

Үшінші залдың экспозициясы Көкшетау қаласындағы темір жолдың пайда болуына арналады. 1922 жылдан бері алғашқы пойыздар қатынай бастады. Басқа жәдігерлер Ұлы Отан соғысы және тың иегеру жылдарындағы Көкшетауды бейнелейді. 

Төртінші залда келушілердің назарына өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуы мен қазіргі қаланың тарихы туралы мәліметтер ұсынылады. Бұл жерде қойылған стендттер денсаулық сақтау, білім беру салаларының тарихын сипаттайды. Тәуелсіз Қазақстанның жемісті кезеңдерін де сипаттайтын тарихи жәдігерлерді осы жерден көре аласыз.

Ал бесінші залда қала мәдениетінің дамуы туралы мәліметтер жинақталған. Экспозиция музейдің ауласында экскурсия аяқталады. Ондағы жабық алаңда «Кадиллак» маркалы автокөлік, жүгенді көліктер — қысқы шана мен арба қойылған. 

 Алена ДЕМЧЕНКО

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?