Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақстан Республикасы Елтаңбасы авторының өмір жолы

2690
Қазақстан Республикасы Елтаңбасы авторының өмір жолы - e-history.kz
«Қазақстан тренді – жетістікті адамдар». Жандарбек Мәлібековпен эксклюзивті сұхбат

Жандарбек Мәлібеков – Өзбекстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында 1942 жылы 24 наурызда дүниеге келді. Ташкент политехникалық институтының сәулет факультетін бітірген. Жобалардың бас сәулетшісі, Өзбекстанның өнеркәсіптік ғылыми-зерттеу институтындағы қала құрылысы шеберханасының жетекшісі. Андижан қаласындағы әуежайды, Ферғана қаласындағы облыстық пошта ғимаратын, Самарқандтағы драмалық театр мен Орталық кітапхананы, Ангрен, Ферғана және Самарқанд қалаларындағы бірнеше ықшамаудандарын жобалауға белсенді түрде қатысты.

55817ba5e5a208af6a7bf29f9a57ac84.jpg

– Жандарбек Мәлібекұлы, өзіңіздің отбасыңыз туралы және балалық шағыңыздың қайда өткендігі туралы айтып бересіз бе?

–  Мен 1942 жылдың 24 наурызында Қызылорда облысының Жаңақорған жерінде теміржолшы отбасында дүниеге келдім. Әкемнің есімі – Мәлібек Андарбаев. Әкем 1955 жылға дейін Түрксібте теміржолшы болып еңбек етті. ҰОС жылдарындағы жұмыс кезеңі үшін ол көптеген ордендермен, ал ең бастысы – өте сирек берілетін Еңбек Қызыл ту орденімен марапатталды. Мен өте кішкене болғанымда анам қайтыс болған екен, алайда әкеме үш ұлды дүниеге әкеп үлгерген: Шабдарбек, Айдарбек және Жандарбек. Біз орта жүзден шыққанбыз, соның ішінде найман – садыр – тоң руынан. Менің туылған жерім әулие жер болып есептеледі, ертеректе 3000 жыл бұрын Сығанақ қалашығының негізі қаланған екен.

– Сіздің мектеп тегі жылдарыңыз қалай қалыптасты?

– Біліммен байланысты жағдайым өте күрделі болатын. 50 жылдардың өзінде біздің ауыл оқу және жазу дегенді білмеді. Жұмыскерлердің еңбекақыларын алғанда, өздерінің саусақтарымен мөр басып жатқан кездері есімде. Медресе де өте аз болатын және оны аяқтағандар дін мәселелері бойынша ағартушылық жұмыстарын ғана жүргізді. Мен мектептен 10 сыныпты да оқып шықтым. Әскерден қайтқан адамдар сабақ өткізетін әйтеуір бір барак есімде. 10 сыныпты аяқтағаннан кейін, ары қарай не істеу керектігімді ойладым. Менің сурет салуға икемім болатын. «Пионерская правда» газетінен Ташкент көркемдік училищесіне қабылдау туралы жарнамасын көріп, соған түсуге бел будым.

– Ташкентке көркемдік училищеге түсуді шешкенде, сізде не ақшаңыз, не жұмысыңыз болмаған. Сізге ол жаққа қалай жеттіңіз?

– 15-16 жасымда 10 мың өңделмеген кірпіш төседім де, жол жүруге осылай табыс таптым. Алайда маған ол жаққа баруға өте қорқынышты болатын. Ешкімді ескертпей, көзімді жұмдым да, пойызға отырып Ташкенте оқуға түсуге кеттім.

– Сол уақытта қандай шешім қабылдадыңыз?

– Мен не істерімді білмей, сасып қалдым. Сол кезде политехникалық институтта оқыған адаммен жолықтым. Ол маған осы институтқа түсуіме жөн сілтеді. Мен сонда барып, 4 емтихан тапсырдым да, сәулет-құрылыс факультетіне оқуға түсіп кеттім. Осылайша кездейсоқ сәулет өнеріне келдім, ал балалық шағымда сәулет өнері дегеннің не екендігін білмейтін едім.

– Институтта білім алған кездеріңіз қалай өтті?

– Алғашқы үш курста күндіз кәсіпорында еңбек ететінбіз, ал кешкі уақытта оқуға барамыз. Университетте 6 жыл оқып шықтым. Соңғы 3 жылды үздіксіз оқыдық. Бұл кездері Кеңес Одағында тәжірибелік жүйе жақсы қалыптасқан еді, бізді Орта Азия мен Еуропаға бағыттап жіберіп жатты. Біз құрамында электршісі, сылақшысы, қалаушы және басқалары бар бесаспап топ болатынбыз. 4-курстан соң, бізді Киев университетіне жіберді. Бізге химиялық факультетін жөндеуді сеніп тапсырды. Өндіріс пен оқу мендегі кәсіби шеберлікті қалыптастырды.

– Жеке отбасын қалай құрдыңыз? 

– Қызылордаға туысқандарыма келгенімде, менен олар үнемі қашан үйленетіндігімді сұрай беретін. 27 жасқа келгенімде мен де бұл төңірегінде байсалды шешім қабылдауыма тура келді. Болашақ жарым өзімнің немере қарындасыммен бірге Қызылорда қаласында оқитын. Бір жолы оны көрдім де, «шабуыл жасауды» шештім. Осыдан кейін біз 1969 жылы үйлендік. Қазір біздің некелескенімізге 43 жыл толды, осы уақыттары үш ұлымыз дүние есігін ашты. Олардың барлығы да сәулет өнері саласынан білім алды.

– Сіз көп уақыт бойы Өзбекстанда тұрған екенсіз, Отанымызға қалай оралдыңыз?

– Институтты аяқтағаннан кейін, мені Қазақстанға жіберуін сұрадым, алайда мені сол жерде қалдырды. Осылайша 17 жыл бойы Самарқанда барлық объектілері құрылысына жетекшілік еттім. 1992 жылы 50 жасқа толдым. Қазақстан Тәуелсіздігін алып, сол уақыттары мемлекеттік рәміздерге конкурс жариялады да, маған сол конкурсқа қатысуға ұсыныс жасады. Елтаңбаны жасау үшін, тек қазақтардың ғана емес, сонымен қатар өзге халықтардың да көптеген символдарын қарадым. Қазақ жүздерінде 300-ден астам таңба болған екен, мен сонда да олардың бірін де елтаңбаға қолданбауға тырыстым. Өйткені елтаңбада еліміздің өткені, қазіргі кезеңі мен болашағын танытатын еліміздің барлық тарихы көрініс табуы керек. Осылай елтаңбаға жарияланған конкурс мені туған еліме қайтарды.

64a3823b8e21e81f2ee82a9d4336b34e.jpg


216e3a0f0d866a77c6e24b3dc38bf54f.jpg

– Жандарбек Мәлібекұлы, сұхбатымыздың қорытындысына өзіңіз қандай ой қосар едіңіз?

– Мен қазіргі сәулет өнері туралы өзімнің жеке пікірімді қосқым келеді. Қазір біз секциялық үйлерде тұрамыз, бір-бірімізді жіті танымаймыз, ал көршілерімізбен тіпті сирек жүздесеміз. Айналамыздағы адамдарға селсоқ қарайтын болдық. Осының барлығына, ішінара заманауи сәулет өнері кінәлі, секциялық үйлер бізді шектеп қойды, олар біздің дәстүрімізді, тұрмысымыз, қарым-қатынасымыз, сәйкесінше тілімізді де бұзды. Біздің ата-бабаларымыз киіз үй секілді бірегей сәулеттік құрылымдарда тіршілік етті, барлық қазақ дәстүрлері сонда тәрбиеге енгізілді. Сондықтан да қазақ даласы құрылымдалған киіз үйді әлемдік цивилизацияның бірегейі деп есептеймін.

– Уақытыңызды бөлгеніңіз үшін, сізге алғысымызды білдіреміз және сізге сәттілік пен денсаулық тілейміз!

Мирас НҰРЛАНҰЛЫ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?