Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Казконтент» АҚ «асық атудан» бірінші республикалық жарыс өткізеді

3141
«Казконтент» АҚ «асық атудан» бірінші республикалық жарыс өткізеді - e-history.kz
Асық ату – қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Ептілік пен мергендікті, ұшқырлық пен әбжілдікті талап ететін ойынның бұл түрі кейінгі кезде басқаша қарқын алып дамуда

2015 жылдың 20 маусымында Астана қаласының «Хан Шатыр» ойын-сауық кешенінде «Қазконтент» АҚ «Асық ату» ұлттық ойыны бойынша республикалық БАҚ арасында Бірінші республикалық жарыс өткізеді. Бұл шара ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлер күніне арнап ұйымдастырылған. 

ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ, «Қазконтент» АҚ, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ, «Казахстанская правда» РГ» АҚ, «ҚазАқпарат» ХАА» ЖШС, «Астана қ. телеарнасы» ЖШС, «Бас редакторлар клубы» ҚҚ құрама командалары өзінің ептілігін, мергендігі мен көшбасшы қасиеттерін көрсетеді. 

Асықтың әр түрлі  атаулары бар. Иіргенде түскен қалпына қарай асық алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны сақа, жақсылары оңқы аталады. Аасық ойнының төмендегідей түрлері бар: үш табан, бүгіп алу, көн (жоң), жарып алу, сыпырмай, түртпей, тыштырмай атан, бестас, мергендік немесе шеңбер жасап ату, хан талапай, алты табан, асық қағу, қаршу, алшы, шұбырту, ұпай ұтысу, қол жоң, ат жарыстыру, қошқар соғыстыру, мұз ойнақ, иірмекіл, қақпақыл, сасыр, хан ойыны, аламан хан, асық табысу (асық жасыру), бүк-шік, төрт шүкейт, шомшы, манай және т.б. Алайда бұл жарыс мынадай түрде өткізіледі: ер адамдар үшін – «бес табан», әйел адамдар үшін – «бес асық». Әйелдер үшін ойнаталын асық ойынын кей өңірлерде «бестас»  деп атайды. Маңғыстау қазақтары арасында этнографиялық зерттеу жүргізген Р. Карутцтың төмендегідей мәліметтерін келтіруге болады: «Әдетте, балалар әртүрлі түске боялған асықтармен ойнауды ұнатады. Қолына 6-7 асықты алады да, алақанымен және қолының сыртымен қағып ойнайды. Жерге түсіп кеткен асықтарды жинап алып, осыны бірнеше рет қайталайды». Зерттеушінің айтып отырған ойынның аты бестас деп аталады. Ал солтүстік және шығыс өңірлердегі бұл ойынның атауы – асық қаршу. 

Совет үкіметі кезінде бала тәрбиесіне жат, еріккеннің ермегі деп саналған ұлттық ойынның бүгінде қайта өрістеп дамуы қуанышты жағдай. Мұндай жарыстар жер-жерде ұйымдастырылып, жиі-жиі өткізіліп тұрса, біріншіден, ұлттық ойынды насихаттауымызды көрсетеді, екіншіден, арқа-қасымыздың құрысқаны жазылып, бойымызды сергітіп, көздеп атып, қол-аяғымызды қимылдатып, қозғалысқа түскенімізге таптырмас амал.

Жарыс аясында «Асыл-Дизайн» Сән үйі негізін салушы, Қазақстан дизайнерлері одағының мүшесі Айдархан Калиевтің «Пери Великой Степи» жаңа коллекциясы ұсынылады. Коллекцияның пайда болу идеясы «нео-фольклор» көшпенділердің костюм өнерінің дана дәстүрі мен «Жаз-2015» сән сезонының үрдісі синтезінде құрылған. Коллекция авторы Азия мен Еуропа арасында теңгеріп, этникалық мотивті еуропалық қағидаға нәзік тұжырымдаған. 

Көрсетілім үлгілерін «Казконтент» АҚ-ның «Bnews.kz», «Baq.kz», «Strategy2050.kz», «Primeminister.kz» ақпараттық агенттігі, «E-history.kz», «Adebiportal.kz», «El.kz» интернет-жобалары және «Kaztube.kz» бейне-порталы қызметкерлері ұсынады. 

«Асық ату» Республикалық федерациясы, «Хан Шатыр» ОСК, «Асыл-Дизайн» Сән үйі, «AMINA JEWELS Kazakhstan» зергерлік салоны, «PrimaVera» сән агенттігі аталған шараға қолдау көрсетті. 

Әлеуметтік желідегі ресми хэштегі – #kazcontent. 

Өткізілетін орны мен уақыты: 2015 жылдың 20 маусымы, 14:00 с., «Хан Шатыр» ОСК атриумы. Байланыс мәліметтері: шара координаторы Аида Малгаздарова, +7(7172)79-82-22, A.Kazybaeva@kzcontent.kz.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?