Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Өнер Fest» көрме-жәрмеңкесі

3682
«Өнер Fest» көрме-жәрмеңкесі - e-history.kz
13 маусымда Көкшетауда сәндік-қолданбалы өнердің көрме-жәрмеңкесі өтті

Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін «Өнер Fest» көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 

992229c694787e392d7f018d9f0c85fd.jpg

Көрме өңіраралық музей фестивалінің аясында өткізіліп, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды. Көрмелік этномәдени алаң ашық аспан астындағы 16 шатырдан, павильон мен шеберханадан тұрды. Көрмеге 70-тен астам қатысушы атсалысып, табиғи материалдардан жасалған бұйымдарын көпшіліктің назарына ұсынды. 

Арт-экспозицияға жергілікті суретшілердің туындылары, Балалар көркем мектебінің ұстаздары мен оқушыларының шығармашылық еңбектері, Көкшетау қаласындағы жоғары, орта оқу орындарының мұғалімдері мен студенттерінің жұмыстары қойылған.

8dd9030e54057aa0182fe26dc90e7eea.jpg

Сондай-ақ Шортанды, Бурабай, Қорғалжын, Көкшетау шеберлері өз еңбектерін көрсетіп, Ақмоладағы ҚХА жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері қауымдастығының мүшелері де туындыларын ұсынды. 

Көрмеге қойылған заттардың арасында экологиялық тұрғыдан таза киіз, ағаш пен сүйекке ою салу өнерінің тамаша бұйымдары, моншақтан тоқылған және табиғи тастардан жасалған әр түрлі кәдесыйлар, зергерлік бұйымдар, былғарыдан жасалған бұйымдар, тұскілемдер бар. Киізден жасалған заттарда дизайнерлік мәтін көзге түседі. 

bdab526c6b19c030166077e7acec32e9.jpg

«Өнер Fest» көрмесінің аясында арнайы дайындалған бағдарлама өтті. Бағдарлама барысында шеберлік сабақтар ұйымдастырылды. Көрмеге келген адамдар керемет бұйымдарды көре отырып, оларды сатып алу мүмкіндігіне де ие болды. 

«25 жыл бойы музыка аспаптарын жасаумен айналысып жатырмын. Ұлым Шыңғыс шеберлік өнерімізді шығармашылық шабытпен жалғастыруда... Осылайша, қазіргі кезде шеберханада менің туыстарым жұмыс істеуде. Қазіргі таңда адамдар өнерімізді жете түсінеді. Егер бұрын домбыраның сыртқы түріне, көлеміне назар аударып жатса, бүгінде домбыраның естілуіне құлақ салады», — деді көкшетаулық шебер Шоқан Еламанов. 

Шоқан Еламанов жасаған домбыралар және қобыздар бүкіл өңірге танымал.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?