Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

«Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы қызықты деректер

10582
«Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы қызықты деректер - e-history.kz
«Байқоңыр» – әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы. Халықаралық маңызы бар нысан туралы келесі қызықты деректерді көп адам біле бермейді

  • 1995 жылдан бері Байқоңыр – Ресей Федерациясының құрамындағы федералдық маңызы бар қала. 
  • Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті кеңестік ракеталардың құпиясын сақтау үшін ғарыш айлағы орналасу жерінің екі сызбасын құрастырды. 
  • Жасалған келісім-шарт бойынша Байқоңырды жалға беру мерзімі 2050 жылы аяқталады. 

caa848183592b122d6c0a01a3a68134f.jpg

  • 1950 жылы Қазақ даласында ғарыш айлағын салу құрылысы басталғанда ықтимал қарсыластарды алдау үшін Қарағанды облысының Байқоңыр кентінде ағаштан тағы да бір ғарыш алаңы салынған. «Восток-1» («Шығыс-1») кемесін ұшырғаннан кейін (кеменің бортында атақты Гагарин болған) осы кенттен 300 шақырым жерде орналасқан басқа ғарыш айлағына «Байқоңыр» атауы берілді.
  • Жер шарын алғаш рет айналып шыққан «Восток-1» кемесінің ұшу мерзімі – 108 минут. 
  •  «Байқоңыр» ғарыш айлағының астанасы – Байқоңыр қаласы. Қала 1955 жылдан бері салына бастаған. Құрылыс ғарыш айлағының маңызды нысандарын салумен бірге жүргізілген. 
  • 130-дан астам отандық және шетелдік ғарыш «Байқоңыр» ғарыш айлағынан орбитаға ұшып шықты. 

e538b7ea0c817e887a99b8bb91c98498.jpg

  • «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған «Восток-1» кемесі белгіленген орбита бойынша 28 000 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. 
  • 50 жылдың ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1500-ден астам әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараты, 100-ден астам континентаралық баллистикалық ракета, негізгі ракеталардың 38 түрі, сондай-ақ 80-нен астам ғарыш аппараты және оның модификациялары ғарышқа ұшырылды. 
  • 2000 жылы Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров «Жыл адамы» деп танылды.

e333c9358f90d30337c08d2cbe074022.jpg

  •  «Байқоңырдағы» техниканың механизмдерін тазалау үшін спирт қолданылады, сондықтан да ғарыш айлағына 12 тонна спирт жіберілген. 7 тонна спирт пайдаланылған, ал спирттің қалған бөлігі үшін арнайы шұңқыр қазылды. Оның үстіне құм төселген. Алайда, мұны біліп алған адамдар шұңқырды қазып, ғарыш кешеніндегі «құрғақ» заңды бұзбақшы болыпты... Аз уақыттан кейін тәртіп қайта орнатылды. Шұңқырдағы спиртті өрттеп жіберді. 
  •  Көптеген адамдар біле бермейді, бірақ 1998 жылы ғарышқа екінші рет ұшқан Талғат Мұсабаев «Мир» орбиталық станциясын құтқарды. 
  •  2001 жылы Талғат Мұсабаев америкалық турист Денис Титомен бірге (әлемдік біріншілік) ғарышқа ұшты. 
  • Юрий Гагаринді «ғарышкер» емес, «астронавт» деп атаған. Мұны Франция, Ұлыбритания, АҚШ басшылығы Мәскеуге жолдаған құттықтаулар дәлелдейді. 

62f373a48960b2439a699014d54a24de.jpg

  • Байқоңыр қаласы бұрын «Ленинск» атауына ие болған. Бұл жерден көптеген ракеталар ғарышқа ұшырылып, жүздеген адамдардың өмірлері қыршыннан қиылды. Аталмыш оқиғалар Гагариннің ғарышқа ұшуына дейін орын алған. Сонымен бірге, тұңғыш ғарышкер - әйел ғарышқа ұшқаннан кейін де бір ракета жарылды. Оқиға орнында көп адам қаза тапты. 
  • Кеменің кабинасында отырған Юрий Гагарин және бас құрылымдаушысы Сергей Ковалевтің өзара сөйлесуінің кадры — имитация (жасанды жолмен түсірілген кадр). 
  • Юрий Гагарин ұшудың соңғы сатысында айқайлап жіберген: «Я горю, прощайте, товарищи!» — «Өртеніп жатырмын, қош болыңдар, жолдастар!» Ұзақ уақыт бойы ешкім де Гагариннің осы сөздерін жазбады.

Мирас ІРГЕБАЕВ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?