Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ақтөбе қаласына – 146 жыл

6345
Ақтөбе қаласына – 146 жыл - e-history.kz

Ақтөбе қаласының тарихы 1869 жылдың 28 мамырында басталған. Бұл күні «Ақ төбе» деп аталған әскери бекінісінің негізі қаланған.

1999 жылдың наурызында өзінің «Ақтөбе» деген тарихи атауына ие болған қала советтік кезеңде Актюбинск деп аталды. 

1869 жылдың мамырында Хобда мен Елек өзендерінің аралығына флигель-адъютант, граф фон Бог басқарған жасақ жіберілген. Осылай, Лев Баллюзек атындағы өлкенің әскери губернаторы Елек пен Қарғалы өзендерінің қосылысқан жерінде Ақ төбе бекінісін салуды тапсырған. Осы күні қаланың тарихы басталған. 

89c591072535ce9db2a96bdcbd148a21.jpg

1874 жылы Ақтөбе қаласының аумағында құрылыс салу бас жоспары алғаш рет әзірленген. Бұл құжат бойынша Актюбинск бірнеше аудандарға бөлінген: Оторвановка, Татар слободасы, Құрмыш ауданы. Сонымен бірге, қалада бес тұңғыш көше пайда болған: Георгиевский, Илецкий, Оренбургский, Крепостной, Гарнизонный. 

Актюбинск қаласы баяу дамыды. Сонымен бірге, 1891-1892 жылдарында халқының үлкен бөлігі қаладан көшіп кеткен еді. Ал 1893 жылдан бастап қала тұрғындарының саны қайтадан көбейе бастады. 1895 жылы өлкеде 2263 адам қоныстанды. 

Қаланың тарихында Ташкент темір жолының салынуы ерекше орын алған. Ол 1902 жылы салынып, Ташкент – Орынбор бағытында қатынаған. Ташкент темір жолы Актюбинск қаласының экономикасына оң өзгерістер әкелген. 

Әсіресе, соғыс кезінде қаланың маңызы арта түсті. 101-ұлттық атқыштар бригадасы, 312-атқыштар дивизиясы, 29-миномет полкы және басқа да әскери бөлімдер, бөлімшілер осында жасақталған. 

1832174d75fc80ddaf1693df18462d58.jpg

1950 жылдар, Ленин көшесі 

1940-1960 жылдары ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бой көтерді: хром қосындылары зауыттары, ауылшаруашылық машина жасау саласы, рентген аппаратурасын шығару саласы, сүт және ет комбинаттары, тігін фабрикалары және басқалар. 

ССРО кезінде Актюбинск қаласы индустриалды қалаға айналды. Сонымен қоса, өнеркәсіптік және мәдени орталық ретінде де белгілі болған. 

8a66e4f12aa0b46de21e574deae9c959.jpg

Ленин алаңы, 1960 жылдары

1946 жылдан кейін де Ақтөбе тез дамып, өнеркәсіп және мәдени орталыққа айналды. Ақтөбеде 400 мыңнан астам адам тұрады. 

15927648b087f53dd6f0f3f97c74f50d.jpg

Ақтөбе қаласы – батыс  аймақта болып жатқан өзгерістерді тез қабылдап, Ресей империясындағы жаңалықтарға ден қойған. Қаланың бейнесі тарих тегеурінінде көп өзгерістерге ұшырап, бүгінде шырайлы шаһарға айналған. Бүгінгі Ақтөбе – өнеркәсібі, кәсіпкерлік және қаржылық құрылымдары, құрылысы, оның ішінде тұрғын үй құрылысы дамыған, сондай-ақ қолайлы коммуникациялары бар қазіргі заманға сай қала. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?