Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Мәртебесі биік марапаттар» көрмесі

2246
«Мәртебесі биік марапаттар» көрмесі - e-history.kz
2015 жылы 8 маусымда сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Мәртебесі биік марапаттар» атты көрме көпшілікке ұсынылады

Көрменің мақсаты – музей жәдігерлері арқылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаңа қазақстандық мемлекеттілік пен ашық қоғамды қалыптастырудағы рөлін, қоғамдық өмірдің көптеген саласына қосқан үлесін көрсету. Сол арқылы жас жеткіншектермен бірге саналы ұрпақты ел қамын ойлайтын азамат ретінде қалыптастыруға бағыттау. 

Алғаш рет қалың көрермен назарына Мемлекет басшысының 200-ден аса қоғамдық марапаты ұсынылады. Олардың қатарында: «Бірінші халықаралық бейбітшілік сыйлығы», «Инвестициялық Періште» сыйлығы, «Жыл адамы» халықаралық сыйлығы, «Ұлы Бадр алқасы», «Ақ Қыран ордені», «Емен тәж», және т.б. 

Тату көршілік пен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметінің арқасында, Елбасымыз дүниежүзілік қоғамдастық алдында үлкен сый-құрметке бөленіп отыр. Әлемдік сарапшылардың мойындауынша, Қазақстандағы Назарбаев жүргізіп келе жатқан саясат XX ғасыр соңында пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттер тарихындағы ең табыстылардың бірі болып есептеледі. Бұның айғағы Қазақстан Республикасы Президентінің әлемнің көптеген мемлекеттердің жоғары мемлекеттік марапаттарымен қатар, халықаралық ұйымдар тарапынан әр кезеңдерде ұсынылған қоғамдық танылудың белгілері. 

Сондай-ақ тұңғыш Президентіміз Қазақстанның ең жоғары ерекшелік белгісі – ерекше үлгідегі «Алтын Қыран» орденімен марапатталғаны көпшілікке белгілі. Қоғамдық марапаттар жиынтығы өзінің құрамы жағынан әртүрлі: ордендер, алқалар, куәліктер, дипломдар, мақтау қағаздары және сертификаттар. Мемлекет басшысының қоғамдық марапаттары – Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік кеңістікке танылуының нәтижесі. Мемлекет басшысының қызметінің көлемі кең және көп қырлы, тек саясат және мемлекеттік басқару салаларымен ғана шектеліп қалмайды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан армиясының Жоғарғы Бас Қолбасшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының және «Нұр Отан» партиясының Төрағасы болып табылады. Бұл оның республиканың осы маңызды қоғамдық институттарын қалыптастырудағы және нығайтудағы орасан тарихи рөлінің заңды көрінісіне айналды.

Экспозиция мынадай тақырыптық бөлімдерден тұрады: мемлекетаралық ынтымақтастық пен ықпалдасу саласындағы марапаттар; мемлекеттік басқару және экономика саласындағы марапаттар; қауіпсіздік, саласындағы марапаттар; ұлтаралық және конфессияаралық келісім саласындағы марапаттар; білім, ғылым және денсаулық сақтау саласындағы марапаттар; мәдениет саласындағы марапаттар; спорт және туризм саласындағы марапаттар көрсетілген. 

«Мәртебесі биік марапаттар» көрмесі 2015 жылдың 17 тамызына дейін жалғасады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?