Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Геологиялық ғылымдар институтына – 75 жыл

3839
Геологиялық ғылымдар институтына – 75 жыл - e-history.kz
Геологиялық ғылымдар институты 1940 жылы құрылды, ал 1964 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Қаулысы бойынша Институтқа Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың есімі берілді

Қаныш Имантайұлы 1941 жылдың шілдесінен бастап Институттың директоры болып тағайындалып, өмірінің соңына дейін осы қызметті атқарды. Оның есімі Қазақстандағы өнеркәсіп пен ғылымның қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Қ.И. Сәтбаев — Жезқазғандағы мыс және Жезді кентінің марганец кен орындарын ашқан тұңғыш қазақ геологы; қазақстандық ғылымның өркендеуіне, оның тәжірибелік пайдасының өсуіне еңбек еткен, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы әрі бірінші президенті; кеңестік Шығыс елдерінің республикаларындағы КСРО Ғылым Академиясының тұңғыш академигі; ғылыми кадрларды даярлауда көп еңбек сіңірген жастардың дана ұстазы. 

Кадрлық потенциалының және жинаған деректердің ірі базасының арқасында Институттан бөлініп шықты: 

1. Тау-кен институты (1945 ж.), 

2. Химия институты (1945 ж.), 

3. Металлургия және кен байыту институты (1946 ж.), 

4. Гидрогеология мен гидрофизика институты (1965 ж.), 

 5. Сейсмология институты (1976 ж.). 

Институтты бітірген алғашқы түлектер өткізген зерттеулердің нәтижесінде Шығыс Қазақстанның алғашқы геологиялық картасы жазылып, 1941 жылы «Шығыс Қазақстан» атты ірі монография «КСРО геологиясы» 20-томдық еңбек ретінде жарық көрді. 20-томдық кітаптың авторы — Н. Г. Кассина. Геология саласындағы бұл көрнекті жетістік 1946 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды. 

Соғыстан кейінгі жылдарда Институтта геология ғылымының барлық бағыттары дами бастады: металлогения, палеонтология, стратиграфия, геотектоника, минералогия, геохимия, геофизика, гидрогеология. 

60-70-ші жылдрында Геология ғылымдарының институты Қазақстан геологиясы үшін бағыттаушы күшке айналды. Қазақстан геологтары алғаш рет Орталық Қазақстанның және Кенді Алтайдың, Калбаның металлогенді, болжамды карталарын құрастырды. 

Өткен ғасырдың 60-90-шы жылдарында сирек кездесетін металдардың кен орындары Орталық (Көктенкөл, Жоғары Қайрақты, Байназар, Селтей, Батыстау және басқ.), Оңтүстік (Боғұты, Қарағайлы Ақтас), ал кейін Солтүстік Қазақстанда (Баян, Ақсоран, Сырымбет, Донецкое) ашылды. 

Успенский аймағын кешенді зерттеу нәтижесінде ірі кен орындары іріктелді. Зерттеудің нәтижелері алты томдық монографияда жарияланды. 1972 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік Сыйлығы берілді. 

Кейінгі жылдарда (1974-1979 жж.) Қазақ КСР ҒА және Қазақ КСР Геология министрлігінің үлкен ұжымымен бірге Шу-Іле аймағын зерттеу ұйымдастырылды. Бұл зерттеудің нәтижелері де алты томдық монографияда жарық көріп, басқа барлық еңбектермен бірге оған да 1980 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік Сыйлығы берілді. 

Қазіргі кезде Институт Қазақстандағы жетекші геологиялық ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?