Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Тайқазан» Ұлттық музейге тапсырылды

2547
«Тайқазан» Ұлттық музейге тапсырылды - e-history.kz
«Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 ізгі ісі» республикалық акциясының символы – «Тайқазан» Ұлттық мұражайға тапсырылды.

Бүгін ҚР Ұлттық музейінің алдындағы алаңда Халықаралық мұражайлар күнін мерекелеу аясында 300 адамның қатысуымен «Мәңгілік ел» идеясына арналған флэшмоб өтті. «ҚХА 20 ізгі ісі» республикалық акциясының символы – «Тайқазанды» салтанатты түрде мұражайға тапсыру рәсімі театрландырылған қойылым арқылы көрсетілді. 

d7159c058a1d801cb1af210bf20e75cf.jpg

Аталмыш іс-шара туралы өз ойымен «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкері Камал Әлпейісова бөлісті: 

– 2015 жыл Елбасының жарлығымен Қазақстан Халқы Ассамблеясы жылы болып жарияланғаны белгілі. Бұл айтулы жылдың аясында бірқатар белді іс-шаралар жүзеге асырылуда. Соның ішіндегі белді іс-шаралардың бірі – «Қазақстан Халық Ассамблеясының 20 ізгі ісі» деп аталатын республикалық акция. Міне, Түркістандағы үлкен тайқазанның кішігірім көшірмесі осы акцияның символы ретінде ҚР Ұлттық музейіне тапсырылып отыр. Еліміздің Ұлттық музейі барлық қырынан қарағанда әлемдегі ірі музейлерінің қатарында өзіндік орынға ие. Ол толассыз тарихымыздың тылсым тұстарынан сыр шертетін бірден бір шаңырақ, – деді Камал Әбілқасымқызы. 

– Құрметті достар, музей қонақтары! Ұлттық музей барлық қазақстандықтар мен еліміздің қонақтары үшін нағыз рухани орталық болғанына кәміл сенемін. Өз тарихымыздың тереңіне үңіліп, материалдық және рухани бай мұрамыздан нәр алу арқылы болашаққа нық қадам жасап келеміз. Ұлттық құндылықтарды ұлықтау – Отанымыздың, ата-аналарымыз бен жақындарымыздың алдындағы асыл борышымыз. Кейде борыш махабат пен өлімнен-де күшті болады. Осы борыштарымызға деген адалдығымыздың арқасында біз ынтымақ пен бірлікте өмір сүрудеміз. Бұл орайда Елбасымыз Н. Назарбаевтың еңселі еңбегі мен сындарлы саясатын ерекше атап кетуіміз керек. 18 мамыр – Халықаралық музей күні Ұлттық мұражайда сіздерді арнайы бағдарламалар тосып тұр. Баршаңызды шақырамыз. Егемендігіміз мәңгілік болсын! Музейге қош келдіңіздер! – деді ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай. 

b0e327aaaa599cff5dd2f8eb5e9bccb5.jpg

bcecbe2d8106bff06e567a2841326a50.jpg

a1d3b2779f083be6436bc32c7e5d212f.jpg

«Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «ҚХА 20 ізгі ісі» республикалық акциясы аясында 35 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді. 2500-ге жуық іс-шара өткізіліп, оған 620 мың адам қатысты. Бұл іс-шаралар халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, көп балалы отбасыларды, балалар үйлерін және басқаларды қолдауға бағытталды. Әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеріп, пайдалануға берілді. 1000-нан астам көшет отырғызылып, барлық өңірлерде патриоттық акциялар өткізілді. 

«ҚХА 20 ізгі ісі» республикалық акциясы 2015 жылдың соңына дейін жалғасады. 

Гүлжанат ӘБДІКӘРІМ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?