Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қарлаг – қабырғаны қайыстырған қанды қасірет

3609
Қарлаг – қабырғаны қайыстырған қанды қасірет - e-history.kz
1930 жылдың 13 мамырында ССРО ХКК-нің «Қазақ еңбекпен түзету лагерін ұйымдастыру туралы» қаулы қабылданды.

1931 жылы 19 желтоқсанда еңбекпен түзету лагері – Қарлаг құрылды. 

Бір жылдан кейін, 1931 жылдың 19 желтоқсанында «Гигант» совет шаруашылығы ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылып, қысқаша «Қарлаг ОГПУ» аталды. Қарлаг ГУЛАГ-қа тікелей бағынған. Орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка ауылында орналасты. Аумағы 120.000 га жерді құрады.

1940 жылғы Қарлагтың аумағы 1 780 650 гектарды құрап, солтүстіктен оңтүстікке дейін 300 шақырым, шығыстан батысқа дейін 200 шақырым жерді алып жатты. 

Тірі қалғандардан дені сау, мықты адамдар іріктеліп алынды. Оларға ауыр жұмыстар жүктелді. Қарағанды – Балқаш бағытындағы жолды салып, жан төзгісіз еңбек етті. Еңбек жағдайлары нашар болды. Күнделікті ұсынылатын тамақ жұмысқа жарамаған, нормасын істей алмаған адамдарға аз мөлшерде берілді. Осылайша, ауыр жұмыстан қатты қажыған адамдар бірден жан тапсырып отырды. Мұндай жайт сирек емес еді. Қайтыс болған адамдардың денелерін теміржолдың төсеме үймесіне салып, бірден  көміп тастап отырған. 

e1b09a17568ff4888f57bb6695c532fd.jpg

Қарлагтың қарауында өкілеттігі, қару-жарағы, транспорт көліктері, поштасы, телеграфы болды.  2-400 шақырым радиуста биік қоршаулармен оқшауланған. Көшпелі сот алқасы жұмыс істеді. Сот үкімі мекеме қабырғасында орындалып жатты. Айыпты деп танылған адамды тізеге отырғызып, қазылған шұңқырдың алдында қойып, атып тастаған. Осылай атылған адамдарды «қайтыс болды» деген грифі бар тізімге енгізе берді.

038a7612ce1626a0bc437dfb31f01e62.jpg

Қарлаг шаруашылығы тез дамып, өркендеді. Лагерьдің тұтқындары – бүкіл әлемге танымал ғалымдар, әскери қолбасшылар, мәдениет және саясат қайраткерлері, басқа белгілі тұлғалар. Басқаша айтқанда, Қарлаг жоғары биліктен бастап, саясаттан мақұрым жұмысшылар мен шаруаларға дейінгі қоғамның бар саласын қамтыған аумағы ғаламат зор қуғын-сүргін орталығына айналды. Жалған айыптаулар мен кейде адам сенгісіз, сандыраққа ұқсас жала жабулардың жаппай өріс алуы сол кезеңге тән үрдіс болатын.

Қарлагтың тозағына бір миллионға жуық адам түскен. Еңбекпен түзету лагерінің ақпараты құпия сақталған, әйтсе де аталған мекеменің тозағынан құтыла алмаған адамдардың саны одан да көп болуы мүмкін. Арада бірталай уақыт өткенімен лагердің тұтқындары ішінде саяси тұтқындардың саны азайып кеткен екен. 

Қарлаг 1959 жылдың 27 шілдесінде таратылды. 

Қазақтар, немістер, украиндар, поляктар, еврейлер, шешендер, француздар, италиялықтар, жапондар, латыштар, эстондар секілді көптеген ұлт өкілдері НКВД-ның абақтысына топырлап түсе берді...

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?