Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Ұмыт қалған батырлар» кітабы

2245
«Ұмыт қалған батырлар» кітабы - e-history.kz
2015 жылғы 4 мамырда ҚР Ұлттық музейінде Берік Әбдіғалиұлының «Ұмыт қалған батырлар. Кеңес Одағының батырлары» кітабының тұсауы кесілді.

«Әділеттілікке әуестілік мені осы еңбекті жазуға шабыттандырды. Жауынгерлер ерлік көрсетіп, батыр атану немесе мақтаныш үшін соғыспады, бірақ өмірлері қыршыннан қиылды. Олардың жанкештілігін қасындағы жауынгерлер, командирлері көрді, бірақ көп жағдайда ерлігі елеусіз қалған. 

Кітапты «Халық қаһарманы» акциясы ұйымдастырыла бастағаннан бері жаза бастадық. Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған, бірақ әртүрлі себептермен өздеріне лайықты марапаты ала алмаған майдангерлердің есімдерін іздеп, оларды халық есіне түсіру арқылы 1941-1945 жылдары соғыстағы қазақстандықтардың ерлігі өз бағасын алды. 

b71b322927951f3866325a1067f1aea3.jpg

f1bfd483abbd5862ca302a06379a14d9.jpg

Нәтижесінде жоғары марапатқа ұсынылған он қазақстандық туралы материалдар және құжаттар жинап, осы еңбегімізде жарияладық...», – деді жоба авторы Берік Әбдіғалиұлы. 

95f1de5e867353b8a0c795c49a3852b2.jpg

Жинақта сөз етілген қаһармандарды өз туыстарынан басқа ешкім танымайды. Көшелерге, мектептерге олардың есімдері берілмеген. Әскери қызметті бірге өтеген жауынгерлер олардың ерлігін мойындаса да, «бастықтары» жоққа шығарған. 

Қазіргі кезде белгілі бір майдангерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілмеген деген әңгімелер көп. Алайда, бұл ақпарат құжатпен дәлелденуі тиіс. «Ұмыт қалған батырлар» жинағына марапат парағы табылған ардагерлер енді, атап айтқанда: 

1. Жетпісбаев Балтабек 

2. Рахметов Жұмаш 

3. Сүлейменов Ибрагим 

4. Ахметов Қасым 

5. Әбдібеков Тілеуғали 

6. Постольников Григорий 

7. Қалиев Сембай 

8. Ахметов Әбен 

9. Мендығалиев Аменша 

10. Сүйеубаев Исатай.

Автордың айтуынша, кітаптағы батырлардың тізімі әлі де толықтырылады. Құжаттары жоғалған қаһармандардың саны көп, алайда олардың құжаттары мұрағатта шаң басып жатқан болар... 

Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған. Әсіресе 1941-1945 жылдарындағы соғысқа қатысқан қазақстандықтардың ерлігіне қызығатын азаматтар мен тарихшыларға ұсынылады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?