1 мамырда «Қазақ елі» монументі алдында этноауыл бой көтерді
2506
1 мамырда Астана жұртшылығы «Қазақ елі» монументі алаңында мерекелік серуен құрды.
Ұлттық нақыштағы үйлерден құрылған этноауылдардың ұйымдастырылуы биылғы мерекенің басты ерекшелігіне айналды. Қызығушылық танытқан халық этномәдени бірлестіктердің тұрмыс-тіршілігімен толық танысу мүмкіндігіне ие болды. «Түрі бөлек, тұғыры бір» сөзі — елімізді мекендеген жүзге жуық ұлттар арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достықты сипаттайды.
Міне, 1 мамырда түрлі этнос өкілдері Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өту үшін бас қосты. Қазақстанға деген зор сүйіспеншілік бүгінде барлығын бір ортаға біріктіруде. Көптеген жылдар бойы өз тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін берік ұстанып, өз құндылықтарын өзгелермен де бөлісуде.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және
Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.
Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. 8 (7172) 64 95 59
(ішкі - 1164)