Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада «Жеңістің қайраты – болашақтың қуаты» атты суретшілердің халықаралық байқауының қорытындысы шығарылды

1940
Астанада «Жеңістің қайраты – болашақтың қуаты» атты суретшілердің халықаралық байқауының қорытындысы шығарылды - e-history.kz
«Астана» Ұлттық сурет галереясында «Жеңістің қайраты – болашақтың қуаты» атты суретшілердің III халықаралық байқауының қорытындысын шығару салтанаты өтті.

«Астана» Ұлттық сурет галереясында өткен «Жеңістің қайраты — болашақтың қуаты» атты суретшілердің III халықаралық байқауының қорытындысын шығару салтанаты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы және «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған. Суретшілердің дәстүрлі байқауын ұйымдастыру бастамасы Астана қаласындағы ҰОС-ның мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальге тиеселі. Жыл сайын республиканың барлық өңірлерінен соғысқа қатысқан жүздеген ардагерлер осында келіп ем қабылдайды. Сонымен қатар, «Астана» Ұлттық сурет галереясы, «Мәңгі ел» халықаралық ғылыми-танымдық журналының редакциясы, Тарихшылардың ұлттық конгресі аталмыш шараны ұйымдастыруға өз үлестерін қосты. 

0f8cc723c1a535c167fb875783952c37.jpg

Шара басталмас бұрын жиналған қауым 85 ең үздік жұмыстан тұратын көрмені тамашалады. Халықаралық байқауға 14 мемлекет: Қазақстан, Словения, Ресей, Украина, Беларусь, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, т. б. елдердің суретшілері қатысты. Олардың қамтыған негізгі тақырыптары — әскери-патриоттық, ұрпақтар сабақтастығы, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандырылған көрмесі шеңберінде Қазақстанның қазіргі жетістіктері. 

Салтанатты шара Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Президент Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Үкіметі өкілдері және Парламент депутаттары, шетел мемлекеттерінің елшілерінің қатысуымен өтті. 

cf5f64ecf4cc347135b8e1950dbd6d4b.jpg

Жеңімпаздарды анықтаған әділ қазылар алқасының құрамында ғылым мен өнердің көрнекті өкілдері болды: Жандарбек Мәлібеков — Өзбекстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, ҚР Елтаңбасы авторларының бірі; Ермек Асылханов — дизайнер, Бейнелеу өнері академиясының профессоры; Қадан Бекенов — Ұлы Отан соғысының ардагері, Аяған Бүркітбай — ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры; Зиябек Қабылдинов — Тарихшылардың ұлттық конгресінің ғылыми хатшысы. 

Үшінші орын түркіменстандық Шырын Жұбатырға, қазақстандық Ренат Елубаевқа, украиндық Анна Осадчукке; екінші орын беларустық Сергей Танащук және ресейлік Константин Дугушкинге; бірінші орын қазақстандық қылқалам шебері Әсел Амангелдиноваға («Елбасы және Елтаңба») берілді.

Ал бас жүлдені «Шашу» шығармасымен Ерлан Әсембайұлы жеңіп алды. Сондай-ақ екі аталымның иегері анықталды: «Көрермен көзайымы» номинациясы қазақстандық Жалын Бауырқанға, «Интернет дауысы» номинациясы қазақстандық Сәуле Жандуллаеваға бұйырды.

eeaa45d2c1a6a621a19a88f1054d206f.jpg

Қалыптасқан дәстүр бойынша, байқау аяқталғаннан кейін ең үздік суреттер Астана қаласындағы Отан соғысы мүгедектеріне арналған орталық клиникалық госпитальдің иелігіне беріледі. Алайда, биыл байқауға қатысқан үміткерлер мен жеңімпаз суретшілердің еңбектері ардагерлерге арналған облыстық және аудандық медициналық мекемелердің арнайы мамандырылған палаталарына берілді.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?