Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Жолдас Аймұратов

1297
Бір суреттің тарихы. Жолдас Аймұратов - e-history.kz
Ақтөбе қаласында жасақталған 101-ші атқыштар дивизиясының құрамында атам майдандық «Отан үшін» бригадалық газетінің жауапты редакторы болып қызмет етті. Газет қазақ тілінде жарық көрді.

Бастауыш мектепте оқып жүргенімде атамның альбомынан ескі фотосурет көріп қалдым. Мұнда әскери киім киген бір адам бейнеленген еді. «Бұл кім?», — деп сұрадым әкемнен. Суретте бейнеленген кісі — әкемнің әкесі екен. Мен оны танымай қалдым, өйткені мен білетін атам егде жаста еді. Әкемнен атамның Ұлы Отан соғысына қатысқаны туралы айтып беруін өтіндім. 

Менің атам Аймұратов Жолдас Тұрғалиұлы 1911 жылдың маусымында Гурьев облысы Бақсай ауданындағы Соколок елдімекенінде дүниеге келді. Ол Соколоктағы мектеп-интернатта оқып жүріп, кейін 2-дәрежелі Гурьев мектебінде білім алды. 30-шы жылдардан бастап соғыстың басталуына дейін баспа орындарында ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, Гурьев облысындағы «Социалистік құрылыс» газетінің жауапты хатшысы болып жұмыс жасап жүрді. Ұлы Отан соғысы басталғанда атамды Ақтөбе қаласындағы майдан газеттеріндегі политруктардың және жұмысшылардың курстарына жіберді. Соғыс жүріп жатқандықтан, курстар жеделтілген болатын. 

1941 жылдың аяғында −1942 жылдың басында Ақтөбе 101-атқыштар дивизиясы құрылды. Атам оның құрамындағы қазақ тілінде жарық көретін «Отан үшін» газетінің жауапты хатшысы болып қызмет етті. 

021e4a1e6fddef578cc75bc7ee405179.jpg

1942 ж., Ақтөбе қаласы. Майданға аттанар алдында. Аймұратов бірінші қатардың сол жағында. 

Менің атамның марапаттау қағазында: «Жолдас Аймұратов бригада құрылған күнінен бері, яғни 1941 жылдың желтоқсанынан бастап «Отан үшін» газетінің жауапты редакторы болып жұмыс жасады. Газет арқылы жеке құрамның алдына қойылған мақсаттарды үлгілі орындауға мобилизацияланды. Ж.Аймұратов жолдаспен редакцияланатын газет бригада басқармасының әскери көмекшісіне айналып, жеке құрам арасында үлкен беделге ие болды», — деп жазылған. 

Бригаданың құрамында әртүрлі ұлт өкілдері болды: қазақтар, орыстар, украиндар және басқалар. Олар қаза тапқан адамдар мен үлкен әскери шығындарға қарамай, өз Отанын қорғады. 1942 жылы Қазақстанда жасақталған 101-атқышар дивизиясы 1300 адамнан айырылды. 

1943 жылы атам 1-ші Балтық маңындағы «Жауға қарсы аттан» майдан газетінің редакторы болып тағайындалды. Газет қазақ тілінде жарық көрген. 

1945 жылы атам «Дабыл» газетінің редакторы қызметіне келді. Кейінен атам Жапон соғысына қатысқан. 

1946 жылы атам Кеңес Армиясының майоры атағын алып, әскерден қайтты. Кеудесіне «Германияны жеңгені үшін», «Кенигсбергты жаулап алғаны үшін», «Жапонияны жеңгені үшін» медальдары, Қызыл жұлдыздың 2 ордені, екінші дәрежелі Отан соғысының ордені тағылды. 

7779fb74c8145b623ef9efbf01ca91a1.jpg

Майор Аймұратовты әскери марапат (Қызыл Жұлдыз Ордені) алғанымен құттықтау сәті, 1944 жылдың 20 тамызы, Литва елі 

Атам Отан игілігіне өмір бойы қызмет етті. 1971 жылы зейнеткерлікке шығып, 1984 жылға дейін жұмыс істеді. Көп жылғы және адал еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалі әрі көптеген грамоталармен марапатталған. Жұмабике әжемен жарты ғасырдай ғұмыр кешті. 

3bdd26d919cd83059eb18c037a2ebd00.jpg

1993 жылы 82-жасар Жолдас Тұрғалиұлы дүниеден өтті. Көзі тірісінде атамды көрмей қалдым, өйткені кейіннен дүниеге келдім. Атамның отбасылық альбомында фотосуреттері көп. Оны ақтара отырып, атамның қандай болғанын көзіме елестетемін. 

1945 жылғы 9 мамырдан бері қаншама жыл өтті. Жыл сайын Ұлы Отан соғысының ардегерлерінің саны азаюда. Соғыс жылдарын ешқашан ұмытпаймыз! 

Біздің парызымыз — Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің және тылдағы жұмысшылардың ерлігін жадымызда сақтау. Жеңіс күнін жақындатқан жауынгерлерді ұмытуға құқығымыз жоқ. Болашақта-да соғыстың болмайтынына сенімді болғымыз келеді. Жер бетінде бейбітшілік, ынтымақ, келісім болсын! 

Менің атам Аймұратов Жолдас Тұрғалиұлы — Ұлы Отан соғысының ардагері болғанымен мақтанамын. Атамның үлгісінің арқасында мен-де Қазақстанның құрметті азаматы атануға бар күшімді саламын.

Аймұратова Айша, Атырау облысы Атырау қаласындағы № 18 орта-мектебінің 9-сынып оқушысы

«Бір суреттің тарихы» фотожобасына қатысыңыз, біз сіздің оқиғаңызды жарыққа шығарамыз.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?