Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бір суреттің тарихы. Михаил Костенко

1659
Бір суреттің тарихы. Михаил Костенко - e-history.kz

Бір кезде аудандық газетімізде ардагер Михаил Афанасьевич Костенко туралы мақаланы оқып шықтым. Соғыс жайында көбірек білу үшін балалар үйінің мұғалімдері және балаларымен бірге оның үйіне қонаққа барып қайттық.

Сұрапыл соғысты көрген адамдар қаншама оқиғаларды басынан кешкен. Біздер үшін үлгі болып табылатын құрметті адамдар, Ұлы Отан соғысының ардегерлері біздің қаламызда-да бар. 

5fd07c7836db876c484ba1216e0a2cdc.JPG

Ақкөл ауданындағы Жеңіс шеруі, 2014 ж. 

Мен үш жасымнан бері балалар үйінде тәрбиеленіп келемін, сондықтан-да соғысқа қатысқан адамдардың арасында туыстарымның бар-жоғын білмеймін. Бір кезде «Знамя Родины» аудандық газетімізде «Защищая восточные рубежи» атты мақаланы оқып шықтым. Онда Михаил Афанасьевич Костенко туралы баяндалған еді. 

4673f31ac8a812426aa5a98046154c57.JPG

Михаил Афанасьевич Костенко туралы жазылған «Знамя Родины» аудандық газетіндегі мақала 

Ол туралы толығырақ білейін деп, қызығушылығым оянды. Мұғалімдеріміз және балаларымызбен бірге оның үйіне қонаққа барып қайттық. Майдан шайқастарына қатысқан адамның өз ауызынан соғыс туралы білу мүмкіндігіне ие болдым. 

3aefef4240f1073e2f69e03c94fc180e.JPG

d2b21ffa1e02c6a89ed56b68445d28f2.JPG

Ардагермен кездесу 

Ардагердің әңгімесін тыңдай отырып, Михаил Афанасьевичтің 1925 жылы 6 желтоқсанда Макинск ауданының Новокиевка ауылында дүниеге келгенін білдім. Менің байқауымша, ардагер өзінің өткен өмірі туралы көп сөйлемейтін. Басқалар сияқты әскерде қызмет еттім, деп айтатын. 

1943 жылы Макинск ауданындағы әскери коммиссариат 18-жасар Михаил Костенконы майданға шақырды. Байкал артындағы әскери округта байланысшы мамандығы бойынша әскери қызметін өтеген. Басқа полктастар секілді жалынды жас жауынгер батыс майданда фашисттермен шайқасуға ұмтылып жүрді. Бірақ әрекеттегі армияға жіберу туралы барлық өтініштеріне мынадай жауап келетін: «Отанымыздың шығыс шекараларын кім қорғайды? Мылтықсыз майдан бізде-де бар: жапондықтар кеңестік Қиыр Шығысқа шабуыл жасау үшін тиімді сәт күтуде». 

1945 жылдың тамыз айында Кеңес Одағы милитаристік Жапонияға соғыс жариялады. Михаил Афанасьевич өз бөлімінің құрамында Маньчжурия елінің аумағына кірді. Хадар арқылы жүріп өтіп, Костенко штабымен байланыс орнатуды қамтамасыз етті.

c42d2923ef80f978db091fa838fdf491.JPG

Қатардағы байланысшылар. 1945 жылдың 1 қазаны, Қытай, Чанчунь қаласы (Костенко Михаил сол жағындағы екінші қатарда отыр) 

3f28b169a96b6bee922692acad864b76.JPG

Костенко Михаил қызметтестерімен бірге. (Устинов Василий, Нилов Василий, Корчунов Сергей). 1945 жылдың 1 қазаны, Қытай, Чанчунь қаласы 

Байланысшылардың жолында жапондықтар сирек кездесті, кейде олардың арасында өз-өзін құрбан еткендер болды. Кеңес өкіметі елдімекендерді жаулап алып, бұл жерде коменданттық взводтарды қалдырып кетті. 

9abdb7cdcb3a1210561e5a525662fa71.jpg

ef78cb80bc59b84646ac04f6ddf052b7.JPG

Костенко Михаил және Нилов Василий. 1945 жылдың 9 қазаны, Қытай, Чанчунь қаласы 

Михаил Афанасьевич Ұлы Отан соғысының аяқталғаны туралы қытайлық Чангунь қаласында естіді. Әкери әрекеттерге қатысқаны үшін «Жапонияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. 1945 жылы Михаил Афанасьевичтің әскери қызметі одан әрі жалғасты. 1948 жылы майдангер әкерден қайтып келеді. Қазақстанға оралады. Михаил Афаначьевич және зайыбы Серафима Данилова — Мойынты-Шу темір жолын салған алғашқы құрылысшылардың бірі. 

adbd5fa0de96c5db1ad8df6b36f71610.JPG

Мойынты-Шу темір жолын салып жатқан құрылысшылар бригадасы, 1948 ж., Балқаш 

Кейін ол Ақмоладағы станцияда жұмыс жасады: Михаил Афанасьевич — кондуктор, ал зайыбы — жолаушы. 1956 жылдан бері Костенко отбасы біздің қаламызда тұрды. Михаил Афанасьевичтің отбасы үлкен және тату: үш ұлы және қызы, немере-шөбелері бар. Отбасының ерекше мақтанышы — ұлы Михаил. Ол Гнесинск музыкалық училищесін бітірді. 

Енді қиындыққа толы кезеңдер өтті, алайда ардагер тағдырына ренжімей, болашаққа сеніммен қарайды. Майдангерге мықты денсаулық және ұзақ ғұмыр тілеймін. 

Менің ойымша, әр адам Ұлы Отан соғысының батырларын есте сақтауы тиіс, өйткені олардың ерлігі және табандылығының арқасында сондай тамаша әлемде тұрып жатырмыз. Біздің парызымыз — соғыстың, тіпті кіп-кішкентай ұрыстың басталуына жол бермей, ынтымақ пен бейбітшілігімізді сақтап, тату-тәтті ғұмыр кешу.

Попова Анастасия, Ақмола облысы, 

Ақкөл қаласындағы Ақкөл балалар үйінің 10-сынып оқушысы

«Бір суреттің тарихы» фотожобасына қатысыңыз, біз сіздің оқиғаңызды жарыққа шығарамыз.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?