Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстандағы литвалықтар

2325
Қазақстандағы литвалықтар - e-history.kz
Қазақстанның тарихы Литва елінің тарихымен ұқсас: кеңестік кезеңнің қиыншылықтары және тәуелсіздікке қайта қол жеткізу.

Литвалықтар Қазақстан аумағын кейінірек мекендей бастады. 1939 жылы басталған литвалықтардың қоныс аударуы осы кезде жаппай сипат алған. Қарағандыдағы ГУЛАГ-та  Литва елінен шыққан тұтқындардың саны көп болды. Олардың кейбіреулері лагерьдің қабырғасында мәңгіге қалды. Басқалар тозақтан құтылып, Қазақстанда тұра бастады. Сонымен бірге, 50-60-шы жылдары Тың игеру бағдарламалары жүзеге асырылды. Көптеген литвалықтар осы бағдарламаларға қатысып, комсомолдық құрылыстарды жүргізу үшін Қазақстанға көшіп келді. Өз жерлерінен күштеп қоныс аударылған олардың жүректерінде «қайтып келеміз» деген үміті болған еді. Олардың қайта оралуы қазіргі күні де жалғасуда. 

af8b7d20779688d65f97d95c98d28d4a.jpg

cd99f9332395ad2a7248e9df01a3b517.jpg

Қазіргі таңда Қазақстанда 7 мың литвалық тұрады, 2,5 мың адам Қарағанды облысын мекендейді. Қарағанды облысы — бұл Қазақстанның өндірістік саласындағы ең ірі литвалықтар қауымы болып табылады. Қазақ жері литвалықтардың екінші отанына айналды. 

Қазақ даласына келген литвалықтар жергілікті халықпен — қазақтармен бірге жұмыс істеп, бірге тұра берді. Литвалықтар климаттық жағдайларды, жергілікті ландшафтты, табиғат заңдарын білмеді. Литвалықтарға жаңа өмірге үйренуі үшін қазақтар көмектесті. Олар малды қалай бағуды, саман үйлерін салуды үйретті. Ал литвалықтар жақсы темір ұсталары болды, саз балшықтан ыдыс, ағаштан әртүрлі заттар жасады. Осының арқасында литвалықтар өз ұрпақтарына бай мәдени мұра қалдырды. 

В.Твариенастың («Литуаника» литвалық мәдени орталығы» қоғамдық қауымдастықтың төрағасы) сөзіне қарағанда, «азшылық ұлттар» термині Қазақстанда қолданылмайды. Кез-келген ұлттың өз мәдениеті, салт-дәстүрлері болады, ал ең бастысы — елдегі діни және ұлттық қарым-қатынастарды құрметтей білу. Осындай қарым-қатынастардың тұрақтылығына елдің экономикасы, дамуы мен өркендеуіне әсер етеді. 

2c494f518499b3401b7c3a9c5c1e30fb.jpg

Өз еліндегі татулық пен ынтымақтастықты сақтай отырып, өз әке-шешесін құрметтей білу — барлық қазақстандықтардың жалпы міндеті. Бұл құндылықтар өте маңызды болып табылады. Ұлт арасындағы айырмашылықтар тек ұлттық тағамдарға, киімге, ділге байланысты болады. Бірақ бірге тұрып жатқан халықтардың құндылықтары тоғысады... 

Қазіргі кезде Қазақстанның көп ұлтты халқының бір этносы - литвалық азаматтар ҚР-ның татулығы мен ынтымақтастығын сақтай отырып, қазақ халқының дәстүрлеріне құрметпен қарап, өз салт-дәстүрлерін жоғалтпады. «LITUANICA» — ірі литвалықтардың қауымдастығы. Қауымдастық мүшелері өз мерекелерін атап өтеді. 

1992 ж. 15 маусымда Қазақстан Республикасы мен Латвия Республикасы арасында дипломаттық қарым-қатынастар орнатылды. 1993 жылдың 7 қарашасында Қазақстанда Литва елінің елшілігі, ал 1995 жылдың шілдесінде Литвадағы Қазақстан елшілігі ашылды. Осы жылдың 28 ақпанында Астанада Литваның Сыртқы істер министрі Аудронюс Ажубалис Алматыдан көшірілген литвалық елшілікті ашты.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?