«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

«Сенің дауысың – сенің болашағың» атты постерлер байқауы жарияланды

752
«Сенің дауысың – сенің болашағың» атты постерлер байқауы жарияланды - e-history.kz
«Сенің дауысың – сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы басталды, деп хабарлайды BNews.kz.

2015 жылдың 26 сәуірінде өтетін ҚР Президенті сайлауын қолдауға арналған «Сенің дауысың — сенің болашағың» атты жалпыреспубликалық постерлер байқауы басталды. 

ҚР Президенттік сайлауға белсене қатысуға үндейтін байқауды «Қаламгер азамат» жас журналистердің қоғамдық қоры мен Қазақстаның суретшілер одағы және IT компаниялардың қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Оған еліміздің барлық азаматы қатыса алады. «El.kz» әлеуметтік желісі негізінде өткізілетін байқауға жіберілетін жұмыстың көлемі 5 мегабайттан аспау керек.

Бүгін осы байқауға байланысты Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінінің Алматы қаласындағы филиалында баспасөз мәжілісі өтті. Оған Қазақстан суретшілер одағының төрағасы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Байтұрсын Өмірбеков, әнші, продюсер Нұрлан Албан, музыкалық продюсер Алуа Қонарова, «Қазконтент» АҚ өкілі Диас Есдәулетов және көптеген блогерлер мен журналистер, спортшылар, танымал өнер адамдары қатысты.

«Осыдан кейін біз сол жұмыстарды қайтадан әлеуметтік желіге, БАҚ-қа беріп, халыққа таратамыз, жеткіземіз. Олар сайлау учаскелерінде ілінеді, сонымен қатар көшелердегі билбордтарда да көрсетіледі. Негізгі мақсаты — бұл алдағы ҚР Президент сайлауына халықты жұмылдыру, соларды ынталандыру, түсіндіру. Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн жүйесінде өткен бейнеконференцияға еліміздің бірнеше аймағы қосылды», — деп хабарлады қазылар алқасының төрағасы, ҚР Суретшілер одағы басқармасының төрағасы Байтұрсын Өмірбеков Алматы қаласында өткен ОКҚ баспасөз конференциясында. 

Бұл байқау «El. kz» әлеуметтік желісінің базасында жүзеге асады. 

Байқаудың шарттары: Байқауға қатысуға кез-келген адам жас ерекшелігіне қарамай қатыса алады. Байқауға ұсынылған жұмыстар sailau2015.el.kz арнайы парақшасында JPEG, PNG, PDF, BMP форматтарында 5 мегабайттан аспайтындай етіп жүктелуі тиіс. Байқау жұмысымен бірге келесі жеке мәліметтерді қосып жіберу керек. Байқауға ұсынылған жұмыстар sailau2015.el. kz арнайы парақшасында JPEG, PNG, PDF, BMP форматтарында 5 мегабайттан аспайтындай етіп жүктелуі тиіс. Байқау жұмысымен бірге келесі жеке мәліметтерді қосып жіберу керек: 

1. ТАӘ, туған жылы; 

 2. Мекен-жайы (облыс, қала, аудан, елдімекен); 

3. Оқу немесе жұмыс орны; 

4. Байланыс телефоны және жеке электронды почта.

Байқауға кез-келген адам жас ерекшелігіне қарамай қатыса алады. Өтініштер 17 наурыздан басталып, 15 сәуірге дейін қабылданады. Жеңімпаздардың есімі 20 сәуірде жарияланады.

Сауалнамалар
Қандай бұйым үйіңіздің төрінде тұр?