Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанда «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы басталады

2235
Қазақстанда «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы басталады - e-history.kz
ҚР Ұлттық Музейінде 2015 жылғы 18 наурызда, сағат 15.00-де «Ұлттық музейге сый тарту» акциясының басталуына байланысты баспасөз мәслихаты өтеді.

Шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ, Кенен Әзірбаевтың ұлы Бақытжан Әзірбаев, қазақтың тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин, «Қадыр Мырзалиев» қорының төрағасы Донеділ Қажымов, Олимпиада чемпиондары — Ольга Шишигина, Серік Сәпиев, Юрий Мельниченко сынды елге белгілі азаматтар, коллекционерлер, танымал тұлғалардың ұрпақтары, спортшылар, жеке адамдар қатысады.  

Шара мақсаты — ұлттық тарихи-мәдени мұрамызды сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару. Ел арасында елеусіз жатқан тарихи маңызы зор құнды заттарды, ұлтымыздың ұлы тұлғаларының жәдігерлерін кәсіби тұрғыда сақтауға және көпшілік назарына ұсыну үшін Ұлттық музейге тапсыруға үндеу. 

Шарты: «Ұлттық музейге сый тарту» акциясына қатысушы өзінің коллекциясындағы құнды жәдігерді, ел тарихына қатысты елеулі мұраны немесе елге белгілі тұлғаның қолданған заттарын музейге сақтауға табыстайды. Барлық сый-тартуларға (жәдігерлерге) заңдық негізде қабылдап алу шарты жасалып, олар музейдің қорына өткізілетін болады. 

Сый-тартулар негізінде Ұлттық музейде арнайы көрме ұйымдастырылады. Акция жыл бойы жүргізіліп, биылғы жылдың желтоқсан айында қорытындыланады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?