Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Маңғыстаудағы Амал мерекесі немесе көрісу күні

2581
Маңғыстаудағы Амал мерекесі немесе көрісу күні - e-history.kz
Маңғыстау облысында Наурыз ертерек тойланып, басқаша аталады. Маңғыстаулықтар наурыздың 14-і күні, осы сенбі күні, көктемнің басы – Амал мерекесін тойлайды.

Қазақстан және бүкіл түркі әлемі Наурыз мерекесін тойлауға дайындалып жатыр. Республиканың басқа аймақтарына қарағанда, маңғыстаулықтар Амал мерекесін, жыл басын наурыздың 14-інен бастайды. Осы күні бабаларымыз Үстірттің жайлауларына көшіп барғанда, соның құрметіне мерекелік той жасаған еді. 

Амал мерекесінің бірден-бір себебі 

Ғасырлар бойы осылай қалыптасқан: маңғыстаулықтар Наурыз мерекесін жылына екі рет (14 мен 22-ші наурыз күндері) тойлайды еді. Андрей Аставьев бұл дәстүрді ғылыми тұрғыдан түсінідіріп берді. Ол Маңғыстау өлкесінің тарихын ұзақ уақыт бойы зерттей отырып, Амал мерекесінің тамыры моңғол мен тувалық халықтарында жатыр деп анықтады. Адай руының аңыздары бойынша адамдар Үстірт аймағы мен Маңғыстау түбегіне шығыстан келген. Бәлкім, осы жерден-де өздерімен бірге күнтізбелік жүйесін алып келген. Моңғолдар күнтізбесіне сәйкес бір аптада тоғыз күн болған еді. Ал күнтізбенің өзі 22 желтоқсаннан басталады. Күнтізбедегі төрт маусым (көктем-жаз-күз-қыс) тоғыз күннен тұратын кезеңдерге бөлінген. Қысқы күн тоқырауы кезеңінен Жаңа жыл басталып, содан бері күн ұзақтығы созылады. Ал 23 желтоқсан − 14 наурыз аралығындағы уақыт — қысқы осындай тоғыз аптадан тұратын кезең. 14 наурыз күні көктем келіп, жапырақтар бүршік түрінде болып, көкек ән салып тұрған... Көктемнің тоғызыншы күні күн мен түннің теңесу күні тойланады. 

Көне күнтізбедегі көктемгі күн мен түннің теңесу күні Маңғыстау түбегіндегі Наурыз мерекесін тойлауға тікелей қатысты болады, бәлкім, 18 ғасырдың бірінші жартысында осы дәстүр адай руынан шыққан қазақтармен бірге Маңғыстау өңіріне «көшкен». Жергілікті халық — адайлықтар — өз бабаларының салт-дәстүрлерін қадірлейді. Сондықтан да олар дастархан жайып, өздерінің ет жақындарын жинап, маңғыстаулық Наурыз мерекесін тойлайды. Халық наурыз көже және Маңғыстау өңірінде ғана әзірленетін кейбір тағамдарды жасауды міндетім деп санайды. 

1207a78dd0695116f4c5f5fe6d1a8ec0.JPG

Мерекелік күні таңертең ерте тұрып, іңір қараңғысы түскенше барлық туыстар, достарына барып келіп, 40 үйдің есігін ашу керек. Ежелгі дәстүр бойынша, Қыдыр атамен жолығудың сәті түсуі мүмкін, яғни күнделікті кездесетін адамдардың арасында Қыдыр ата болуы мүмкін. Егер оны кездестірсең, онда жаңа жылда бақытты боласың. Амалдың бірінші амалы — көрісу. Оны жұрт бір-бірімен төс қағыстырып, құшақтасу жолымен жасаған. Жұрт соның үстінде бір-бірлеріне жақсы тілектер тілеген. Жастар үлкендерге сәлем бере барған. Сәлем бере отырып, бата сұраған.Қазақ халқы «көрісу» рәсімі арқылы бір біріне «жыл құтты болсын!» тілейді. Адамдар жаңа не таза киім киеді. Өкпе-ренішті ұмытып, көрісу күнінде адамдар бір-бірімен табысады. Адамдар өздерінің жақындары мен туысқандарына сыйлық дайындайды. 

56c75ca93ab99b98a351913e19375aae.JPG

Амал мерекесін тойлайтын дәстүр 

Маңғыстау түбегінде әруақытта адамдар 14 Наурыз мерекесімен бір-бірін құттықтады. Аңыздардың бірінде былай деп айтылған: хан белгілі бір жас баланы адайлықтарды Наурыз мерекесімен құттықтау үшін жібереді, бірақ-та ол атпен шауып келе жатып, мерзімнен екі аптаға бұрын осы өлкеге жеткен еді. Ал басқа аңыз бойынша адайлықтар Маңғыстау түбегіндегі қыстауларына қыста барып, ал 14 наурыз күні жайлауларына қайтып келді, осы оқиғаның құрметіне той жасады. Қай заман болсын, осы дәстүр жер бетінен жоғалып кетпей, қазақ халқының өмірінде өз орнын алып жатыр. Қазақстан халқы Наурыз мерекесіне дайындалу үстінде болғанда, Маңғыстау түбегіндегі жұрт 14 наурыз күнінен бастап, Наурыз мейрамын тойлай бастайды. 

Маңғыстаулықтар Амал мерекесін Отпан тауында тойлайды. Аталмыш мейрам «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде басталады. Маңғыстаудың биік шоқысы-да осы Отпан тауы (Балтық теңізі деңгейінен 532 м). Оның басында Адай — батыр мен тарихи тұлғаға — арналған 37-метрлік ескерткіш орнатылған. 2007 жылы Адай батырдың құрметіне «Отпан тау» тарихи-мәдени кешені ашылды. Мұнда-да екі стела бой көтерген, олар Адай атаның (Адай руының бабасы) екі ұлын (Құдайбеке мен Келімберді) бейнелейді. Сонымен бірге, Ұлы қаншық қасқырдың мүсіні орнатылған. Аңыздарға сенетіміз болсақ, ол бүкіл түркі халқының бабасы болып табылып, күш пен рухтың еркіндігінің бейнесі болып саналады. 

c7d109db54f2112f487942bddcc9dc36.JPG

Бір кезде Отпан тауы белгі беретін бекініс болған еді. Оның басындағы от болатын қатер жайлы ескерткен еді. Қазіргі кезде Амал мересін тойлау кезінде ғана от жағылады. Бүгінде бірлік отын жағу рәсімі көбінесе мереке қарсаңындағы түнде өтеді. Ал ежелгі кездерде осындай отты байқап, осы жерге Маңғыстау өңірінің түкпір-түкпірінен батырлар келген, жаулап алушыларға бірлесіп тойтарыс беру үшін жиналған олар өз ерлігін көрсеткен. Қазіргі таңда дәстүр рухани мәнге ие болып отыр. Оның түпкі мақсаты — бабаларымызды құрметпен еске ала отырып, рухтарына тағзым ету. Қазіргі кезде Наурыз мерекесін тойлау үшін көршілес республикалардың тұрғындары-да (Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан) Маңғыстау аймағына келеді. 

fd40338b2875e12d642536a669f12773.JPG

Наурыз көже 

14 наурызда наурыз көже дайындалады. Оны тек ер адамдар әзірленеді екен. Қой немесе түйе еті ертерек дайындалады. Осы тағамның рецепттері көп болса да, әзірлеу технологиясы бірдей. Жүгері, күріш, басқа жармалар, ал кейбір кезде картоп-та, пияз бөлек пісіріледі. Кейде наурыз көже тағамы үш-төрт күн бойы әзірленеді. 

Амал мерекесін тойлар алдында киіз үйлер тігіледі, ал Маңғыстау өңіріндегі олардың конструкциясы мен ішкі көрінісі ерекше болады. Тарихшылар мұндағы киіз үйлердің Шығыспен ұқсастығын байқап отыр. Мысалы, киіз үйдің кіру есігі оңтүстікке қарайды... 

Көктем мерекесіне дейін санаулы күндер қалды, ал Батыс Қазақстан облысының тұрғындары Наурыз мейрамын дайындалу үстінде. Құрметті маңғыстаулықтар, Амал мерекесі құтты болсын! 

e-history.kz веб-порталының редакциясына ақпарат берілгені үшін tumba. kz тілішісі Тимур Казиевке алғысымызды білдіреміз

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?