Астанада тарихи-мәдени мұраларды сақтаудың өзекті мәселелері қаралады
2594
ҚР Ұлттық музейінде 2015 жылғы 12 наурызда, сағат 10.00-де «Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын қорғау мен сақтаудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтеді.
Дөңгелек үстел барысында бүгінгі таңда өзекті болып табылатын Қазақстанның мәдени құндылықтарын қорғау және сақтаудың заңдық аспектілері, еліміздің тарихи-мәдени мұраларын қадағалаудағы кейбір олқылықтар талқыланады және осының негізінде қордаланған мәселелерді шешудің жолдары ұсынылады.
Аталған көкейтесті мәселелерді талқылауға Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, белгілі археолог ғалымдар, ескерткіштерді қалпына келтіру саласының мамандары, ескерткіштерді қорғау мен сақтауға жауапты жергілікті атқарушы органдары өкілдерінің қатысуы күтілуде.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және
Qazaqstan tarihy порталына гиперсілтеме берілуі тиіс.
Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. 8 (7172) 64 95 59
(ішкі - 1164)