Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қарағанды облысындағы үздік музейлердің жәдігерлері Астанада көрсетілді

2814
Қарағанды облысындағы үздік музейлердің жәдігерлері Астанада көрсетілді - e-history.kz
Тілшілеріміз ҚР Ұлттық музейіндегі «Сарыарқа – дала өркениетінің алтын бесігі» көрмесіне барып қайтты. Мұнда Қарағанды облысындағы үздік музейлердің жәдігерлері көрсетілген.

ҚР Ұлттық музейі «Сарыарқа — дала өркениетінің алтын бесігі» көрмесі арқылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Ғасырлар қойнауынан сыр шерткен Қазақстан» атты жобаны ашты. 

Қарағанды облысында 14-тен астам музей бар еді, бірақ солардың ішінде облыстық тарихи-өлкетану музей ең ірі болып табылады. Қарағанды облысы музейлерінің қызықты, кең ауқымды көрмесіне 617 жәдігер ұсынылған. Көрмеге б.з.д. VII-VI ғасырлармен межеленген Талды-2 қорымында (Қ. Аманжолов атындағы ауыл) жерленген сақ жауынгерінің салтанатты киімінің реконструкциясы, тұрмыстық және мал шаруашылығы саласында қолданылған заттардан, ат әбзелі мен музыкалық аспаптардан, күміс әшекейлерден тұратын этнографиялық топтама қойылған. Сақ жауынгерінің мазары Қарқаралы ауданының Қ.Аманжолов атындағы ауылда табылған. 

d10e0d1430acbe041a8138d93b283809.jpg

27dee0786bf6820be2b4f0b2102c1bc2.jpg

Ат әбзелі (құйысқан, жүген, өмілдірік) 

e7b0ce22289f04fb34bb96e3c7864164.jpg

Жауынгердің сауыт-сайманы, ортағасырлық қылыш, мылтық, дәрі қобдишасы 

5e5b9638aee014b77de5dc9f8eaebc8a.jpg

Жауынгердің дулығасы, XVIII ғасыр 

e825d4a438135b5fd6dfa230c79dad47.jpg

Домбыраның түрлері, олардың ішінде А.Хасенов пен Е.Мұстафинаның домбыралары бар 

5155e3918d033ac308de58640ca29f64.jpg

Қазақ КСР-ның халық әртісі Ж.Шашкинаның көйлегі, КСРО-ның халық әртісі Қ.Байжановтың шапаны

Қарағанды облысының шығыс бөлігіндегі Қарқаралы тауының етегінде орналасқан, 1848 жылы пайда болған далалық өлкенің сауда орталығы атақты Қоянды жәрмеңкесі туралы бөлімге сол заманның тұрмыстық заттары ұсынылған. Бұлар — сүлгілер, майшайқағыш, қырыққабат кескіш, шөген, шойын үтік, самауыр, жүн мен зығыр түткіштер, мыс шәйнектер, құмғандар және т.б. 

c400c934d7f23564b5b9a0f32b6d299f.jpg

1824 жылдың жазында Қарқаралы елді мекен пайда болған. 42 жылдан кейін аталған елді мекен қала мәртибесіне ие болған. Ал қаладан 50 шақырым жерде мал саудасы қызып тұрған. Мал саудасының негізін қалаушы — ялуторлық көпес Варнава Ботов. Жәрмеңке ірі сауда орталығына айналып кеткен. Мамырдың соңында мұндағы саудаға қатысу үшін көп адам келе бастаған. Мұнда мыңдаған мал басы сатылған. Кейбіреулері сатқан, айырбастаған, басқалары сатып алған... XIX ғасырдың 60-шы жылдарында Қоянды жәрмеңкесінің айналымы жарты миллионнан асқан. Айта кету керек, осы кезде бір қойдың бағасы екі рубльді құрады. Ірі қара мал, ешкілер, қойлардың айналымы жәрмеңкедегі айналымның 60 пайызын құрады. Көпестер мен саудагерлер жәрмеңкеге терілер, ыдыстар, қант пен маталарды алып келген. 1928 жылы (ашылу кезінен 80 жыл өткенде) жәрмеңке жабылды. 

7c6f3509da85081d8b062d3b88900751.jpg

Саба — қымыз, шұбат, ашыту, іркіт пісу үшін пайдаланылатын, мал терісінен тігілетін ыдыс

87c319ef9ca980c3613c053358143e1c.jpg

Кәкпірлер

Қарағанды жерінде белгілі тарихи ескерткіштер орналасқан, мысалы, XII–XV ғасырлардағы «Хан ордасы», Алаша хан кесенесі, Болған ана күмбезі.Көрмеде тарих пен сәулет өнері ескерткіштерінің фотосуреттерін тамашалай аласыз. Шотқара және Басқамыр қалашықтарының суреттері көрсетілген.  Сонымен бірге, көрмеге аталмыш тарихи жәдігерлердің макеттері-де қойылған. 

Әрине, адамдар Қарағанды атауын естігенде, көздеріне көмір, маталл өндіру сияқты кәсіптерді елестетеді. XIX ғасырдың 30-шы жылдарында мұнда көмір кендері ашылған, ал бір ғасырдан кейін Қазақстандағы көмір өнеркәсібі тез дами бастады. Кеңес Одағы кезінде Қарағанды көмір алабын жұрттың бәрі білетін еді. Көмір өндіру бойынша рекордтар орнатылған. 

9022f8a68a683e5dbd43d98ad0f17cf4.jpg

69e581e157bf4da9c29dd095584566c0.jpg

Өңірдің тарихы мен осы өлкеден шыққан қаһармандардың тағдыры Астана қаласына алып келінген туындыларда өз бейнесін тапқан еді. Суреттерде кеншілер, металлургтар, ғалымдар-геологтар, Қарағанды мен осы қаланың төңірігінде тұратын адамдар бейнеленген. Туындылар Қарқаралы — өлкенің көрікті жері туралы баяндап жатыр.

ebd228c0378d0167a49300cd2c0cc350.jpg

e5226b9537deed252e74d47549ef2132.jpg

811abd20ddb2c7b17de6aa1c6e2b849a.jpg


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?