«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек»
Н. Ә. Назарбаев

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұсынған қайырымдылық концерт өтеді

997
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұсынған қайырымдылық концерт өтеді - e-history.kz
«Астана» Ұлттық сурет галереясының сахнасында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұсынған кезекті қайырымдылық концерт өтеді.

«Астана» Ұлттық сурет галереясында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Барлық заманға сай классика» қайырымдылық концерттер тізбегінің «Вивальди музыкасы» атты үшінші концерті өтеді.

249d47fd88117bfe29452ac2991029d1.jpg

Вивальди — барокко дәуірінің белгілі композиторларының бірі. Антонои Лучо Вивальди — итальяндық композитор, скрипкашы, педагог, дирижер. Вивальди XVIII ғасырдағы итальяндық скрипка өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі болып саналады. 

Музыкант көзі тірісінде керемет атаққа бөленіп, халық тарапынан мойындалған. Еуропадағы ірі мәдени қайраткер — Кончерто гроссо, ансамбль-оркестрлік концерттің шебері, 40-тан астам опералардың авторы. Вивальдидің танымалдылығы аспаптық көнцертінің, әсіресе скрипканың арқасында келді. 1713 жылы Вивальди өзінің алғашқы үш актылы «Ottone in villa» («Вилладағы Оттон») операсын жазды. Операның сахналанған көрінісі аталған жылдың 17 мамырында венециандық Театро делле Грацие (Teatro delle Grazie) сахнасында қойылды. Оның атақты туындысы — скрипкалы 4 концерттен тұратын «Жыл мезгілдері» атты сериялы шығармасы. Ол түрлі аспаптардың жеке орындауына арналған көптеген туындылар жазған. 

Қайырымдылық концерт бағдарламасына итальяндық композитор Антонио Вивальдидің аспаптарға арналған «Жыл мезгілдері», Concerto grosso d-moll, «Қос кернейге арналған концерт» атты шығармалары енді. 

Тыңдарманға асқақ өнермен кездесу ұйымдастыратын «Астана Опера» оркестрінің солисттері: Сағиқожа Ережепов, Әйгерім Ерғалиева, Кирилл Красюков, Мәдина Мұхамет, Қаламқас Жұмабаева, Гүзәл Тәжіғұлова, Құрбанжан Ахатов, Росс Кларк, Марат Зәкәриянов. 

— «Астана Опера» оркестрінде үздік музыканттар жиналған, осы концерт соның айғағы, әрбір әртіс жеке партияда ойнай алады, — дейді «Астана Опера» симфониялық оркестрінің бірінші скрипкашысы Қаламқас Жұмабаева. 

— Вивальди шығармаларының ішіндегі ең танымалы — «Жыл мезгілдері». Аталған музыканың өлең жолдарын композитордың өзі жазды деген болжам бар. Бұл музыканы фильмдерде және радиоларда жиі естисің. Дегенмен, тыңдарманға туындыны толық нұсқада — көктем, жаз, күз және қысты тыңдаған қызық болады деп ойлаймын. Бұл өте бейнелі музыка. Осылайша композитор адам баласының дүние есігін ашқаннан бастап, өмірден өткенге шейінгі кезеңін төрт жасқа бөліп, бейнелеп берді деген жорамал жасауға болады. Әуеннен жапырақ жерге түскендегі мұңлы күзді және өмірдің гүлденген шағындағы қуаныштың белгісі — көктем мен жазды байқайсың, — дейді ойын жалғастырған Қаламқас. 

Театр жыл аяғына дейін Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған 12 концерт өткізуді жоспарлағанын еске сала кетейік.

Сауалнамалар
Қандай бұйым үйіңіздің төрінде тұр?