25 ақпан күні ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде «Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы бейнелері» атты қор көрмесінің ашылу рәсімі өтті.
Экспозиция алғаш рет дәстүрлі қазақ қоғамының тарихи және мәдени мұраларын айғақтайтын бірнеше музейлік жинақтарды ұсынып отыр. Көрменің мақсаты қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаюында маңызды орын алған, Қазақ хандығы тарихындағы айтулы оқиғалар мен жарқын тұлғаларды көрсету болып табылады.
Ресей патшайымы І Елизаветаның Абылай ханға тарту еткен атақты қылыштың бөлігі
«Қазақ батырының сауыт-сайманы» панносы.
«Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы бейнелері» атты көрме 2015 жылдың 28 қыркүйегіне дейін жалғасады. Көрмені астаналықтар мен қала қонақтары Бейбітшілік көшесі 11 үйде орналасқан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінен тамашалай алады.
Суреттерді түсірген Ғабит Мадалиев
Толық суреттер: http://baq.kz/kk/material/840