Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Көне ғимараттар: Көпес Соколовтың үйі мен дүкені

1977
Көне ғимараттар: Көпес Соколовтың үйі мен дүкені - e-history.kz
XIX ғасырдың аяғында көпес Соколов меншігінде болған тұрғын үй мен қаладағы жалғыз-ақ екіқабаттық дүкен Көкшетауда ең әдемі ғимараттардың бірі болып саналатын.

Көкшетау қаласының тарихы 1827 жылы Қопа көлінің жағалауында қаланған станицадан басталады. Уақыт өте келе, станицаның аумағы кеңейіп, елді мекеннің мещандық, қалалық бөлігі пайда болған. Казактар аумағы және қалалық бөлімде-де құрылыстар негізінде, ағаштан жасаланған, өйткені кірпіш аз мөлшерде өңдірілген. Кірпіш өте қымбат болғандықтан, оны ғимараттың ігретасын қалағанда мен пештерді салғанда ғана қолданылған. Құрылыс материалдарын (ағаштарды) Лобановский деген станицадан әкелетін болды. Мұнда ол қолжетімді бағамен сатылған, материалдың сапасы да жоғары болған. Көптеген орыс саяхатшылары Көкчетавский станицасындағы құрылыстардың әсемдігі мен беріктігін байқаған. Қазіргі уақытқа дейін сақталған осындай керемет ғимараттардың бірі М.Әуезов 157 көшесінде орналасқан көпес Андрей Васильевич Соколовтың үйі болған.
4b628c88a3d09ad6117546b981f3f3f3.jpg

Терезелердің жақтау маңдайшалары бар, ағаш үй жалпы аула мен кірпішпен салынған дуал арқылы екіқабаттық кірпіштен жасалынған дүкенге жалғанады. Дүкеннің салыну тарихы келесі оқиғаға байланысты: 1882 жылы станицалық базар мекеннің станицалық аймағынан қалалық жеріне, яғни қазіргі Абылай хан алаңының орнына, көшірілген. Алаңның ресми атауы — Ярмарочная (Жәрмеңкелік), ал халық ішінде оның басқа, қарапайым атауы бар: Базарная (Базарлық) деп аталады. Осы алаңда бірқабаттық кірпішпен салынған және, ағаштан жасалынған дүкендер салынған. Дүкендер жергілікті саудагерлердің меншігінде болған. Соколов қаладағы алғашқы мен осы кездегі жалғыз-ақ екіқабаттық кірпіштен жасалынған ғимаратты саламын деп шешім қабылдайды.
Ал көпес туралы аз мәлімет белгілі. Андрей Васильевич Соколов 1888 жылы Қорған қаласынан Көкшетауға келген, бірақ өзінің қалаға келгеніне бірнеше жыл бұрын саудагерлерді жалдап, қаладағы сауданы бастады. Ол ауқатты, діндар, құрметті адам болған. 1895–1896 жылдары қалалық старостаның міндеттерін атақарып жүрген, ал статостаны екі жыл мерзіміне Қалалық қоғамдық кеңес сайлаған екен. Ол мәуіті, жібек тауарлар, мануфактура, шай, қант, шіркеуге арналған заттар саудасымен айналысып жүрген. Оның үш қызы мен жалғыз баласы болған. Баласы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан.
Көпес қаражатына қарамай, өз дүкенін салып берген. Дүкенді әдемілеу үшін осы кездегі ең жақсы материалдары пайдаланған. Осылай, бірінші қабаттағы еден Харьков қаласында шығарылған барон Эдуард Бергенгеймнің зауытының керамикалық плиткасымен салынған. XIX ғ. — XX ғ.басында ол Ресей империясындағы ең жақсы плитка болып саналған. Осы жылдарда Көкшетамен темір жол қатынас жолдары жоқ болғандықтан, материалдан әуелі Петропавлға жеткізілген, ал кейін көлік транспорт арқылы құрылыс орнына жеткізілген; осыны есептейтініміз болсақ, онда жобаның ауқымдылығы түсінікті болады. Өкінішке орай, сәулетшінің есімі белгілі емес. Көпес өз дүкенін эклетика кезеңіне тән болған стильде салған екен. Осындай стиль XIX ғасырдағы ресейлік қалалардың сәулетінде көп кездескен.

0d800741f323c8e1f1fbd7bef2f84464.jpg

Ғимарат бояр үйіне ұқсас болып шыққан. Артық сәулеттік элементтер жоқ, фасадты зерлегенде терезелердің жақтау маңдайшалары ең басты рөлді атқарған. Соколов замандастарының естеліктеріне қарағанда, дүкеннің ішінде адам бойымен бірдей айналар болған, баспалдақтарға кілемдер төселген. Осы кезде бұл орын қаладағы ең керемет жерлердің бірі болған.
1918 жылы Кеңес өкіметі Соколов үйі мен дүкенін ұлттандырған, соның салдарынан ғимарат ішінде әртүрлі мемлекеттік мекемелер орналасқан болатын. Соколов үйі мен дүкенінің алғашқы көрінісі сақталған, бірақ фасадтар өзгертілген. Қазіргі кезде де Соколов үйі мен дүкені Көкшетау қаласының тарихи орталығы болып табылады.

Гульчехра Перлей, Көкшетау қаласы тарихи мұражайының ғылыми қызметкері
 

Фотосуреттер: re-post.kz сайтынан алынды

Тарихи, мәдени, архитектуралық ескірткіштер болып саналатын ғимараттар жайлы мақалаларыңыз болса фотосуреттерімен қосып kaz.ehistory@gmail.com электронды адресіне жіберсеңіздер болады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?