Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақ шеберлерінің алтындалған әшекейлері

2655
Қазақ шеберлерінің алтындалған әшекейлері - e-history.kz
Суретші әрі қолөнер шебері Айжан Әбдубаит ежелгі қазақ халқының төл өнері, алтын жіппен киім тігу дәстүрін қайта жандандырды.

Қазақстанға танымал суретші-зергер Айжан Әбдубаит бүгінгі күнге дейін 20-дан астам шәкір тәрбиеледі. Оның жұмыстары еліміздегі барлық музейлерге қойылып, жекелеген коллекционерлердің қазыналарын да толықтыруда. Ол алтын жіппен киім тігетін авторлық тігіншілік үйдің егесі. Біз Айжанмен оның Астанадағы жеке көрмесі ашылардың алдында сұхбаттасқан едік. Әңгіме барысында ұмыт қала жаздаған дәстүр мен оның қыр-сыры жайлы біраз, ақпаратқа қанықтық.

Оңтүстік Қазақстан халықтық қолөнердің даму ошағы болған. Айжанның бабасы зергер, әжесі керемет тігінші болған, соғыс жүріп жатқан қиын кездерде шағын ғана Шардараның халқына киім тіккен екен. Сол себептен болар, Айжан жіппен зерлеп тігуді ұрпақтан ұрпаққа берілер қабілет ретінде қарап, өмірінің мәні санайды. Атасы мен әжесінен жеткен шеберлік пен ерекше қасиет, оған қолөнердің қиын саласы, алтын жіппен әрлеуді меңгеруге негіз болды.

Халықтың қолөнері мен шығармашылық түйіскен тұста туып-өскен Айжан қолөнердің қиын саласын кәсіби үйренуге ден қояды. Көркемсурет училищесіне оқуға түсіп, академиялық білім алады. Бірақ ол оқып жүргенінде, кеңес заманы қолөнерді лайықты-деңгейде қабылдамай, өткеннің сарқыншағы ретінде қарайтынына көзі анық жетеді.

Әрине, өткеннің бәрін-де жоққа шығара беруге-де болмайды. Халық өнерін жандандыру саласында біршама істер-де атқарылды. Елге келер туристер үшін, ұлттық стилдегі заттар жасауға болатыны жайлы ой келгенде, «Казхудожпром» өндірістік бірлестігі құрылады. Сол уақытта және қосымша «Түс киіз» фабрикасы іргесін айқара ашады. Бірақ бұл екі кәсіпорынға да ұлттық өнерді дамыту туралы тапсырма қойылған жоқ. Суретшілер Одағында қолөнеріміз мойындалмай, гобелен мен шпалерге баса назар аударылып, суретші Айжан да сонымен айналысуға мәжбүр болады.

СССР Суретшілер Одағының мүшесі атанып, гобелен мен шпалерлердің түр-түрін жасаған Айжан Әбдубаит саналы түрде өнердің осы саласынан бас тартып, қазақ халық өнеріне ден қояды. Бала кездегі арманы орындалған ол, жаңа салаға құлшына кіріседі.

— Айжан, алтын жіппен тігу өнеріне қалай келдіңіз, ол уақыттарда бұл өнердің техникасы жоғалып, сізге дейін Қазақстанда ешкім айналыспаған еді.

— Қазақ халқының қолданбалы өнерін зерттеуді бастағанда мен әр халықтың өнер мен сұлулыққа деген түсінігі өзгеше болатынын түйсіндім. Қазақстарда көркемсурет, станокты графика, скульптура болмаған. Бірақ қолданбалы өнерлер: металл өңдеу, тері илеу, тігіншілік арқылы сұлулыққа деген сезімдерін жеткізе білген.

Алтын жіппен тігу — бұл өте жіңішке инемен, сурет салу деген сөз. Қазір, бұл техниканың қайдан келгенін нақты айту қиын. Бірақ бізге белгілісі, тігіншілік бұл түрі Осман империясы қанатын кеңге жайғанда қатты дамыған. Ол уақытта зерлеп тігу, сарай ішілік, элиталық өнер түрі болып табылған.

Алтын жіппен Бұхаралық тәсілмен тігу, мемлекеттік маңызды іс болып табылғандықтан бүкіл әлемге танылды. Зерлеу өнерін заманында зер тұтқаны соншалық, ел арасында осыған байланыты көптеген сөздер қалған. Мысалы: «зер салып тыңда», «зердеңе тоқы». Кейін бұл өнер ұмытылды. Бірақ біз айтқан сөздер халық жадында мәңгілікке қалды.

Өкінішке орай, зерлеу техникасының аз үлгілері бүгінге аз жетті. Көптеген заттар, экспедиция ұйымдастырған Географиялық қоғам мүшелерінің қолында кетсе, қайта құру кезінде шет елдіктер жаппай сатып алған күміс, киім, киіз үйлермен бірге кетті. Халық қиын кезде күн көру көптеген заттар мен ескі жәдігерлерді сатып жіберді ғой.

— Көнеден қалған зерлеп тігудің техникасын игеруде сіздің бастапқы қадамыңыз қалай басталды?

— Бастапқыда қиындау болды. Студенттік кезде жақсы тәжірбие болатын. Аптасына бір рет «музей күнін» ұйымдастыратын. Музейге барып, аралап, өзімізге ұнаған экспонаттың көшірмесін жасайтынбыз. Үнемі Фатима ханшайымның қамзолының қасында жиі аялдайтынмын. Қарап тұрып, зерлі тігістің қалай жасалатынын білетіндей едім. Зерлі тігістің қалай жасалуы жайлы ешкімнің

ac85853ea26231d30e843a041431c55e.jpg

Фатима ханшаның қамзолы

Меніңше, кей, ақпараттар атадан балаға санадан тыс түрде берілетін секілді. Әлі есімде, Фатима ханшаның қамзолының көшірмесін жасағанбыз. Қамзолдың бұрышына гүлді жапсыру керек пе, соны ұмыттым да қалдым. Кейін өзімнің ойыммен тігіп, түпнұсқаға қарасам бірдей жасаппыз. 

99e50c674ddf1bea0a62c4e2a2200673.jpg

Фатима ханшаның қамзолындағы алтын жіптер

Дәл осындай ынтамен мені Қастеевтің музейіндегі алтындалған кілемше өзіне тарта берді. Сосын барып, мен өзімнің осы іспен айналысуым қажет екенін сезіндім.

e8ced7af21509f0aecc6b966858ed9df.jpg

Сол жақта Абылай ханның шапаны

1990 жылы Қазақстанда зергерлер әлі жоқ кезде, шапанның сызбасын жасадық. 1994 жылы Үндістаннан зерлерді қабылдай бастадым. Келер жылдары Үндістанға өзім бара бастадым. Қазақстанға бірінші болып, алтын жалатылған жіптер әкеліп, олармен жұмыс істеуді бастадым. Ол кездегі ойым, бұл іс жай хобби, ал негізінен өзім оқыған гобеленмен айналысу еді.

Сөйтсем алтын жіппен зер салу бір ғұмырға татырлық ғылым мен философия екен. Көп төзім мен энергияны талап етеді.
— Уақыт өткен сайын зерлеп тігудің тәсілдерін меңгеріп жатқан шығарсыз?
— Әрине. Бірақ қайталап айтайын бұрынғылар жеткен-деңгейге жету еш мүмкін емес. Шамалап қарасақ, орындау, тігу жағынан бұрынғыларға сәл-пәл ғана жақындауымыз мүмкін. Кең даланың оқымаған, арнайы білімі жоқ әйелдері жоғары-деңгейдегі өнерді игеріп қана қоймай, интеллтуалдық деңгейдегі тігіннің заңдарын бұзбай, зерлегені, мені әлі күнге дейін таңқалдырады.
19790b1ff89fd73abf230b71010d2b53.JPG

Жәңгір ханның мундирі, платье ханши Фатима ханшаның Николай І патшаны ұлықтау кезінде киіп шыққан көйлегі (фотосурет vash-dom.kz)

— Дәстүрлі алтындап тігудің басқа да нендей ерекшеліктері бар?

— Бүгінгі таңда ұлттық құндылықтарымызға келгенде, «мынау қазақтардікі», «мынау қазақтардікі емес», «мынау бұрын болған, болмаған» деп бөлу көбейіп кетті. Бұл кеңестік кезеңдегі ұлттық құндылықтың көбісі жоғалған, солақай саясаттың кесірі. Дәп сол кезде, «қошқар мүйіз» оюы нағыз қазақтікі, қалғаны біздікі емес деген ой қалыптасты. Негізінен ол еденге арналған айшық, оны әкеліп ойланбастан киімге әкеліп жапсыра берді.

bf2ead387e0388cd10c6301b55fb2035.jpg

Әшекейдің негізі етіп, музейлерде сақталған көне заттардан үлгі алдым. Олардың барлығы өсімдік бейнесінде әшекейленген. Сондай, ақ, Өзбекәлі Жәнібеков пен Әлкей Марғұлан өз еңбектерінде қазақтардың киімдерінде өсімдік тәріздес оюлар бейнеленгенін жазған. Тұрмыстық заттар да осылайша әшекейленген.

8faca541c8570fa5ffa66a291d569eac.jpg

— Айжан, көне зерлеу тәсілімен қаншама заттарды әзірледіңіз. Нақты санын айтып бере аласыз ба?

— Бұл сұраққа жауап беру қиын. Еңбектерімді санамаппын. Бір жолы еліміздегі музейлерге қойылған заттарымды санап көрмекке ұмтылған болатынмын. Бірақ бұл бір қиын іс болып шықты. Себебі онда заттардың бір бөлігі ғана қойылған еді. Еңбектерімнің арасында алтын жіппен тігілген кілем, Жәңгір ханның екінші әйелі Фатима ханшаның қамзолы мен Николай І патшаны ұлықтау кезінде киіп, патшамен билеген кездегі көйлегі, Абылайханның шапаны, генерал-майор шенін алған Жәңгір ханның мундирі эполеті бар.

— Біздің білуімізше сіз, Қожа Ахмет Яссауидың мазарының бетін жапқан кілемді қалпына келтіріпсіз. Осы жұмысыңыз жайлы айта кетсеңіз.


— Бұл жұмыс мен мақтан тұтатын еңбектерімнің ішіндегі ерекшесі. Қасиетті затты қалпына келтіргеніме әлі күнге дейін қуанамын. Бүгінде қалпына келген кілемнің көлемі 4,5-те 6,5 метр (Ред. ескерт. Түпнұсқаның көлемі 210-да 318 см ғана болатын). Көне затты қалпына келтіру жұмысы мата іздеуден басталды. Ол жұмыстың өзіне 8 ай уақыт кетті. Қолдан тоқылған сары түсті шұға таптық, ол түпнұсқаға өте ұқсас еді. Сары түсті алғанымыз, кейін оны жасылға бояу оңай болатын. Оған дейін Қытай мен Түркияның тігін фабрикаларына хабарластық, олар мата сапасы мен бояуына кепілдік бере алмайтын болғандықтан, үй жағдайында қолмен бояп шықтық.
Түпнұсқадан қалғаны тым аз. Бізге кілем мен оның әшекейін толық қалпына келтіруге тура келді.

c208efff17f309a110b2e6eb8813747f.jpg

Қожа Ахмет Яссауи мазарының бетін жапқан кілем

Кілемнің тарихы тіпті қызық. Оны 1946 жылы бейтаныс бір ер адам келіп, Түркістандағы музейге әкеліп сатып кеткен. «28 рубльге сатты» деген құжат әлі сақтаулы. Құнды әрі қасиетті жәдігер музейде ұзақ уақыт жатып қалғанға ұқсайды. Себебі оны күйе жеп қойған екен. Музей қызметкерлері оны жарамсыз деп тауып, лақтырып тастамақ болады. Бақытымзға орай көрнекті қоғам қайраткері, өнер жанашыры Өзбекәлі Жәнібеков, ағамыз жарамсыз деп табылған заттарды сүзгіден өткізіп тұрады екен. Сол кісі байқап қалып, кілемді қайтадан Түркістанға апарады.
Кілем көрнекті жерде ілуілі тұрған. Бірақ, күйе жеп қоя берен. Түгі түсіп, жұлмаланып, оны жинап отырған. Қайта қалпына келтіргенде, қалай өкінгенімізді көрсеңіз. Әрбір тігіс қымбат болды. 

Жолымыз болып, негізгі тігісте сақталғандықтан қалпына келтірдік. Кілем XVI ғасырда жасалған. Мен мұны нақты айта аламын. Барлығыңыз білетіндей Әмір Темір жаулап алған елдерден қолы «алтын шеберлерді» көптеп жинаған. Болжам бойынша кілемге қажетті заттар жергілікті халық арасынан жинақталып, сырттар келген шеберлер тоқыған. Мавзолейде 200–300 жыл ілулі тұрған.

Қазір қалпына келген кілем Қожа Ахмет Яссауи, мавзолейінде ілулі тұр, ал түпнұсқа «Әзірет Сұлтан» музейінде. Қалпына келтіру барысында жұмыс үш-деңгейде жүргізілді бірінші ретте біз оның матасы мен суретін, екінші, үшінші этаптары алтын жалатылған жіппен жүргізілуі тиіс еді. Өкінішке орай, қаржы тапшылығына байланысты жұмыс тоқтап қалды.

Халық арасында ұмытылып бара жатқан алтын жіппен зерлеу әдісі оңай жұмыс емес. Бірақ қандай қайтарымы бар ізгі іс. Сұлулық пен дәстүрді қайтару ғой. Айжанның алтын жіптерінен тек қана әдемі заттар емес, көне замандарда тек қана таңдаулы адамдар көретін, экслюзивті көркем сурет өнері өмірге келуде. Бүгінде ҚР Тұңғыш Президенті музейінде Айжан Әбдубайттың «Тарихтың алтын жібі» деп аталатын жеке көрмесі өтуде. Тігін тарихының тереңіне үңіліп, еліміздің өткен замандағы сұлулығын көрем десеңіз мархабат.


Людмила ВЫХОДЧЕНКО

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?