Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

ҚХА 20 жылдығына дәріс-таныстырылым өтті

2135
ҚХА 20 жылдығына дәріс-таныстырылым өтті - e-history.kz
2015 жылдың 3 ақпан күні, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, дәріс-таныстырылым өткізді.

Үстіміздегі жылдың 3–5 ақпан күндері, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының Жылын және ҚР Конституциясының 20 жылдығын өткізудің Ұлттық шаралар жоспары аясында, Астана қаласының барлық жоғары оқу орындарында «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық тарихы» тақырыбында дәріс-таныстырылымын ұйымдастырады. Бірінші болып, ҚР Мемлекеттік басқару Академиясында алғашқы дәріс өтті. 

Дәріс-таныстырылым Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының салтанатты бастау алуына орайластырылған.

Дәріс мақсаты Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісім қазақстандық үлгісінің танымалдылығын арттыру, отандық этносаясатты жүргізу тетіктерімен, ҚХА құрылу тарихымен, қазіргі кезеңдегі міндеттерімен және қызметімен, конституциялық мәртебесімен таныстыру болып табылады.

Дәріс-таныстырылым үшінші ақпан күні сағат ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының (Абай көш., 33а, «көк зал») тыңдаушылары үшін шымылдығын түрді. Дәрісті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, саяси ғылымдар докторы, профессор Қуаныш Сұлтанов, «Оберег» украин этномәдени бірлестігінің жетекшісі Тамара Ширмер оқыды.

6f1824feede5227c37cb74ec78e80a6c.jpg

Бірінші болып сөз алған академия ректоры Б. Әбдірәсілов жиналғандарды Ассамблея жылымен құттықтап, дәрістің шымылдығын ашты. 

Сосын сөз алған ҚХА Төрағасының бірінші орынбасары Е. Тоғжанов 2015 жыл Ассамблея жылының, бірлік пен елдіктің жылы екенін баса айтып, Елбасы саясатының басты жетістігі деп атап өтті. Сондай-ақ биылғы жылы атап өткелі отырған Қазақ хандығының 550, Ұлы Жеңістің 70, Конституцияның 20 жылдығы секілді атаулы даталар бірлік пен татулықтың арқасында екеніне баса мән берді.

2f1244fb86a6daa127f82fac421b5bd9.jpg

Дәріске арнайы шақырылған ҚХА мүшесі, с.ғ.д., Қуаныш Сұлтанов аталған ісшараның академияда өтіп жатқаны жайдан-жай еместігін тілге тиек етіп, мұнда білім алып жатқан азаматтар үшін биылғы жылдың мән-жайын түсіндіріп, тақырыпқа сай дайындап келген дәрісін баяндай кетті. Дәріс барысында Ассамблея Елбасының идеясының арқасында дүниеге келгенін айтып, бірегей бұл ұйымның құрылу барысы жайлы да айта кетті.

Ал, бесінші ақпан күні бойы Астана қаласының он бір университетінде дәріс-таныстырылымдар өткізу жоспарланған.

Дәріс берушілер ретінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктердің басшылары және белгілі қоғам қайраткерлері ойларын білдіреді.

Аталған дәрістер Қазақстан халқы Ассамблеясының Жылы бастау алмас бұрын өткізілетін кең ауқымды, ақпараттық-түсіндіру кампаниясы болмақ. Тиісті шаралар студент жастар ортасында этносаралық келісімді, толеранттылық пен қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған.

ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Мемлекет басшысының 2014 жылдың 17 шілдесіндегі № 837 Жарлығы арқылы құрылған. Мекеменің құзырына материалдық-техникалық, ғылыми-сарапатмалық, ақпараттық және талдамалық сүйемелдеуді, этномәдени және өзге-де қоғамдық бірлестіктермен жұмысты және-де ҚХА шараларын ұйымдастыру мен өткізуді қосқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету кіреді.

«Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметі

Тел: 74-12-15, 741246, +77077051211, +77013105358 

E-mail: sluzhba.nes@mail.ru; smagulov_amangeldy@mail.ru

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?